close

You are here

17 May 20182652

17 мамыр күнін өткізудің 10 тәсілі

Халықаралық гомофобияға, лесбофобияға, бифобияға және траснфобияға қарсы күрес күнін атап өтудің бірнеше жолы бар. Ол үшін дәл қазір қолыңа ЛГБТ жалауын алып көшеге шығудың қажеті жоқ, дегенмен бұл да - керемет идея. Енді не істеуге болады?

  1. Белсенділер ұйымдастырған іс-шараларға қатысу, мысалы, Денсаулық Жәрмеңкесі немесе Амировкаға.
  2. Әлдекімге, мысалы, әріптестеріңізге виртуалды түрдегі құттықтау ашық хатын e-mail почтасы арқылы жіберу. Фоторедактор арқылы ашық хатыңызды сәндесеңіз болады.
  3. Гей-клубқа барып құттықтау әнге тапсырыс беріңіз - туған күннен басқа да мерекелерді  атап өтуге болады. 500 теңгеге тапсырыс беріп, сонда отырған дүйім жұртқа IDAHOLBIT туралы баяндау - өте бағалы іс.
  4. Танысуға арналған сайттардағы немесе бағдарламалардағы ең алғашқы тап болған адамды құттықтаңыз. Жалпы бұл танысудың бірден-бір таптырмас жолы.
  5. ВК-дағы статусыңа жаз - жыламсыраған сөздерді рухы биік сөздермен алмастыратын уақыт жетті.
  6. Facebook-тағы аваңа рамка қой - әдетте мұндай атаулы күндері рамкалардың он шақтысы шығады: кемпірқосақ, единорог және т.б.
  7. Әлеуметтік желідегі фейк парақшаңыздан(ондайдың барын біз де білеміз))) кез-келген біреуді құттықтаңыз. Егер гомофоб біреуге тап болсаңыз, антигомофобтық сауатын ашып жаттықсаңыз болады.
  8. Ең аз дегенде Kok.team-нің мақаласын оқуға болады, мысалы, “Ескерту: бұл күрес” немесе  “Тыныштық бізді қорғамайды”. Я болмаса біздің Facebook-тағы посттарымызға лайк басыңыздар, өйткені бұл басқа қолданушылардың оқу лентасына енуге көмектеседі.
  9. Егер жәй ғана дем алғыңыз келсе, бірақ сонда да антигомофобтық көңіл-күйде қалғыңыз келсе, фильм көріңіз. Бірақ, бір өтінеріміз, “Молитва за Бобби” фильмін қарамай-ақ қойыңызшы. Оны ата-аналарыңызбен бірге көріңіз, ал өзіңіз  “Прайд” фильмін қарасаңыз болады.
  10. Алайда ең жақсысы - достарыңмен бас қосып, біздің ортақ күресіміз бен болашақ жеңістеріміз үшін бір кесе қымыздан алып қою!

Аудармашы: Азамат

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: