close

You are here

06 July 20201624

Jose Xtravaganza: өнер, жанұя және шабыт

Өмірінің алғашқы секундтарынан бастап адам құқыққа ие болады. Ал маусым айы - азшылыққа жататын, өз құқықтары үшін ұзыннан ұзақ күрес жүргізіп келе жатқан LGBTQ-қоғамдастығының прайд (мақтаныш) айы деп танылады. Әсіресе прайд айын АҚШ-та және кейбір елдерде айтарлықтай тойлайды. Түрлі фестивальдар, лекциялар мен мерекелік кештер арнап барынша көрімділік орнатады. Біздің елде бұл тақырып ақырын айтылып келе жатқанымен, соңғы жылдары ашық жариялауға тұрарлық науқандар мен тематикалық шаралар орын алуда.

Бұл жылы әлем індетпен күресуде. Соған орай мен де үйде отырып түрлі онлайн шараларға қатыса бастадым. Осылайша, біздің қоғамдастықты қолдау мақсатында АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы заманауи бидің ең танымал бағыты - вогингке арналған кең ауқымды бағдарлама ұйымдастырып, қонаққа Хосе Гутьересті шақырды. Ол хореограф, атақты “Pose” сериалының қатысушысы, Madonna-ның "Vogue" бейнеклипіндегі билерді қоюға жауапты маман, сонымен қатар Xtravaganza үйінің “әкесі”, ал бидің атауы “Vogue” журналының атауымен тікелей байланысты. Бишілер подиумдағы модельдердің қозғалыстарына еліктеп, көбінесе қозғалыстар қолдың ерекше әрекеттерімен байланысты болады. Вог биі ЛГБТ-ортасында пайда болып, соның арқасында өзіндік субмәдениетке ие болды.

Онлайн кездесуде өзімді қызықтырған басты сұрақтарды қойдым. Әңгіме барысында Хосе бізді өзімен және мәдениетімен таныстыра бастады.

“Мен биші әрі хореографпын. Сіздерге вог бағытына қызығушылық қалай пайда болғанын айтып бергім келеді. Жас кезім... менде бишінің білімі, модерн биі мен балетте жеткілікті білімім болды. Сондықтан алғаш рет вогты көргенде - ол мені өте қатты шабыттандырды. Ол менің репертуарымның бір бөлігі бола бастады. Вогты көргенде өте әсерлендім, өйткені ол өзді-өзін таныту биі. Бұл биде арнайы техника қажет емес. Сондықтан ол мені туынды жасауға әрекеттендірді. Вог - ол бидің формасы емес, ол өмірдің стилі, ол өмірдің жолы.”

“Pose” сериалының фанаты болғандықтан, өз атымнан сериалдың түсірілімі жайлы айтып бергенді өтіндім.

“Бұл өте керемет бір сюрреализм болды. Мен өзімнің өткен шағыма, біздің орта бұның бәрін басынан кешірген шаққа сапар шеккендей болдым. Кейбір қойылымдарды қойған кезде, сол кез есіме түсті. Бұл ерекше сезім! Бұның бәрі алғаш рет осындай әдемі және жарқын ортаның теледидардан көрсетілуіне және де осының барлығының бір бөлігі болуына берілген мүмкіндік. Бұл арманның орындалуы! Ортаның бар қалауы - көрімділік. Өз өнері мен адам екенін көрсетті, неден өтіп жүргенін және қалайша уайымдайтынын көрсеткісі келді. Адамдарша оларды түсініп және қабылдағанын қалады. Show Pose-дың бір бөлігі болу өте керемет. Осындай мүмкіндік берілгені жақсы болды. Олар осындай адамдарды барлығы көріп білсін деп алдыңғы қатарға қойды. Өйткені, бұл шоудың жұлдыздары кәсіби актерлар емес, нағыз адамдар, қоғамдастықтың бөлігі. Адамдардың сонда болып, өз өнерін, талантын және адамгершілігін көрсетуге мүмкіндігі бар болғанына қуаныштымын. Өйткені, көбісі ЛГБТ-қоғамдастығының мүшесі болу - жаман деседі. Pose сериалы бұл адамдарды және ортаның мүшесі болу қандай екенін көрсетеді. Демек бұл шын өмірден алынған өнер. Бұның барлығы сюрреалистті және әдемі болды.”

Келесі сұрағым ЛГБТ-ортасының мүшесі, Бекзат есімді жігіттің қазіргі жанұясымен болып жатқан жағдайына байланысты қойылды.
Адамдардың ата-анасы өзді-өзін танытуын қолдамай, жыныстық бағдары мен гендерлік сәйкестілігін қабылдамайтын жағдайда қандай кеңес бересіз?

“Жанұя - өміріміздің маңызды бөлігі. Мұндайды есту өте өкінішті. Менің ойымша, қолыңыздан келетін басты нәрсе - ол “өз тайпаңызды” табуға әрекет ету. Достардан құралған өзіңіздің жанұяңызды (орта) құру. Бір-біріне көмектесу үшін қоғамдастықпен жақсы байланыс орнату. Қазір бұл үшін интернет үлкен көмек береді. Қоғамдастықпен интернет арқылы көмек пен байланысты оңай тауып, сізді түсінетін адамдардан қолдау таба аласыз. Барлығына қолдау керек. Қай жерде болсаңыз да, Қазақстан болсын, басқа да ел болсын сіз өз ортаңызды таба аласыз. Сізге отбасыңыз бере алмаған сүйіспеншілік пен қолдауды достармен қоршап таба аласыз. Яғни бұл “өз отбасын таңдау” деп аталады. Бұл сіз таңдай алатын отбасы. Қазірдің өзінде сіз достарды және қолдау жүйесін таңдай аласыз, және де мұны интернет мүмкін ете алады. Сізге көмектесе алатын бағдарламалар мен қауымдастықтарды, ұйымдарды табуға болады”, - деді Хосе.

Демек біз әрқашан өз таңдауымызды жасай аламыз. Ауыр кезеңдерде қауымдастық пен достарымыз көмекке келе алады. Бұны ашық айтуға, білдіруге еш қорықпау керек.

Мен білетін Қазақстандағы қолдау білдіре алатын ұйымдар:

Feminita Қазақстандық феминистік бастамасы

Kokteam ЛГБТ-ортасының қазақстандық ресурсы

Safe Space ЛГБТ коммьюнити орталығы

Қатысушылар Хосеге біраз сұрақ қойды. Соның ішінде Майкл Джексонмен таныстық туралы, Мадоннаның қарамағындағы жұмыс жайлы, вог биі және өнер туралы айтып берді. Сонымен қатар, Хосе және АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы әлеуметтік желілерде өз шеберліктеріңізді көрсетуге 12-ші шілдеге дейін байқау жариялады.

Бұл бір әсерлі кездесу болды. Еркін түсінігі мен ашық әңгімесі біраз шабыттандырды. Хосе Қазақстанға пандемия біткесін келіп, әлбетте жақын танысы, өнерімен бөлісуді уәде етті.

Фото Хосенің жеке инстаграм парақшасынан алынған.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: