Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.
Дереккөз: https://www.wikihow.com/Identify-Gender-Dysphoria
PsyD Инге Хансенмен бірге жазылған
Соңғы рет өзгерілген: 19 тамыз, 2021
Гендерлік дисфория дегеніміз адамның өзін туылған кезінде белгіленген гендергінен басқа, яғни ер, әйел,бейбинарлы,гендерфлюид және т.б. гендерге жатқызуы. Дисфория адамға және жағдайға байланысты сан-алуан жолмен көрініс бере алады. Гендерлік дисфорияның ресми диагнозын психиатрдың қоюы керек болса да, гендерлік дисфорияны, немесе гендерге бағынбауды бастан кешірудің көптеген жолдары бар.
1 Бөлім. Гендерлік дисфорияны анықтау
1. Гендерлік дисфорияның адамдар арасында әртүрлі күйде кездесетінін түсіну. Гендерлік дисфорияны анықтауда қолданылатын жалпы белгілердің бар болуына қарамастан, әр адам дисфорияны өз басынан әртүрлі күйде кешеді. Кейбіреулер өзінің шын гендерін балалық шақта анықтаса, кейбіреулер оны жасөспіріп шаққа, немесе ересек өмірге жетпегенше білмейді. Кейбір адамдар қиын, күйзеліске әкелетін дисфорияны сезінсе, кейбіреулер оны тек минималды түрде ғана сезінеді, немесе мүлде де сезінбеуі мүмкін. Дисфорияны бастан кешірудің белгіленген бір “дұрыс” жолы жоқ, сондықтан да гендерлік дисфорияны анықтаудың қиын болуы және көп уақыт алуы мүмкін.
- Гендерлік дисфорияға кез-келген цисгендер емес адам, оның ішінде бейбинар адамдар да ұшырауы мүмкін.
- Егер де сіз өзіңіздің гендерлік дифсорияға ұшырағаныңыз-ұшырамағаныңызды білгіңіз келсе, сізге трансгендерлер мен бейбинар адамдарға арналған форумдар мен әлеуметтік желілердегі топтарды қарап, әртүрлі адамдардың тәжірибесі жайлы оқып-біліп, сол тәжірибелердің өзіңізге түсінікті/таныс болу-болмауын байқап көру, https://www.alma-tq.org сияқты мақалаларды оқу (орыс тілінде) пайдасын тигізуі мүмкін.
2. Дисфория белгілерін балалық шақтап бастап байқаңыз. Балалардың гендермен ойнауы, мысалы, ойын кезінде өзін басқа атпен атауын қалауы сирек емес. Алайда, егер де бала өзін белгіленген гендерінен басқа гендерге жататынын жиі айтатын болса, немесе өзін жатқызбайтын генлерге байланысты презентация мен мінез-құлыққа қарсы болатын болса, бала гендерлік дисфорияға ұшыраған болуы мүмкін. Балаларда кездесетін гендерлік дисфория немесе гендерлік өзгешеліктің белгілері мынадай:
- Басқа жынысқа жатуға деген қайталанған құлшыныс, немесе өзінің басқа жынысқа жататынын айту.
- Өзінің бекітілген жынысының өзімен-өзі өзгеретініне сену (мысалы, өз денесінде жыныстық мүше өсіп шығады деп, немесе, керісінше, оның уақыт өте келе жоқ болатына сену)
- Өз атын көбінесе басқа жыныста кездесетін атқа, немесе гендербейтарап атқа өзгертуді қалау.
- Өзін басқа жыныста жататындай ұстауды жөн көру (мысалы, туғанда ұл болып белгіленген баланың шашын өсіріп көлек киюді ұнатуы, немесе туылғанда қыз болып белгіленген баланың шашының қыста болғанын және гендербейтарап киім киюді қалауы)
- Өзін өзін-өзі жатқызбайтын гендерге сәйкес ұстауға міндеттелген жағдайда қарсылық білдіру мен күйзеліс (мысалы “қыз” баланың көйлек киюге келгенде ашулануы, немесе ”ұл” баланың шашын қиғаннан кейін жылауы)
- Ойын ойнағанда басқа гендердің рөлін таңдау.
- Басқа гендерге тән ойындар мен әрекеттерге айналысуға құштарлық. (мысал ретінде, ұл болып белгіленген баланың Барбимен ойнауы, немесе қыз болып белгіленген баланың контактілі спор түрлерімен айналысуы)
- Басқа гендерлі балалармен ойнауды жөн көру.
3. Дисфория белгілерін жасөспірім шақта анықтаңыз. Гендерлік дисфория көбінесе жыныстық жетілу кезінде көзге түсе бастайды, себебі гормондық және физикалық өзгерістер орын алатындықтан, бұрын-сонды өзінің гендерлік тұлғасына күмәнданбаған жасөспірім кенеттен, өзгерістер әсерінен күйзеліске ұшырап, абдырап қалуы мүмкін. Жасөспірім шақтаға гендерлік дисфорияның белгілеріне мыналар жатады:
- Жыныстық жетілу және дене өзгерістеріне байланысты қатты ыңғайсыздық пен үрей сезіну. (мысалы, өзгерістердің орын алып жатқанын мойындаудан немесе байқаудан бас тарту, өз денесіне қараудан бас тарту, немесе дене дамуына, менструация немесе эякуляцияны күйзеліспен және ыңғайсыздықпен қарау)
- Гендерлік презентацияның кейбір түрлерінен ыңғайсыздық немесе күйзеліс сезіну. Мысалы, ұзын шашты, немесе кейбір киім түрлерін ұнатпау.
- Адамның сырттан көрінген гендерінен оқшау мінез-құлыққа, немесе сенімсіздікке байланысты әлімжеттіктің өсуі.
- Қатарластарымен байланыстың жетіспеушілігі немесе әлімжеттіктен қорқынышқа байланысты оқшаулану
- Гендерлік тұлға немесе қатарластарынан оқшаулануға байланысты қынжылыстың әсерінен пайда болған депрессия және/немесе уайым.
- Кейбір кездері жасөспірімдер бала кезінде өзінің шын гендерін білдіртсе де, өсе келе, отбасы мен қатарластарының қысымының салдарынан өзінің шын гендерін басып тастауы мүмкін екенін есте сақтаңыз.
4. Дисфорияның белгілерін ересек кезде анықтау. Көбінесе, балаларға ересектер мен қатарластарының үйреткен гендерлік мінез-құлықтың салдарынан, гендерлік дисфория ересек шаққа жеткенге шейін жасырын немесе анықталмаған болып қалады. Ересектер арасындағы гендерлік дисофорияның кейбір белгілері:
- Туылған кездегі гендер мен адамның сыртқа білдіретін немесе сезінетін гендерінің арасындаға айырмашылық.
- Өзін тұрақты түрде өзінің белгіленген жынысынан сәйсек гендерден басқа гендерге жатқызу. (гендерлік дисфорияның ресми диагнозы үшін бұл кем дегенде алты ай бойы орын алуы тиіс )
- Басқа гендер болу туралы жиі армандау.
- Адамдардың өзіне басқа гендер сияқты қарауын қалау, немесе басқалардың оның гендері деп санайтын гендерге сияқты қарауын ұнатпау. (мысалы, “ханым” немесе ”мырза” деп аталған жағдайда күйзелу)
- Жыныстық ерекшеліктерді жоюды, өзгертуді, немесе жасыруды қалау. (алайда, бұл барлық трансгендер немесе бейбинар адамдарда кездеспеуі мүмкін)
- Адам өзінің басқа гендерге тән түрде әрекет ететінін сезінуі мүмкін.
- Егер де гендерлік дисфория басып тасталған немесе терең іште жасырынып қалған жағдайда,ол психологиялық денсаулық проблемаларына әкеліп соғуы мүмкін. Кез келген уайым, депрессия, өзін-өзі жаралау, ішімдік, есірткі заттарды шамадан тыс қолдану сияқты мінез-құлықтарды, және бұл мінез-құлықтардың адамның өзін шын гендеріне сәйкес ұстаса ғайып болуы-болмауына назар аударыңыз. Бұлардың гендерлік дисфорияның белгілері болуы мүмкін.
- Әр адам әртүрлі, және гендерлік дисфорияны бастан кешірудің көптеген жолдары бар. Кейбір кездері ол белгілі бір дене мүшелерінің айналасында болса, (мысалы пенисі немесе кеудесінің болуын ұнатпау) кейбір кездері ол адамның белгіленген гендерімен байланысты рөлдер мен мінез-құлыққа байланысты.
5. Гендерлік эйфорияны да есте сақтай жүріңіз. Гендерлік дисфорияны анықтау қиын болуы мүмкін және кейбір адамдар оған ұшырамайды. Алайда, көптеген трансгендер немесе бейбинар адамдар гендерлік эйфорияны, яғни өзінің шын гендері қолданып, расталғанда жағымды эмоцияларды сезінуі мүмкін. Тіпті адам өзінің белгіленген жынысын дұрыс емес деп санамаса да, ол өзін басқа гендермен ұсынғанды жөн көруі мүмкін. Гендерлік эйфорияның кейбір белгілері мынадай:
- Өзінің шынайы гендеріне сәйкес аталғанда қуану мен толқу.
- Өзінің гендерін анықтағанан кейін өзін жеңіл сезіну.
- Өзінің гендерімен сәйкес түрде өзін көрсеткенде (шашын қысқа қылып қиғанда немесе көкірекше кигенде, т.б.) қуану мен толқу.
- Әлеуметтік немесе медикалық жаңа гендерге өткенде, өз денесімен келісімді сезіну.