close

You are here

Прагадағы гей-прайдта Қазақстан Конституциясынан үзінді келтірді

12 August 2017 3206

Бүгін қазақстандық ЛГБТ-белсендісі Әмір Шайкежанов Прагада (Чехия) Теңдік шеруіне қатысып, өз елінің туын көтерді. Ол сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының келесі үзіндісімен қатысқан барша қауыммен бөлісті: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. [...] кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.”

Әмір өз қатысу себебін былай түсіндірді: “Меніңше, Қазақстан мемлекет ретінде өте айқын хабарлама жөндеуде - бостандық пен бір-бірімізге деген құрметке негізделген бір елміз. Барлығымыз шыққан тегімізге қарамастан қазақстандық болып аталуымыз дұрыс, мәдени мұра мен сана-сезіміміз ортақ ұлтпыз. Қазақ хандығының негізі қаланғаннан бері, кеңестік дәуірінде халықтар күштеп қоныс аударғаннан бері, тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен бері бүгінгі күнге дейін еліміз төзімділік пен бірлікті насихаттап, келіп жатқан барлығын отбасына құшағын жайып қабылдаған. Ал бүгін, Прага қаласындағы теңдік шеруіне қатысқаным, шамамен бір жарым миллиондай ЛГБТ азаматтардың атынан ғана емес, сондай-ақ қонақжайлылықтың үлгісі болып табылатын мемлекеттің атынан сөйлеп тұрғаным; біз адамгершілік пен әділеттелікті бағалай отырып, әрбір қазақстандық үшін теңдік және толеранттылық принциптері бағытында бел шешпей жұмыс істеуге ынталанамыз.”

----------------------------------------------

Прага Теңдік шеруі (Prague Pride) 2012 жылы құрылған, ЛГБТ-азаматтардың құқықтары үшін жыл сайынғы іс-шаралар сериясы болып табылады. Prague Pride көптеген көрнекті саяси және қоғам қайраткерлердің қолдауын тапты. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша шеруге шамамен 40 000 адам қатысты.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: