close

You are here

01 January 20223527

Біржынысты неке - ескіліктің қалдығы ма, әлде асыл арман ба?

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Оригинал текста на русском

Бұл мақаланы Kok.team редакторлары оқырмандардың қатысуымен тікелей эфирде жазды.
Эфир жазбасын Facebook желісіндегі  "Kok.team келдi: говорите свободно" тобынан қарай аласыздар.

Бұл мақалада біз отбасы және неке ұғымдарын бөліп қарастырамыз.  Отбасы мемлекеттің, шіркеудің және қоғамның (кейбір ескертулермен) пікіріне қарамастан өмір сүре алады.  Қазақстанда біржынысты неке жоқ, бірақ бір жынысты отбасылар бар.

Көпшілік неке әр заманда  болған деген ойды ұстанады, оны адамзат өркениетінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады і.  Алайда бұл шындыққа жанаспайды.  Некені біз негізінен КСРО АХАЖ органдарындағы мемлекеттік тіркеуге айналған батыстық христиандық дәстүр деп қабылдаймыз. Маңыздысы, бірінші де, екінші де жағдайдың  махаббатқа қатысы жоқ, яғни некенің  қызметі - ер адам мен әйел адамның бір-бірінің жәнеқоғам мен мемлекеттің алдындағы мүліктік міндеттерін анықтау .КСРО кезіндегі болсын, қазіргі қазақстандық кодекс болсын,кез келген неке кодексін ашсаңыз, ол жерде сіз махаббат, жыныстық қатынас, романтика, қамқорлық, т.б. сияқты сөздерді таппайсыздар. Міне, бізде былай жазылған: «Неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар арасында мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туындататын, отбасын құру мақсатында ... жасалған ... тең құқықты одақ».  Махаббат та жоқ.  Жыныстық қатынас та жоқ.

Бізге мұра болып қалған неке институтының жасы  кем дегенде 2000 жыл болғанымен (күйеу, қалыңдық және әйел сөздері Інжілде кездеседі) келісетін болсақ, уақыт өте келе  оның бұрынғы қалпындағы күйі өз маңызын жоғалтуы ғажап емес.  Ресейлік саясаттанушы Екатерина Шульман дүниежүзілік тренд бойынша, ажырасулар саны өсіп жатса да, жаңа некелердің  пайда болу мөлшері бұрыңғы қалпында сақталып келе жатқанын растайды. Бұл үрдісҚазақстанда да байқалады.  Графиктен көріп тұрғанымыздай, басқа демографиялық көрсеткіштерге қарамастан ажырасулар саны жыл сайын артып келеді.

Количество зарегистрированных браков и разводов. Источник: Агентство по статистике Казахстана

Тіркелген некелер мен ажырасулар саны.  Дереккөз: Қазақстан статистика агенттігі.

Яғни, гетеросексуалдар некені ең кем дегенде мызғымас,қол тигізуге болмайтын  нәрсе деп санаудан қалған, ал көбінесе,   некеден көңілі қалған. Бірақ, сонымен бірге, гомосексуалдар арасында «некеге» қол жеткізу әлемдік ЛГБТ қозғалысының мақсаттарының біріне жатады.  Және де, бұл күрестің сәтсіз емес екенін айта кетуіміз жөн. Осылайша, әлемдегі алғашқы гомосексуалдық неке Нидерландыда 2001 жылы рұқсат етілді, содан бері бұл жаңа өзгеріс 28 елде пайда болды.  Дегенмен, сонау 1989 жылы Данияда бір жынысты жұптарға қарама-қарсы жынысты ерлі-зайыптыларға тиесілі барлық дерлік құқықтар мен міндеттерге қол жеткізуге  мүмкіндік беретін азаматтық серіктестіктер пайда болған еді.

Азаматтық серіктестіктер көбінесе мемлекет тарапынан жасалған ымыраға жатады.  Бір жағынан, гомосексуалды азаматтар мен азаматшалар арасындағы қарым-қатынас қалыпқа келтірілген, екінші жағынан, «қасиетті» неке институтына “қол тигізілмеген”

Алайда, бұндай ымыра көптеген ЛГБТ қауымдастықтары үшін жеткіліксіз болып шықты. Олар толық, ресми және символдық теңдікті талап етті.

Мысалы, қазіргі уақытта Чехияда 2004 жылдан бері қалыптасқан азаматтық серіктестік тәжірибесін жеткіліксіз деп санайтын Jsme fer («Біз әділбіз») қозғалысы бар. Қозғалыс мүшелері  Парламент депутаттарының жұптарға серіктестіктермен қоса  неке қиюға да мүмкіндік беруін талап етеді.

Сонымен, гетеросексуалды адамдар некеден бас тартып жатқанда, ЛГБТ белсенділерінің некені талап етуі неліктен?  Бұған бірнеше себеп бар.

Бұл күрестің ең радикалды себебі - некені киелі және қол жетпес жартас іспетті ардақтайтын, және сол некені өзінің орталық түсінігі ретінде қарастыратын  гетеронормативті мәдениетті жою.  Бұл мотив ЛГБТ өкілдері арасында қатты тарамаған. Онымен салыстырғанда  ЛГБТ өкілдерінің арасында тең құқықтарға, соның ішінде некеге тұру құқығына  ие бола отырып, гетеросексуалдық көпшілік қатарына қосылуға деген құлшыныс кеңірек тараған.

Және бұл таңғаларлық жайт емес, себебі неке әртүрлі объективті артықшылықтардың нақты көзі болып табылады. Неке туралы куәлік мемлекеттің құрылған отбасын ресми түрде мойындайтынын растайды.  Бұл гомосексуалды ерлі-зайыптылардың қандай да бір себеппен қызығушылық танытқан құқықтары мен мүмкіндіктерге ие бола алатынынбілдіреді. Мысалы, әлеуметтік қолдау бағдарламаларына қатысу, серіктестердің өміріне «медициналық қатысу», балаларды бірге тәрбиелеу мүмкіндігі, банктік шоттарды ашу, мүлікті ортақ иелену және т.б.  Тіркелген некедегі адамдар өздері де байқай бермейтін көптеген мүмкіндіктерге ие.

Алайда мемлекеттік тіркелген одақтардың қажеттігін мойындаса да, неке теңдігі үшін күресуден бас тартатын белсенділер де бар.  Олар некеден гөрі ресми серіктестікке кіруді жөн көреді. Тағы да мысал ретінде чех тәжірибесін келтірейік: ЛГБТ қозғалысының жетекшілерінің бірі Иржи Громада некені жеке өзіне жарамсыз  санайды.

Мұны ол өзінің қарым-қатынастарын ғасырлар бойы ЛГБТ өкілдерін қуғын-сүргінге ұшыратып келе жатқан ұйым – шіркеудің дәстүрімен және атауымен байланыстырғысы келмейтінімен түсіндірді.

Қазақстандағы бұқаралық санада неке мен христиан шіркеуінің арасында байланыс болмаса да, бізде «неке» ұғымын қолданудан бас тартуға негіз бар.

Кез-келгеннеке теңдігі  сөз болған жағдайда  , консерваторлар мен дәстүршілдер «некенің киелілігін» қорғайды. Яғни, істің фактілік және заңды жағын талқылаудың орнына, табиғат-ананың бұйрықтары немесе әртүрлі құдайлардың қалауы сияқты қисынсыз және ғылымға жатпайтын нәрселер туралы дауласуға тура келеді. Сонымен қатар, Қазақстанда және әлемде гетеросексуалдық некелер ажырасумен аяқталып келе жатқанының объективті дәлелдеріне қарамастан, неке институтының өзгермейтіндігі және  мызғымастығы әлі де қорғалады (жоғарыда: Қазақстандағы ажырасулар графигі). Яғни, ажырасқан, ашыналары бар, алиментсіз қалған балаларын қалдырып кеткен, некеге іс жүзінде емес, сөзбен ғана сенетіндер адамдар  некеде тұрған екі гейдің ортақ ипотека алуына немесе некедегі екі лесбияндардың баласына ортақ қамқорлықты ресімдеуге жол  бермеу үшін өлуге дайын.

Бәлкім, екіжүзді әулие адамдардың бұл майданда жалғыз қалуы үшін бұл киелі әбігерді олардың өзіне қалдыруымыз керек шығар?  Бізге олардың некесі керек те емес шығар.  Өзінің некеге деген монополиясын сақтай берсін.  Ал біз лайықты өмір сүруге және тең құқықтарды пайдалануға мүмкіндік беретін, некенің байырлығынан бос серіктестіктерді мақсат тұтайық!

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: