close

You are here

08 October 20212620

ҚЫСҚАША ЛГБТ ГЛОССАРИЙ

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Оригинал текста на русском

БИСЕКСУАЛ

- өзінің де, қарама-қарсы жыныстың да адамдарына эмоционалды, романтикалық, эротикалық сезімді және / немесе жыныстық тартылысты (міндетті түрде бірдей дәрежеде,немесе бір мезгілде емес) сезінетін адам..

ДРАГ-КИҢ, ДРАГ-КВИН, ТРАВЕСТИ-АРТИС

- театрландырылған қойылымдар үшін басқа жыныстың киімін киетін адам.

ГЕНДЕР

- адамның қоғамдағы мінез-құлқын және осы мінез-құлықтың қалай қабылданатындығын анықтайтын әлеуметтік жыныс.  Оған биологиялық жыныстық , гендерлік рөл (ерлер мен әйелдерден күтілетін мінез-құлық жиынтығы), гендерлік атрибуция (адамның жынысын басқалардың қабылдауы) және гендерлік тұлға (адамның өзін өзі анықтауы)  кіреді.

ГЕНДЕРЛІК ТҰЛҒА

- ер адамның, әйел адамның немесе басқаның(бигендерлік, кроссгендерлік немесе агендерлік) ішкі сезімі .  Гендерлік тұлғаныңбиологиялық жыныспен, азаматтық жыныспен (құжаттарға сәйкес) немесе тәрбиеленген жыныспен сәйкес келуі міндетті емес.

ГЕТЕРОСЕКСИЗМ

дегеніміз,   адам сексуалдылығының моральдық және әлеуметтік тұрғыдан қарағанда жалғыз орынды, табиғи, қалыпты түрі - гетеросексуалдық қана,    немесе гетеросексуалдар гомосексуалдардан артық, жоғарыдеген сенім (кейбір жағдайларда - идеология).

ГОМОФОБИЯ

- гомосексуалды бағдардағы адамдарға және бір жынысты қатынастарға қатысты жағымсыз эмоциялар.  Гомофобияны осындай эмоцияларды өз басынан кешірген гомосексуалдардың өздері  де үйренуі мүмкін.

ТРАНСГЕНДЕР АДАМ

- бұл гендерлік сәйкестілігі немесе әлпеті дәстүрлі «ерлер» мен «әйелдер» ұғымдарынан ерекшеленетін адамдар үшін жиынтық термин.  Трансәйел немесе трансгендер әйел - туылған кезде еркек жынысы тағайындалған, бірақ өзін әйел адамға сәйкестендіретін адамдарды сипаттайтын термин.  Трансеркек немесе трансгендер еркек - туылған кезінде әйел жынысы тағайындалған, бірақ өзін еркекке деп танитын адамдарды сипаттайтын термин.

ТРАНССЕКСУАЛДАР

- бұл алғашқы және қайталама жыныстық сипаттамаларын мен жыныстық рөлдерін өзгерту үшін, әртүрлі медициналық араласулардан өтетін адамдарды сипаттайтын медициналық термин.  Кең мағынада «трансгендер» бейтарап ұжымдық терминін қолданған жөн.

ТРАНСФОБИЯ

- транссексуалдыққа және / немесе транссексуалды адамдарға қатысты негативті немесе жағымсыз эмоциялардың түрлері.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: