close

You are here

30 November 20212244

Жетісудағы қайғылы оқиға

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Оригинал текста на русском

Жетісудың Ресей империясының билігінің астына қалай өткенін білесіз бе? Бұл оқиға негізінде фильм,атап айтсақ гей-фильм түсіруге болады.

Мектепте тарих курсында өткен «Қоқан хандығы» деген сөз тіркесі көптің есінде бар шығар.  Ол туралы білім ҰБТ-дан бір-екі ұпай жинауға жеткілікті болатын,, сондықтан да, бұл тақырыпты терең зерттеудің қажеті болмаған еді.  Сондықтан да,сұрақтың түбіне жету үшін, алдымен бұл тақырыпқа өте (өте!) қысқа шолу жасайық.

Қоқан хандығы 1709 жылы құрылып, бір жарым ғасырдан кейін, яғни 1876 жылы орыс әскеріне бағынып, дербес өмір сүруін тоқтатқан.

Оның қазақтарға не қатысы бар деген сұрақ туындауы мүмкін.

Оған жауап, қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймақтары, яғни Кіші жүз руларының бір бөлігі  Қоқан хандығының құрамында болған. Википедияға сенсек, олар Қоқан билеушілерінің озбырлығынан қатты зардап шеккен болатын.  Неге екені белгісіз, бір құлдық екіншісінен тәуірірек болардеп шешкен қазақтар өзінің Ресей қол астына әлдеқашан өтіп қойған Кіші және Орта жүздікен туыстарының ізін басып, бірте-бірте Ресейдің тәжінің азаматтығына өте бастады.

Сонымен, Ресей империясы бүкіл қазақ жерінің пазлын жинап 1845 жылы Қазақстан Ресей империясының құрамына біржола енді.

Жаңа иеліктерін қорғау үшін патша үкіметі Қоқан шекарасына әскер жіберді.  Олар шайқасып төбелесіп, ақыры қоқандықтарды Іле өзені аймағынан қуып шықты.  Ал өз позицияларын бекіту үшін олар Алматыны, яғни сол кездегі Форт Верныйды қалады.  «Осы жерде қала қаланатын болады», «осы жерден Қоқанға қауіп төндіреміз» деген секілді.

Әрине, қақтығыстар мұнымен аяқталған жоқ – келесі бес жылда орыс әскерлері қоқандықтарды бекіністерден бірте-бірте қуып шықты. 1860 жылы полковник Циммерманның қолбасшылығындағы шағын отряд қоқандық Пішпек (болашақ Бішкек) және Токамақ (болашақ Тоқмақ) бекіністерін талқандады. Қоқандықтар «ғазауат» соғысын жариялап, сол жылдың қазан айында Верныйдан 60 шақырым жердегі Ұзынағаш бекінісінде 20 мың сарбаз жиналды.

Міне, осы жерде біз мақаланың басты ойына келеміз.  Қоқан әскерлерін Ташкент билеушісі, тәжік қолбасшысы Қанат-шах, «бойы түзу, орта бойлы, сақалы ағарған егде кісі», басқарған болатын.. Қолбасшыны соғыс әрекеттерінен кетуге мәжбүр қылған оқиғаға дейін ол 20 000 әскерді сәтті басқарып келген еді.

1872 жылы «Военный сборник» журналында П.Пичугиннің мақаласы жарияланып, сол мақалада Ұзынағаш шайқасы оқиғалары жан-жақты баяндалады.  Пичугинның айтуынша, подполковник Колпаковскийдің жағдайлы мүлдем оңтайлы болмаған еді: «Оқтардың барлығы дерлік атылап біткен еді;  адамдар аш, әбден шаршаған, ұйықтамаған болатын». Қанат Шах олардың ізіне түсті.  "Дұшпан бізге бір верст қашықтықтан ғана шабуылдады.  Оның күш-қуатының сарқылуына бір  елеусіз жағдай әсер еткен болатын:  Қанат шахтың сүйікті башасы қаза тауып, бұл қазадансоққы алған Қоқан бас қолбасшысы бұйрық беруді тоқтатты. Сарттардың барлық дерлік шабуылдары тоқтады ". Нәтижесінде қоқандықтар жеңіліске ұшырап, Ресей империясы ақыры Жетісудыі басып алды.

Қандай да бір себептермен, Пичугин башаның өлімін «елеусіз оқиға» деп атайды, себебі, бәлкімол үшін жас жігіттің өлімі-жай жыныстық қанағаттануға арналған құлдың өлімі ғана болса керек.  Әйтсе де, жасы ұлғайған Ташкент билеушісі қайғыдан әскери тапсырманы да, шаршаған жауды да, әскери анттарын да, 20 мыңға жуық қол астындағы сарбаздарын да ұмытатындай, оның өз сүйіктісіне деген көңіліқандай болғанын өз басым елестете алмаймын.  Бәлкім ол махаббат болған да шығар.

Қанат шахтың өзі екі жылдан кейін Қоқан Худоярдың тапсырмасымен Бұхара хандығына жіберіліп, сол жерде мерт болды.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: