close

You are here

Иә, ана, мен сондаймын, қайтем енді?

05 April 2018 3625

Адамдардан өзге болып туылдым деп, өзін-өзі еш жерге орнықтыра алмай жүрген жанның жан айқайы осы өлең жолдарында берілгендей. Біздің редакция осы өлең жолдарынан дәл солай қынжылып жүрген жандар жұбаныш табар ма деген үмітпен жариялап отыр. Ал біздің айтарымыз, дүние құрақ көрпе болса, әр адамның сол құрақта өз орны бар. Құрақ көрпе қызылды-жасылды болмаса оның әсемдігі неде? Сол әсемдіктің сен де бір бөлігі екендігіңді ұмытпағайсың, қадірлі оқырман.

Мейлі ана мені бала ақылсызға, 
Балаң өмір сүреді қатынсыз да. 
Ішкі алем тартпаса əйел таман 
Балаң үшін күймеші мақұлсыз ба?!

Иә, ана, мен сондаймын, қайтем енді? 
Еркек бола сүйемін мен еркектерді! 
Сыртым еркек, ішім әйел болса неттім? 
Іштегі жылулықты төктім текке. 

Алдап келем өзімді, өзгені де 
Бір сұрақ ел-жұрттың көздерінде. 
Қашан келін аласың? осы сөздер. 
Білем, ана, сені де мезі етті. 

Мұңлы көзбен қарайсың маған қарай, 
Қарға мейлі, мен ботаңмын осындай. 
Əкем сені сүйгендей, мен сүймеймін, 
Мен сүймеймін əйелді дəл атамдай, дəл ағамдай.

Екі түрлі өмірім бар, екі денем, 
Ішкі əлем бөлінген екіге тең. 
Арпалысам ішімнен, өз-өзіммен 
Сүйем қайтем еркекті жан тəніммен.

Өзгелердей мен де сүйемін өмірді, 
Көңіл-күйім сан құбылды, сан түрлі. 
Сырт пішінім де оғаштау өзгелерге, 
Бірақ, ана, мен сүйемін бейбіт күнді.

Ойламаймын мен ешкімге жамандық, 
Тəрбие бар сен берген, адалдық. 
Мені емес сөксеңші надандарды, 
Сырт көзге жүрген жақсы адам болып.

Қалғаным жоқ шарананың обалына, 
Тигенім жоқ бойжеткеннің қамалына. 
Ала жібін аттамадым адамдардың, 
Сол үшін де надан болып қалғаным ба? 
Кешір ана, мені кешір...

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: