close

You are here

Сайт туралы

Гейлер, лезбилер, трансгендерлер және бисексуалдар өмірлері мен құқықтары - адам өмірі мен құқығы.

Осындай қарапайым ой дамыған елдерде еш күдік тудырмайды. Бірақ осындай қоғамдық және заңгерлік қолдауға ие болу үшін гейлер, лесбилер, трансгендерлер және бисексуалдар өз құқықтары мен өмірлері үшін қиыншылық пен күрес жолымен өтті.

Осы табыстыққа жетер жолдың бірінші және ең маңызды қадамы - өзін мақсаттары, мәселелері, мәдениеті мен құндылықтары бірдей біртұтас қоғамдастық болып ұғыну.

Қазақстандық гейлер, лесбилер, трансгендерлер және бисексуалдар осы жолдың басында ғана. Қиыншылықтарымызды білеміз, бізді біріктіретін мақсаттарымызды аңғарудамыз. Ортақ мәдениетіміздің болуына үмітпестпіс, алайда, ортақ құндылықтарымыздың болғаны әлі анық емес. Бізді біріктіретін тек бір мүмкіншілігіміз бар - сұхбаттасып ой бөлісу.

Kok.team - бұл жаңадан пайда болған қазақмтандық портал, оның мақсаты ЛГБТ қоғамдастығын құру. Осы қоғамдастықты тек қана гейлер, лесбилер, трансгендерлер және бисексуалдар ғана құрамайды, оның ішіне ЛГБТ тобының ата-аналары, туған-туысқандары, достары және әрбір құштар азамат, жалпы, біздің құқығымыздың адам құқығы болғанына келісетін әрбір жан кіреді.

Осы портал барлығымызды біріктіріп қоятындай пайда болды. Біздің редакциямыз осы сайттың қызық әрі пайдалы болуына барлық күшін салады.

Біз авторларды, түрлі танымал пабликтерді, беймемлекеттік және халықарылық ұйымдастықтарды, жалпы, біздің мақсаттарымызға қосылатын барлық азаматтарды қуана қарсы алып бірге қызмет көрсетуге шақырамыз.

Ізгі ниетпен, Kok.team редакциясы