close

You are here

08 June 20173104

Танысудағы үш жағымсыз әдет

«Сәлем, қалайсын?» - статистика бойынша, танысулардың 99.9 % осылай басталады. Әрине, осындай жалаң этикеттің артында әңгіме бастауға деген талпыныстан басқа ештеңе жоқ. Сол статистика бойынша, потенциалды гей-отбасылардың 99,9 % «жақсы, өзің?» деген жауаптан кейін ажырап кетеді. Егер біз өз-өзімізге қарым-қатынасқа түсе алмайтындығымызды мойындасақ, осы жағдай басқаша болатын еді. Дәл қазір ішіңізден немесе дауыстап былай айтыңыз: «Мен ұтымды сөйлесе алмаймын». Егер бұл сөздер дәлелді естілсе, ары қарай оқыңыз. Сіз өзіңіз хаттасып жүргендерден көре алатын және бастысы өзіңіздің бойыңыздан да табылатын үш жағымсыз әдетке тоқтала кетейік.

Дауыстаймын – ал жауабы тыныштық

Егер сіздің талғамыңызға сай келмейтін адам жазса – оған жауап беріңіз. «Сен менің талғамымда емессің» деп шындықты жазуға жарты минутыңызды бөліңіз.  Бұл қорқынышты да, ауыр да емес, бұл тек сыпайлықтың белгісі. Әрине, жауабына ол кісі сізге дөрекі сөйлеуі мүмкін(әдетте солай болады). Мысалы, «өзіңе қарап ал, ұсқынсыз. Қатты қалап тұрған жоқ едім, таңдамсынып тұрғанын қарашы». Бұл мәселенің екінші жағы, адамдар жоқ деген жауапқа дұрыс эмоционалды жауап бере алмайды. Сіз жігіттің эгосына тиіп кеттіңіз, оны түсіну керек және кешіру керек. Шындықты айтып, бас тарту керек, олай етпесеңіз сіз жауап бермейтін және тәкәппар адам ретінде белгілі боласыз. Жағдай одан да жаман болуы мүмкін. Сіз тікелей жоқ деп жауап бермегендіктен, ол сіз  «білмеймін» деді деп түсінуі мүмкін. Одан кейін сіздер клубта немесе ортақ достарыңыздың кешінде  кездесіп қалсаңыздар, ол ары қарай сізге көңіл бөлуін жалғастыруы мүмкін. Бұл жағдайда сізге жоқ деп бетке айтуға тура келеді. 

Білмеймін. Мүмкін. Солай шығар

Жоғарыда айтылғандай, егер сұхбаттас адам сізге ұнамаса, ол туралы басында айту керек. Өзіңіздің және оның уақытын үнемдеңіз. Егер керісінше ол сізге ұнаса, қалт жібермеңіз.

Жауаптарды сізден бір бірлеп, күштеп алу ешкімге ұнамасы анық, ал бір буынды қысқа жауаптар жауаптардың ең сорақысы. Сізге ғарышта жүзіп жүрген кемелер, күнжітті козинактардан керемет ештеңе жоқтығы туралы, Гарри Поттерде әлемдік философия мәні салынғаны туралы, Скарлет Йохансонның соңғы фильмінде онша емес ойнағаны туралы жазады. Ал сіз «Солай шығар»,  «иә», «Білмеймін» деп жауап бересіз. Ал сізге, бір сәт, смартфонның (компютердің) арғы жағында отырған адам толық тақырыптар палитрасын ұсынып отыр, сізбен ортақ тіл тапқысы келіп отыр, ал сіз бұны құртып отырсыз. Ерте ме кеш пе, сұхбаттас адам шаршайды, кездесуге, секске, ортақ бақытты қарттыққа үміт үзіледі.

Өтірік

Негізінде, ата-анамыз бізге бала кезден өтірік айтуға болмайтынын үйретсе де, өтірік – гей-қатынастың өзекті проблемасы. Танысу сайттарында отыратын адамдардың жылдар бойы не фотографиясын, не жасын өзгертпейтінінен бастайық. Оған жеті жыл бұрын 25 болған, профильден сол баяғы нәзік жан көрініп тұр. Әрине, ешкім сізден шын аты жөніңізді, жеке күәлігіңіздің нөмірін, мекен жайыңыз бен жұмыс орныңыз және табысыңызды орналастыруды талап етпейді. Бірақ ерте ме кеш пе белгілі болатын жайлар туралы өтірік айтпаңыз: жас, рөл, салмақ, бой және т.б. Сосын өзіңіз келеңсіз жағдайға қаласыз, және сенімнен жұрдай боласыз.

Редакциядан. Бұл тек әңгімені қиындататын немесе мүмкін емес қылатын үш аспект қана. Сізге хат алысу барысында не ұнамайды? Сол туралы пікір жазуды ұсынып отырмыз. Пікірлер анонимді және модерациядан кейін жарияланатынын (яғни дереу емес)  атап айтамыз.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: