close

You are here

27 February 20174160

Open Asia online: Біз бармыз! Қазақстандағы ЛГБТ-жасөспірімдер

Орта бойлы, сүйкімді бойжеткен кездесуге келісті. Таныстық. Настасьямын деді. Жасы он тоғызда, колледжде мұғалімнің оқуын оқиды, бисексуал екен. Дәлірек айтқанда – пансексуал, яғни, қыздарды да, жігіттерді де ұнатады, тартымды адамды жынысына қарамай қалай береді…

Аз ғана ғұмырында басынан өткеннің бәрін Настасья бір сағаттай әңгімеледі. Қазақстанда ЛГБТ-жасөспірімдер бар. Олар күнделікті көшеде бізбен қатар жүреді, автобуста жанымызда отырады. Бірақ, біз оларды байқамаймыз. Олар екіжүзді тірлік кешуге мәжбүр: бір бейнесі – қоғамға арналады, енді біреуі – шынайы бейнесі – өзіне ғана, құпия. «Открытая Азия» осындай жасөспірімдердің басынан өткен оқиғаларын тыңдап, байқамай шынайы бейнесін ашып алғандардың өмірі қандай болатынын білді.

– Аңғалдығым ғой, көңілімдегі уайымымды, қыздарды ұнататынымды анама айтып қойдым. Анам жақтырмады. Ол маған Интернетке шығуға, ол қыздың атын атауға тыйым салды, оның суреттерінің бәрін, оны еске салатын нәрселердің бәрін бөлмемнен шығартып, лақтырып жіберді. Үнемі «Настя, бұл дұрыс емес! Құдай-ау, мен немере сүйгім келеді!» деп айта береді. Мен табиғатымнан ашық-жарқын адаммын. Содан болар, бәрін достарыма айтып бердім. Сөйтіп, мектептегі үлкен-кішінің бәріне сырым ашылып қалды.

Осыдан кейін Настя ары қарайғы өмірі қалай тозаққа айналғанын еске алды.

– Ашық жақтырмау, ашу… Асханада үлкен сыныптың балалары санымнан алақанымен салып қалып, «жігіттер жақсырақ қой, білесің бе?» дейтін…

Осының бәрі Настяның жанын жаралайтын. Үйдегі жағдай бұдан да жаман еді.

– Содан соң өгей әкем біліп қойды. Ол маған үйге келуге тыйым салды. Жарты жылдай достарымның үйінде тұрдым… - Настя осының бәрін айтып отырғанда, сол кезде жасы нешеде екенін қайталап сұрай бергің келеді. Ол кезде жасы он алтыда болған екен. – Анам қорқатын, не істерін білмейтін. Өзіңіз ойлаңызшы, 10-15 жыл бойы шыдам, төзіммен құрып келген отбасың көз алдыңда шашылайын деп тұрса… Мен достарымның үйінде тұрғанымда, анам бір шешімге келе алмай қиналды. Анам екі қызының бірін таңдауға мәжбүр болды. Сөйтіп, екеуміз өгей әкем мен сіңлімнен бөлініп, көшіп кеттік. Анам сіңліммен араласып, кездесіп тұрады. Бірақ, екі оттың ортасында қалып, таңдау жасауға мәжбүр болғаны анық. Әрине, мені таңдағаны жаныма жақты. Анам менен бас тартса, жағдайым мүлде жаман болар еді.

Мектепті үш жыл бұрын тәмамдадым. Ол ауданнан баяғыда көшіп кеттім. Өзімнен алты жас кіші сіңлім әлі сонда тұрады. Менің сыныптастарым 10-11 сыныпты аяқтайтын жылы ол мектепте оқитын, әрине, өсектің бәрі құлағына жетті ғой. Әпкең дұрыс емес теп, оны да біраз қудалаған сияқты. Өгей әкем сіңліммен араласуыма үзілді-кесілді қарсы, оны маған қарсы қояды. Жасың он екіде болса, көз алдыңда әкең болса, кімнің тілін аласың? Сондықтан да ол маған тіпті адам екен деп қарамайды.

Қазір Настасья колледжде, мұғалімнің оқуын оқып жүр. Мұнда да жұрттың оған деген қатынасы осындай – әжуа, мазақ, намысына тиетін қалжың, жек көру, кемсіту…

– Бір мұғалім мен құрбыммен құшақтасқанымды көріп, «Анастасия, ориентацияңыз дұрыс па өзі?» деді. Содан кейін де, осы тақырыпты айналсоқтап, «Анастасия, оринтацияңызды жоғалтып алған жоқсыз ба?» деп әжуалап жүрді. Ал Анастасия болса, оған қарап, не дерін білмей қиналады – бір жағынан қараса, ересек адам, қалжыңдап тұрғаны да бар, әйтсе де, бұл күлкілі ме екен?

Настасья бір отбасының баласын бағып нан тауып жүр. Үй иесі өзгенің өміріне араласпайтын адам болып шығып, жолы болды. Ал жалпы, Настасья мұғалім болғысы келмейді. Бұл елде емес дейді. Өзінің айтуынша, қазақстандық білім жүйесінде, жалпы қоғамда адам тұлға ретінде қабылданбайды.

Әлдебір сырыңды жасырып өмір сүру деген қандай екенін елестете аласыз ба? Өте ауыр. Әсіресе, өміріңнің үлкен бөлшегіне қатысты сыр болса…

– Біздің қоғамда гетеросексуал маскасын киіп жүрген оңайырақ. Бірақ, олай болғаны дұрыс па? Мен бір жерге жұмысқа келіп, «Сәламатсыз ба, мен пластилиннен мүсін жасағанды ұнатамын!» десем, «О, жақсы екен!» деген жауап естимін. Ал енді «Сәламатсыз ба, мен қызбен… кездесемін» десем ше? Қандай жауап естимін? Бұл сұмдық қой. Ол да менің миымның бір ерекшелігі, менің өмірге деген көзқарасым сондай. Нейробиологияға тереңдеп қарайтын болсақ, дүиенің бәрі адамның миында жүретінін көреміз. Мұнда бір қорқынышты ештеңе жоқ, бұл – бар болғаны адамның бір нұсқасы ғана.

Осы оқиғаның бәрінен кейін бойжеткен теорияны біраз зерттеп, адамның оринтациясы неге байланысты екенін, ер адамды немесе қызды ұнатуға мидың қандай ерекшеліктері, қандай әлеуметтік жағдайлар себеп болатынын түсіне бастады. Енді қазір осыған ұқсас жағдайға тап болған кез келген адамға қол ұшын созуға әзір. Қазір. Ал өзінің «бөлектігінен» онсыз да зардап шегіп, бойындағы өзгерістердің сырын түсінбей, бар дүние өзін-өзі өлтіруге де ойы кеткен. Тек, ол ойынан тез қайтты: гейлар мен лесбианкалар – ұрмаққа жақсы адамдар екенін түсіндім дейді.

– Пидорас дейтін біз емес, сондай жасауыма болады деп ойлайтындар. Маркстік теорияда адамның ойындағының бәрін мемлекет таңады делінеді. Ол адамдар – мысалы, менің сыныптастарым, - мені өздері жаман адам, не ызалы, ашулы болғаны үшін қорлаған жоқ. Мұның бәрі мемлекеттің оларға таңып берген, туғаннан санасына сіңірген стереотиптерінің кесірі: әйелдер әлсіз, еркектер мықты, әйел еркектің етегінен ұстауы керек деген сияқты стереотиптер. Ал, маркстік теорияда мұның бәрін мемлекет адамдардың назарын күрделі мәселелерге аударуына мүмкіндік бермеу үшін таңады делінгген.

Ресейдегі сияқты. Онда «ЛГБТ – адам емес! Олардың көзін құрту керек!» деген ұран бар. Жұрт дүрлігіп сондайларды жерден алып, жерге салғанына мәз. Ал салық мөлшері тым жоғары, зейнетақы төмен, жолдары жаман екенін ұмытып кетеді. Күрделі мәселелерге мойын бұрғызбай, осындай даурықпамен алдандырып отыр. Ең жаманы – ЛГБТ-жасөспірімдер, ЛГБТ-адамдар, біз осының бәрінен – әлдекімдер өз жұмысын тиянақты орындай алмағаны салдарынан зардап шегіп отырмыз.

Ал Қазақстанда, тіпті мұндай фильмнің шығуы мүмкін емес шығар. Республикадағы гомофобияның кқрінісі мүлде бөлек. Настасья да, басқа кейіпкерлеріміз де соны айтты. Қоғамды ЛГБТ-жасөспірімдердің бар екенін мойындатуға деген жалғыз талпыныс – «Бункер» арт-панасында өткен «Өзіңмен-өзің болу» атты көрме болатын. Оны Эбби Хоффман қоры өткізген.

 

– Фотожобаның өзін мәскеулік фотограф Мария Гельман жүзеге асырды. Ол бетін жасырған жасөспірімдерді суретке түсіріп, олардың оқиғасын жазып алған, - дейді қордың белсендісі Арина Осиновская. – Презентация Мәскеуде өткенде, гомофобтардың сынына ұшырады. Содан кейін Алматыда өткізуді ұйғардық. Алдымен суреттер мен оқиға жазбаларын қағазға басып, қалада іліп тастадық. Содан кейін, бір аптадан соң қала тұрғындарының осы суреттерге деген көзқарасын, пікірін жинадық. Тіпті, бізге шабуыл жасап, материалдарымызды тартып алмақ болғандар да кездесті. Оның видеосы да бар. Соның бәрін көрмеде көрсеттік.

Көрме 2015 жылғы 17 мамырда – Гомофобияға қарсылық күні ашылды. Содан кейін, 11 қазанда – адамдар өзінің сексуал ориентациясы мен қай гендерге жататынын ашық мойындайтын күні көрсетілді. Фоттосуреттерге қарасақ, зал толы болған сияқты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеден кейін жұрт келіп, алғыс айтқан.

– Қала тұрғындарының гомофобиялық пікірлері бұл мәселе қоғамда өзекті болып тұрғанын көрсетті. Және оны жылы жауып қоя салудың арты жақсы болмайды, - дейді Арина Осиновская. – Оның үстіне, көрмеге келген адам саны да осындай жобаларға зәру екенімізді көрсетті – аудитория өзгелердің суретін көріп, өзгелердің басынан өткен оқиғаларды оқып, олардан өзін танығысы келеді. Өзгелерге жасалған қысым, көрсетілген қорлықты өз басындағы жағдаймен салыстырғысы келеді. Одан бөлек, оларға өзімен-өзі болудан қорықпай, басындағы жағдайды ашық айта алатын орын керек екен. ЛГБТ-жасөспірімдер қоғамдағы ең әлжуаз, осал, елеусіз топтардың бірі болып келеді. Олардың басындағы қиындыққа ешкім бас қатырмайды, тіпті, олардың бар екенін байқағысы келмейді. Олар да үн шығарғысы, өзгелерге естіртіп басындағы жағдайды айтқысы келеді. Біздің көрме – оларға көрсеткен азаматтық қолдауымыз.


Даниилдің бала кезі басқалардыкіндей-ақ болған. Ата-анасы ішкілікке салынып, әжесінің қолында тәрбиеленгені ғана болмаса. Бірақ, кейін келе әке-шешесі ақылға келіп, бәрі жақсы болып кеткен. Бала 13 жасқа толғанға дейін.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығы жүргізген зерттаулер нәтижесіне сүйенсек, Қазақстанда жыныстық қатынасқа түсетін орташа жас – ұлдарда да, қыздарда да – 14-15 жас екен.

Ал психологтардың айтуынша, адам 13 жасында басқа адамға тартыла бастайды. Ол қарсы жыныстағыларға тартыла ма, өз жыныстастарын ұната ма – сол кезде белгілі болады. ЛГБТ-жасөспірімдердің айтуынша, осы тартылысты игеруге баланың шамасы келмейді. Бала кезде көршінің қызын қалай ұнатса, көрші баланы да солай ұнатып қалу ғажап емес. Ата-анасы «әлі бала ғой!» дегенімен, өзгені қалау сезімі осы жаста қалыптаса бастайды.

Даниил да 13 жасқа келгенде қыздарды мүлде ұнатпайтынын, ұлдарға қарағысы келетінін байқады.

– Бұл туралы бір дос қызыма айттым. Ол мұның бәрі балалық, аңғалдық, ешқандай маңызы жоқ деді. Сөйтіп, екі жігіт қатысатын ересектерге арналған фильм көруге кеңес берді. «Соны көріп, қозып кетсең – онда шынымен сондай болғаның» деді. Қызықтым, көрдім, қоздым… - деп мойындады Даниил.

Ересек біреумен ақылдасудан қорқатын. Басындағы жағдайдың мәнін түсіндіріп беретін ешкімді таппай, интернеттен іздей бастады. Сондағы тапқаны:

– Интернет арқылы бір жігітпен «кездесе» бастадым. Мәскеулік еді. Ол кезде жасы жиырма бірде, мен он үштемін. Заң тұрғысынан дұрыс емес екенін түсінетінмін. Алайда, жас айырмашылығы махаббатқа кедергі болады деп есептеген емеспін. Біз жүздескен жоқпыз, дауысын да естімегем - тек суреттерін қарай бердім. Интернетте сағаттап, тәуліктеп отыратын едім. Бұл жазда, сегізінші сыныптың алдындағы каникулда болды. Ол жігіт ренжіп, «отбасылық жағдайы» деген жолды ауыстырмайсың, менмен бірге екеніңді жасырасың, менің суреттерімді жарияламайсың деп ренжи бастады. Мен жариялай бастадым. Бала едім ғой, арты не боларын аңдамадым. Оның бәрін сыныптастарым көріп, бүкіл мектепке жайды. Үлкен-кішінің бәрі білді. Әлеуметтік желіде «Фу, пидорас! Сендейлер қалай жер басып жүреді екен! Сендейлерді өртеу керек! Осыдан тауып алайын – өлтірем!» деген қоқан-лоққы, айбат көрсеткен хаттар келе бастады.

Бірінші қыркүйекте Даниил мектепке баруға қорықты. Алғашқы қоңырауда өзіне адал сыныптастарының арқасына тығылып тұрды. Ол күні мектепте таяқ жеген жоқ. Алдағы бір-екі айда да тек сыртынан күліп, келемеждегеннен арыға ешкім бармады. Өміріндегі осы бір кезеңді «әйтеуір тәуір» деп атайды өзі. Үйдегі жағдай қиынырақ еді.

– Қыркүйекте жақындарым біліп қойды – білегім тырналған еді. Тамырымды кескен жоқпын, тек сол жігіттің назарын аудару үшін білегімді тырнадым. Алдымен ағам көрді, әңгіме бастады, бәрі Интернеттің кесірінен деп, ВКонтактедағы аккаунтыма кіріп көруді сұрады. Сол күні жеген таяғымның салдарын әлі тартып келемін, - деді Даниил тұтыға. – Сұрақ қояды – жауап бермесем – ұрады. Сұрақ қояды – жауап жоқ – ұрады. Осылайша ұзақ жалғасты. Содан кейін ВКдағы аккаунтыма кірді. Суреттерді көрді. Жігіттерді ұнатасың ба деп сұрады. Ұнатамын дедім. Қыздар туралы сұрады, қорыққанымнан қыздар да ұнайды дедім. Ашуланды. ВКдағы аккаунтыңды өшір деді. Өшірдім. Маған Интернетке кіруге тыйым салынды. Компьютерге мүлде жолауға болмайтын еді. Сырт әлеммен байланысымды үзіп тастады десе де болады.

Үй-іші Даниилді қатаң бақылауға алды – мектепте сабақтан соң жүріп қалу, көшеде қыдыру, біреумен достасуға тыйым салынды.

– Сонда да Интернетте отыратын едім, жасырын, көшедегі Wi-Fi арқылы кіріп, сабақтан қалып, сол жігітпен сөйлесіп жүрдім. Бір күні шешем «менің есімім+сол жігіттің есімі = махаббат» деген суреттерді тауып алды. Анам «Жұрттың бетіне қалай қараймыз?» деді. Менің бақытымды ойлаған жоқ. Бар ойы – жұрт біз туралы не дейтінінде болды. «Доғармасаң – сенен бас тартам!» деді. Бала үшін, әсіресе, осындай жаста мұндайды есту әсіресе қиын. Сол кезден бастам бәріне бей-жай қалдым. Тіл алмайтын, үйде ештеңе істемейтін болдым.

Даниилдің дауысы дірілдесе де, әңгімесін тоқтатпады.

– Күзде Мәскеудегі жігітім опасыздық жасады. Қатты күйзелдім, депрессияға түстім. Ал жаңа жылдың алдында алматылық бір жігіттен хат келді. Жасым он тоғызда деген, сөйтсем, жиырма бірде екен. Кездестік, әңгімелесіп, қыдырдық. Алтыншы күні төсектес болдық. Қыстың аязды күні болатын, әңгіме айтайық деп пәтеріне шақырды. Жаспын, аңғалмын. Жаттық. Әрине, өзім қаламасам, итеріп тастар едім. Санамның астарында қалаған болып тұрмын ғой. Оның үстіне, алдыңғы жігітімнен өш алған түрім...

Бұл жігітпен де он үш жасар баланың жаны жарасып кетпеді. Тағы депрессия:

– Өз-өзімді өлтірмек болдым. Шатырдан секіргім де келді – достарым сүйреп әкетіп жүрді. Іштім. Мен үшін уайымдайтын достарым, құрбыларым ішуге тыйым салатын.

Осы тұсқа келгенде Даниил жылап жіберді.

– Өткір, үшкір нәрсенің бәрін – қайшы, пышақ, ұстараны тығып тастайтын. (молчит, плачет) Кейін қолдан қолға өтіп кеттім. Депрессияға түстім, тек төсек қатынасынан ғана жұбаныш таптым. Біреумен танысам, еріп барам, жатам, танысам, барам, жатам. Құрдастарыммен байланысым болған жоқ. Жиырмадан асқан жігіттермен ғана. Жас бозбалаларға қызықпаймын. Олар тым тәжірибесіз. Әйтпесе, олармен сөйлесетін де дым жоқ. Өз жасымнан алғыр шығармын. Он үш пен он бес жас арасында қолдан қолға өтіп жүрдім. Сөйтіп атым шықты. – Ал жиырмадан асқан жігіттерің заңды бұзып жүргенін біле ме? – Шын айтса, оған түкіргені бар. Бастысы – бала беріп тұр. Одан басқа не керек?

Күн сайын сабаққа бара жатқанда, сабақтан шыққанда торуылдайтын балалардан жасырынып жүріп, мектепті әупірімдеп әрең бітірді. Бір колледжге түсті, басқасына ауысты. Қайда болса да, ерте ме, кеш пе, ориентациясы туралы сұрақ алдынан шығатын. Колледжден тыс біреулермен достаспақ болып еді, олар мұның «анандай» екенін біліп қойды. Ұрып-соғып, «есептеуішке қойды». Ақшаны беріп құтылды. Қажет соманы жинауға «өзі сияқты» бір досы көмектесті.

Қазір Даниил он алтыда. Қыздармен де төсектес болып көрген. Одан ештеңе өзгерген жоқ. Үш айдан бері 26 жастағы жігітпен кездесіп жүр. Өзі қатарлы серіктес табу қиын дейді.

Ал ата-анасы ажырасып кетті. Даниил әкесінің қасында қалды. Әкесі артық сұрақпен жанын жемейді – барына көнген. Анасымен де араласып тұрады, тек сырын айтпайды.

Мектепті үш жыл бұрын тәмамдадым. Ол ауданнан баяғыда көшіп кеттім. Өзімнен алты жас кіші сіңлім әлі сонда тұрады. Менің сыныптастарым 10-11 сыныпты аяқтайтын жылы ол мектепте оқитын, әрине, өсектің бәрі құлағына жетті ғой. Әпкең дұрыс емес теп, оны да біраз қудалаған сияқты. Өгей әкем сіңліммен араласуыма үзілді-кесілді қарсы, оны маған қарсы қояды. Жасың он екіде болса, көз алдыңда әкең болса, кімнің тілін аласың? Сондықтан да ол маған тіпті адам екен деп қарамайды.
Не жағдай болса да, балаңызға одан бас тартам деп айтпаңыз. Анам маған солай дегенде – қатты қиналдым. Анам мені ойланар деп айтқан шығар. Бірақ, бала бәрін басқаша түсінеді ғой. Ол ондай «әзілді» ұқпайды. Шын көреді. Сосын ештеңеге – оқуға, туыстарына, достарына, қызғушылықтарына – құлықсыз болып қалады. Тек сыныпта қалдырмаса екен деп сабаққа барады, ал шын мәнінде оған түк те керек болмайды. Менде солай болды. Балалар үшін, әсіресе, жасөспірімдер үшін ата-ананың маңызы зор.

Алайда, Қазақстанда ЛГБТ-жасөспірімдерді ата-анасының өзі қабылдауға дайын емес сияқты. Мұндай жастарға қолдау көрсететін қоғамдық институттар керек екенін айтудың өзі артық.

– Жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетуге арналған телефондар бар, алайда, ЛГБТ-қауымдастығындағыларға қолдау көрсететін телефон желісі жоқ, - дейді Эбби Хоффман қорының белсендісі Арина Осиновская. – Айналасындағы гомофобтардың қорлығынан шаршаған жасөспірім телефон соқса, желінің арғы басындағылар оны түсіне ме, түсінбей ме… Бізде ЛГБТ-қауымдастығының мәселелерімен айналысатын ұйымдар аз, оның үстіне, қауіпсіздік мақсатында байланыс деректерін жасырын ұстайды. Сондықтан да, балалар басындағы жағдаймен жалғыз қалады. Біреу біліп қойып, жұртқа жайып жібере ме деген үрей де бар. Олай болса, таяқ жейтіні анық.

«Открытая Азия» шын мәнінде ЛГБТ-жасөспірімдерге көмек көрсете алатын ұйымдарды іздеп табуға тырысты. Алайда, Қазақстанда ондай ұйым шынымен жоқ болып шықты.

Қазақстанның кез келген қаласынан 150 номеріне хабарласуға болады. Бұл балалар мен жастарға арналған ортақ номер. Бұл шұғыл желідегі мамандар ЛГБТ мәселелеріне маманданбаған болса да, ондағылар мұқият тыңдап, сөгіс айтпай, қолдау көрсетеді деп сенуге болады.

Іздеу нәтижесінде, осындай жағдайға тап болғандар үміт артуына болатын тағы бір орынды таптық – «Жастар денсаулығы орталығы» жобасы. Оны Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығы енгізген. Ол 15 жастан 29 жасқа дейінгілерге арналған, Қазақстанның әр өңірінде бірнешеуден, барлығы 97 – қалалық емханаларда орналасқан.

– Учаскелік гинеколог дәрігерге 15 жасар қыз бала келіп, секске қатысты мәселесін айта ма? Не болмаса, уролог дәрігерге бозбала жігіт келіп, жыныс жүйесінде мәселе бар екенін айта ма? Өз еркімен ешқашан келмейді, - деп түсіндірді жобаның концепциясын «Салауатты отбасы» бөлімінің меңгерушісі Клара Медеубаева. – Орталықтар мына ұстанымдар бойынша жұмыс істейді: еркіндік – жастар онда өз еркімен баруы керек; қолжетімділік – оларға әр кезде есік ашық болуы тиіс; мейірімділік – онда ашық-жарқын адамдар отыруы керек және сенім – жастар онда ешкім сөгіс айтып, сырын жаймайтынына сенімді болуы тиіс. Онда акушер-гинеколог, дерматовенеролог, уролог дәрігерлер, заңгерлер мен психологтар қабылдайды. Емдемейді, есепке алмайды, тек кеңес беріп, ақыл айтады.

Жастар денсаулығы орталықтары емханаларда орналасқан, бірақ, кірер есігі бөлек. Яғни, өзгелермен араласпай кіріп-шығуға болады. Әйтпесе, айталық, 15 жасар бойжеткен гинекологқа барса, онда кезекте көршілері, ата-анасының таныстары отыруы мүмкін. Енді сол қыз таныс бір әжені кездестіріп қалса? «Қайда барасың? Қай дәрігерге? Қой, оған барма, жүр мен сені таныс дәрігерге ертіп апарайын» десе ше? Содан кейін қыздың анасын кездестіріп қалып, «қызыңды көрдім, гинекологқа барып жүр» дейтіні анық. Ал қыздың шешесі қызым дәрігерге не үшін барды деп ойлана бастайды. Жария болмауы керек.

Клара Құбашқызының айтуынша, жастар денсаулығы орталығының мамандары онда барған жасөспірім кім, қайда оқиды, ата-анасы кім, қайда жұмыс істейтінін сұрамайды. Сұрауға қақысы жоқ. Ал балалар шын аты-жөнін атамауға құқылы.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының мәліметтеріне сәйкес, 2015-2016 жылдары бұл орталықтарға 643 670 адам жүгінген.

– Ал ЛГБТ-жасөспірімдер бара ма? – деп сұрадық Клара Құбашқызынан.

– Ол туралы білмейміз. Бармайтын шығар. Ал бала қалса, оларға міндетті түрде көмек беріледі.

Ал әзірге жастар басындағы жағдаймен өздері күресіп келеді. Біреуінің қолынан келеді, біреуі – жеңіледі.


– 9-сынып оқып жүргенімде, 8-сыныпта Артем деген бала болды. Оның гей екенін білетінмін. Жақын араластық. Өз бойымдағы сол ерекшелікпен күресіп жүрсем де, онымен дос болдым. Бір күні әпкесі келіп, «Артем терезеден секіріп кетті» деп жылады. Сөйтсе, ол ата-анасына ұлдарды ұнататынын айтқан екен. Таяқ жеген, сөз естіген. Ал ертесі күні, үй-іші жұмысқа кеткенде, терезеден секірген. Бесінші қабаттан. Мен таныған жарқын адамдардың бірі еді. Үнемі жайраңдап жүретін. Ешкіммен ұрсысып, боқтық айтқанын естіген емеспін. Не болса да, басын иіп тұратын. Мектепте үлкен сыныптың балаларынан таяқ жеді, қорлық көрді. Ата-анасынан қамқорлық іздеп, олар қорғайды деп ойласа керек, ал олар болса одан бетер қысым көрсетті. Әлі есімде, оны жерлеген кезде анасы табытын құшақтап жылаған… Ал әпкесі ата-анасына оларды ешқашан кешірмейтінін айтты, - бұл оқиғаны 19 жастағы Марат айтып берді.

– Ал мен жігіттерді қалайтынымды, қыздарды тіпті ұнатпайтынымды түсіндім. Білесіз бе, әйелдің сұлулығын көре аламын, бірақ, ол сұлулықпен төсектес болғым келмейді. Мен әлдеқандай күшті қаладым, еркекті қаладым. Оның дұрыс емес екенін түсініп, дінге бет бұрдым. Екі жарым жыл бойымдағы сол қалаумен күрестім. Дұға еттім. «Әжем не дейді? Әпкем не дейді?» деп ойлаумен болдым. Қиналдым, өзіме «болмайды, болмайды» деп айтумен болдым. Жанымның жарасы еді. Өзімді олардан аластадым, ешкіммен араласпауға тырыстым, - осы сөздерден кейін Марат ұзақ үнсіз отырды.

Бір мүмкіндік туғанда Алматыға көшіп келеді. 16 жаста еді. Достарының, таныстарының үйін паналап жүріп, табыс тауып, бөлме жалдайды.

– Әлдеқандай еркіндікті қаладым. Ата-анасынан тезірек қашып кеткісі келетін балалар сияқты емес. Мен бұдан әрі жасырынып, қорқып өмір сүргім келмеді. Ең қорқыныштысы – үрей еді. Біреу біліп қойса, түсінбейді-ау, бүкіл өмірімен таңба болады-ау деген үрей еді. Шағын қалада тұратын едім ғой. Ал Алматыда еркіндікті сезіндім. Осындай жалғыз мен ғана емес екенімді сезіндім, енді сезімдерімді жасырмай өмір сүремін. Жігіттермен таныстым. Қасыңдағы адамды сүйіп алудан қорықпай, бір жаққа бірге барудан қорықпай өмір сүру деген – нағыз еркіндік сезімі осы.

Осы еркіндікке мастанған Марат бір күні үйіне қоңырау шалып, «Әже, мен геймін!» демей ме. Жаңалықты бір қорытып алған әжесі «түзелмейінше үйге келме, ал түзелмесең – мүлде келме» деп кесіп айтады. Ағасы әлі күнге дейін қарғыс жаудырып, мұндай адамдарға жер бетінде орын жоқ деп айтумен келеді. Әпкесінің шаруасы жоқ.

Сөйтіп ол 16 жасында бөтен қалада, басындағы жағдайымен оңаша қалды. Есірген көңіл су сепкендей басылды.

– Бір жерде жұмс істеп жүргенімде, қандай екенім түрімнен көріне ме, әйтеуір, әріптестерім менімен араласқысы келмей, тіпті амандаспайтын да. Ақыры бастық бәрімізді жинап алып «Сәл сыпайырақ болсаңдаршы!» деді.
– Ал қазір, түрлі-түсті шашыңмен қалада қалай жүресің?
– Осыдан біраз бұрын ғой, көшеде келе жатсам, бір жігіттер маған ысқырып, «пидор» деп айғай салды. Білесіз бе, етім өліп кетіпті… Қорықпаймын, саусағымды шығарып, «өзің сондайсың» деп, өтіп кете беремін.
– Олар сені қуа жөнелсе ше?
– Қаша жөнелемін.
Таяқты да жеудей-ақ жеді. Шағын кафеге жұмысқа тұрғанында Марат 17 жаста еді. Таныстарының бірі қысастықпен бастығына қызметкерінің өміріндегі көлеңкелі тұсын жеткізіпті. Ересек адам қол жұмсап, жігітті жұмыстан шығарып жіберді. Марат Астанаға көшті. Барғанына бір-екі күн болмай-ақ, кіреберісте аңдып тұрған бес жігіт ауыздарына келгенін айтып, рахаттанып тұрып тепкілеп кетеді. Содан кейін Марат ауруханада ұзақ жатты. Мәскеуде такси жүргізуші сабап кеткен. Бір жерде тағы біреу…
– Бір жерде жұмс істеп жүргенімде, қандай екенім түрімнен көріне ме, әйтеуір, әріптестерім менімен араласқысы келмей, тіпті амандаспайтын да. Ақыры бастық бәрімізді жинап алып «Сәл сыпайырақ болсаңдаршы!» деді.
– Ал қазір, түрлі-түсті шашыңмен қалада қалай жүресің?
– Осыдан біраз бұрын ғой, көшеде келе жатсам, бір жігіттер маған ысқырып, «пидор» деп айғай салды. Білесіз бе, етім өліп кетіпті… Қорықпаймын, саусағымды шығарып, «өзің сондайсың» деп, өтіп кете беремін.
– Олар сені қуа жөнелсе ше?
– Қаша жөнелемін.
Таяқты да жеудей-ақ жеді. Шағын кафеге жұмысқа тұрғанында Марат 17 жаста еді. Таныстарының бірі қысастықпен бастығына қызметкерінің өміріндегі көлеңкелі тұсын жеткізіпті. Ересек адам қол жұмсап, жігітті жұмыстан шығарып жіберді. Марат Астанаға көшті. Барғанына бір-екі күн болмай-ақ, кіреберісте аңдып тұрған бес жігіт ауыздарына келгенін айтып, рахаттанып тұрып тепкілеп кетеді. Содан кейін Марат

– Бір жерде жұмс істеп жүргенімде, қандай екенім түрімнен көріне ме, әйтеуір, әріптестерім менімен араласқысы келмей, тіпті амандаспайтын да. Ақыры бастық бәрімізді жинап алып «Сәл сыпайырақ болсаңдаршы!» деді.
– Ал қазір, түрлі-түсті шашыңмен қалада қалай жүресің?
– Осыдан біраз бұрын ғой, көшеде келе жатсам, бір жігіттер маған ысқырып, «пидор» деп айғай салды. Білесіз бе, етім өліп кетіпті… Қорықпаймын, саусағымды шығарып, «өзің сондайсың» деп, өтіп кете беремін.
– Олар сені қуа жөнелсе ше?
– Қаша жөнелемін.
Таяқты да жеудей-ақ жеді. Шағын кафеге жұмысқа тұрғанында Марат 17 жаста еді. Таныстарының бірі қысастықпен бастығына қызметкерінің өміріндегі көлеңкелі тұсын жеткізіпті. Ересек адам қол жұмсап, жігітті жұмыстан шығарып жіберді. Марат Астанаға көшті. Барғанына бір-екі күн болмай-ақ, кіреберісте аңдып тұрған бес жігіт ауыздарына келгенін айтып, рахаттанып тұрып тепкілеп кетеді. Содан кейін Марат ауруханада ұзақ жатты. Мәскеуде такси жүргізуші сабап кеткен. Бір жерде тағы біреу…
– Мен де біреулерді сабағанмын. Әсіресе, осы жолға түскеннен кейін. Ешкімнен қорықпауымыз керек деген ұстанымның жетегіне ерген кездер болды. Біреулерді өлтіріп сабайтынмын. Өзім де таяқ жейтінмін. Жылына екі-үш рет төбелес болады. Тең шайқас. Әлеуметтік желілердегі гомофобтармен де соғысып келем.
Мараттың баласы да бар. Бір қызбен байланысып, қыз жүкті болып қалған. Тек, Маратты баласына жолатпайды. Жалпы, Марат ашық-жарқын жігіт. Болып жатқан дүниенің бәріне әзілмен, жеңіл мысқылмен қарайды. Әйтсе де, өзін-өзі өлтіру туралы ой келгенін жасырмайды:

– Астанада тұрғанымда, Сережа есімді досым болды. Құрдас едік. Таңертең ғана көріскенбіз. Кешке асылып қалғанын білдім. Ол да үйіне гей екенін айтқан ғой. Әкесі сабап, аузына келгенін айтқан екен, бұл соған шыдамай асылып қалған. Аз ғана ғұмырымда бірнеше суицидке куә болдым. Және, мен білген адамдар жақсы, мейірімді еді. 19-ақ жастамын, 4 адамның өлімін көрдім. Ешкімнен түсіністік таппағаннан, айналасынан қорыққаннан, ауырлықты көтере алмағаннан кетті олар. Бала ата-анасынан қолдау көрмесе қалай болмақ? Шытырманнан басын аман алып шығу әркімнің қолынан келе бермейді.

Қанша жерден гей болсаң да, еркектік намысың бар, сол намысыңа біреу тисе – жаның ауырады.
2014 жылғы UNICEF деректеріне сүйенсек, Қазақстан 14 жастан асқан жастар арасындағы суицид жөнінен әлемде екінші орында тұр екен. Балалардың өзін-өзі өлтіруі Қазақстанда неліктен көп?

– Бұл аса күрделі сұрақ. Бұған тіпті БҰҰ балалар қоры UNICEF жүргізген зерттеу де нақты жауап бере алмады. Қалай болғанда да, оның нәтижелері Қазақстандағы суицид себептерінің бүкіл дүние жүзіндегіден аса айырмашылығы жоқ екенін көрсетеді,– деп түсіндірді жасөспірімдерге көмек көрсету жобасының (http://www.teenslive.kz/) жетекшісі Светлана Богатырёва. – Біздің ұйымымыз тәуелсіз сараптау жүргізу барысында мынандай қорытындыға келді. Суицид санының көп болуының себебі – жасөспірімдер мен олардың отбасына адекват көмек көрсететін жүйе болмауында. Жұрт психиатрларға барудан қорқады. Жеке практикада жұмс істейтін психологтардың кеңесін көбінің қалтасы көтермей жатады. Оның үстіне, біздің халық психологқа барып әдеттенбеген. Ал мектептер мен емханалардағы тегін қызмет психологтарының біліктілігі өте төмен, өйткені жоғары оқу орындарында «суицидолог» мамандығы көзделмеген.

Ал жасөспірімдерді суицидке жетелейтін себептер арасында олардың сексуал ориентациясы қай орында? Қазақстанда мұндай дерек жоқ болып шықты. Бұл – табу тақырып, тіпті суицидтен де артық табу салынған. Бұл жағынан оны ешкім зерттемейді де. Тіпті БҰҰ балалар қорының терең зерттеуінің өзінде Қазақстан Республикасындағы жасөспірімдер суициді себебі ретінде бұл фактор қарастырылмаған. Ал ол зерттеу барысында суицид жасамақ болған балалар да, суицид жасағандардың жақындары мен мұғалімдері де сұралған. Әйтсе де, тірі қалған балалардың өздері де, өлген балалардың ата-анасы да бұл жайында айтуды артық санаса керек.

Астанада екі қыз қол ұстасып 14-қабаттан секіргені бейнеленген видео естеріңізде шығар. Осы материал кейіпкерлерінің бірінің айтуынша, ол екі қыз бір-бірін сүйген екен.

Кейіпкеріміз ол қыздарды ешкім түсінбегенін, олардың күйін қабылдамағанын айтты. Бірақ, оны тыңдау да, диктафонға жазып алу да қиын түсті… ал осы оқиғаны айтып отырған жасөспірім бала сол кезде осыны жазып отырған журналиске қарағанда ересек көрінді. Жалпы, ЛГБТ-жасөспірімдер шын мәнінде ерте есейеді.
 

Пікірлер