close

You are here

14 May 20183324

Франция: «Неке теңдігі туралы заң қоғамдық интеграцияға үлкен серпін берді»

Бұл бес жыл бұрын 2013 жылдың 23 сәуірі күні болды. Бурбон сарайын солшыл парламент мүшелерінің «теңдік» деген ұраны жаңғыртты. Ұзақ дебаттан кейін және оңшылдардың, оның ішінде әсіресе католик шіркеуінің оппозициясына қарамастан бір жынысты азаматтарға үйленуге және бала асырауға жол ашатын заң жобасы қабылданды.  

Заң қабылданғалы бері неке теңдігі түсінігі француз санасында толығымен орнықты деп ойлайсыз ба?

Ирэн Терри: Иә, сөзсіз солай. Неке теңдігі туралы заң қоғам санасындағы гомосексуалдылыққа деген көзқарастың эволюциясына үлкен позитивті серпін берді. Бұрында гомосексуалдылық нормадан ауытқушылық немесе ауру деп қарастырылатын. Ал енді, қоғам сексуалдылықтың әр қилы болатындығын және барлығының да қоғамда өз орны бар екендігін түсінді.

Бұл заң гомосексуалды қарым-қатынастардың қоғамдағы отбасы жүйесіне және ата-ана болу түсінігіне толығымен сәйкес келе алатындығын дәлелдеді. Демек, қоғамдағы интеграцияны болдырушы маңызды факторға айналды.

2013 жылы неке теңдігі туралы заңға қарсы шығушы топтар көп болды ғой...

И.Т.: Шындығында бұл гей азаматтар үшін біршама жағымсыз парадокс болды. Оларға қоғамға толық сіңісуге мүмкіндік беретін заң ұзақ күрестен кейін қабылданған, қуанышты жыл көптеген гейлер үшін өмірлеріндегі ең ауыр жыл болды. Осыған дейін кез келген өзгерістерге қарсы шығып жүрген оңшыл, консервативті топтар (дәстүршілдер, діншілдер және т.б.) өте ұйымдасқан түрде осы заңға қарсы шықты. Тіпті, бұл заңның қабылдануы өркениеттің жойылуына алып келеді деген адамдар да болды. Бұл топтар қолданған риторика қоғамдағы гомофобияға жалын бере түсті.

Оңшылдардың жоғары дәрежелі мобилизациясының себебі неде деп ойлайсыз?

И.Т.: 2013 жылғы неке теңдігі туралы заң барлық Кітап діндеріндегі ең маңызды институттардың бірі, яғни неке институтына өзгеріс енгізгісі келді. Яғни, Франциядағы діни неке мен зайырлы некенің арасындағы ара-жік ертеде пайда болған. Яғни неке мемлекеттік, қоғамдық институтқа айналған сайын діни некеден алшақтай берді. Ал Неке теңдігі заңы неке туралы осы екі түсінікті толығымен ажыратты. Алайда, діни неке мен зайырлы неке кез келген мемлекетте қатар қолданыла береді. Яғни, уақыт өте келе, неке теңдігі некенің өзге түрлерін жойып жібермейтіндігі айқындалды.

Бұл уақытта Франция осы мәселе бойынша тең екіге бөлінді деген әңгіме көбейіп кетті. Менің ойымша, бұл қате түсінік. Азаматтардың басым көпшілігі бұл заңға қарсы болған жоқ. Тек қана оппозицияның даусы қаттырақ шыққан болса керек.

Тағы да бір мәселе, үкімет тарапынан бұл заңды түсіндіру жұмыстары өте салғырт жүргізілді. Президент те, премьер министр де бұл заң туралы парламенттік дебат басталғанға дейін бір ауыз сөз айтқан жоқ. Бұл заңның не екендігі және қандай мақсатта қабылданғалы жатқандығын біз алғаш рет объективті түрде тек Кристин Тобираның 2013 жылғы қаңтар айында Парламент алдындағы сөзінен білдік.

Белсенді оппозицияға қарамастан заңға осы күнде қарсы шығушылардың саны сиреп кетті. Бұны сіз қалай түсіндіресіз?

И.Т.: Заң енді қабылданған кезде бұл неке түсінігінің радикалды өзгерісі сияқты болып көрінді. Шындығында бұл олай емес. Буржуалы, дәстүрлі некенің басты мақсаты баланы әке және шешесі бар отбасында өсіру болған болса, некенің бұл анықтамасы өзгере бастағалы ұзақ жылдар болды.

Оның айқын мысалдарының бірі 1972 жылы қабылданған некелі және некесіз туылған балалардың құқықтарын теңгеру заңы еді. Адам құқықтарының маңызы артқан сайын, отбасылардың да әр қилы болатындығы және олардың өзара тең екендігі қоғам санасында орныға бастады. Егер біздің қоғам жалғыз басты аналарды, жетімдерді кемсітпейтіндей жағдайға жетсе, Неке теңдігінің мойындалуы заңды келесі қадам екендігі айқын емес пе?

Аудару, дереккөз: Le Mond

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: