close

You are here

Гомофобия, трансфобия және бифобияға қарсы халықаралық күнін атап өтуге арналған бірлескен мәлімдеме (IDAHOTB)

17 May 2018 4500

Бүгін біз жыл сайынғы Халықаралық гомофобия, трансфобия және бифобияға қарсы кунін атап өтудеміз. Бұл күні біз Қазақстандағы лесбиян, гей, бисексуал және трансгендерлік қауымдастықтарға қолдау көрсетеміз.

Адам құқықтары жалпыға бірдей және барлық адамдарға тең қолданылады. Біз кемсітушіліктің барлық түрлеріне толықтай қарсы тұрамыз және біз лесбиян, гей, бисексуал және трансгендер (LGBT) адамдарының құқықтары мен бостандықтарын сақтауға тырысамыз. Олар өздеріне арнайы құқықтар сұрамайды, тек кез-келген жағдайда басқа адамдар сияқты бірдей қадір-қасиетке, құрмет пен құқыққа ие болғанын қалайды. Біз 2015 жылдың қыркүйек айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында келісілген «ешкімді тыс қалдырмау» саясатын ұстанамыз.

Ең күшті, қауіпсіз және ең дамыған қоғамдар – ол барлық азаматтары зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктерден қорықпай еркін өмір сүре алатын қоғамдар. Барлық адамдар, оның ішінде ЛГБТ адамдары қоғамда толық және белсенді рөл атқара алады. Әр адамның өмірде әділ мүмкіндігі болуы керек.

Біз Қазақстан Үкіметінің, адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық ұйымдардың, отбасылардың және барлық мүдделі тараптардың кемсітушіліксіз өмірді қамтамасыз ету үшін бағытталған шараларына қолдау көрсетуге дайынбыз.

- Канада елшілігі
- Эстония елшілігі
- Финляндия елшілігі
- Франция елшілігі
- Германия елшілігі
- Греция елшілігі
- Израиль елшілігі
- Италия елшілігі
- Бельгия Корольдігінің елшілігі
- Нидерланд Корольдігінің елшілігі
- Испания елшілігі
- Швеция елшілігі
- Швейцария елшілігі
- Ұлыбритания елшілігі
- Америка Құрама Штаттарының елшілігі
- Еуропалық Одақ делегациясы

Астана, 17 мамыр 2018 жыл

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: