Developmental Psychology журналы 2428 қыз және 2169 ұл баланы қамтыған зерттеуді жарыққа шығарды. 15 жасқа дейін балалардың ата-аналары олардың мінез-қылықтарының әр түрлі аспектілерін күнделікке түсіріп отырады. Балалар 15 жасқа жеткенде зерттеушілер қандай да бір заңдылықтарды анықтау үшін оларға бірқатар сұрақтар қояды. Нәтижесінде, мектепке дейінгі жастағы балалардың ойын түрлері мен олардың сексуалдығының арасында тікелей байланыстың бар екендігі анықталды.
Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, 3,5 және 4,75 жастағы балалардың ойынындағы гендерлік стереотиптерге сәйкестік 15 жастағы гетеросексуалдылықпен тікелей корреляцияға түседі. Керісінше, өзінің толық немесе салыстырмалы гомосексуалдылығын хабарлаған жасөспірімдер мектепке дейінгі жаста өз мінезінде гендерлік нейтралдылықты (бейтараптықты) жиірек көрсеткен.
Бұл зерттеуден белгілі жыныстық тұлғалықты зерттеуші Саймон Левэй (Simon LeVay) сексуалдылықтың бағдары және оның себептері тұлғаның жасөспірімдік тәжірибесіне байланысты емес, дамудың одан ертерек кезеңдерінде анықталатын болуы тиіс деген тұжырымға келген.
Сіздің өз балалық шағыңыздағы ойындарыңыз есіңізде ме? Сіздің тәжірибеңіз Кэмбридж университетінің зерттеулері нәтижесіне сәйкес келе ме? Өз жауаптарыңызды төмендегі комментарийлерде жазуыңызға болады.
Дереккөз: N+1
Аудармашы: Заман Үні
Лотос
Бала кезимде қуыршақпен көп ойнайтынмын. Сосын мама папа болып та ойнайтынбыз. Ал доп немесе асық сияқты заттарға мүлдем әуес болған емеспін. Көбінесе қыз балаларды заттарына әуес болып өстім. Ал қазір мен осы көгілдірлер әлемінің мүшесімін.
Наз
Бала кезімде қуыршақпен ойнамайтынмын. Маған ол қызықсыз болатын. Мені қызықтыратын доп, жұмсақ ойыншықтар, құмдағы ойындар, əткеншек тебу және қуалақ, тығылмақ, көзжұмбақ, жарыстар, мектеп ойындары. Бала кезімде қыздарды сезе бастадым. Папа болып ойнағым келетін. Ішімнен ұл болуды армандайтынмын. Бірақ əлі күнге дейін мен нәзік қызбын. Сыртымнан білінбейді. Ұлдарға деген ғашықтық 16 жаста сезіле бастады. Қазір мен 25-темін. Бисексуал қызбын. Ерлерді де қыздарды да ұнатамын. Қыздармен сүйісіп, қатынас орнатып көргем. Ал ерлерді жақын тартпаймын. Сенбеймін оларға. Менің ойымша, мен əкесіз өскендіктен сондай жағдайға түстім. Отбасым жақсы. Оларды жақсы көрем. Бірақ əкем туралы тек жаман нәрселер еститінмін.