close

You are here

25 May 20172901

Марина Чейшвили: менің ұлым мен үшін ұлым болып қала бередi

Дереккөз: FB

- Мысалға алатын болсақ, сен өз ұлыңның гей екенін білдің, сенің әрекетің қандай болмақ?

- Ал, не істеу керек?

- Не істегені несі? Мән-жайды ұғып, не болып жатқанын түсуіну қажет, басқа не керек? Ақыр соңында, иә, іштей құлазисың ғой. Қанша дегенмен ұят болады-ау деп ойлайсың?

- Сұрақтарды тым көбейтіп жібердіңіз ғой. Сұрағыңызға сұрақпен жауап беремін – Егер мен өз ұлымның гей екенін білсем, ол менің ұлым болмай қалады ма? Жауаптың өзі осы сұрақта берілген емес пе?

Редакциядан: Маринаға және осындай жылы лебізді қолдау көрсетіп, пікір қалдырған барлық аналарға рахмет. Біз, гейлер мен лесбиандар, бізде біреудің балаларымыз және біз сіздерге шын жүректен үлкен рахмет айтамыз!


Жарияланымға қалдырылған пікірлер:

Елена Куликова:

Мариночка, Сіздің ақылды ана мен ақылды әйел екендігіңізге тағы да тәнті болдым.

Maiya Sagimbayeva

Бұл сұраққа жауап балаға декен ШЕКСІЗ сүйіспеншіліктен басталады.

Молдир Жумабаева:

Марина, сіз ақылды әйелсіз! Шын мәнінде ұл мен қыздың біздің ұлымыз бен қызымыз болып қалма беретіндігі айдан анық! Менің таныстарым менің достарым жайлы білсе болды, осындай сұрақтар қоя бастайды, ал жауап тек біреу ғана – ештеңе де өзгермейді! Сол кезде олар да ашық шайқасқа шығады, алдымен өзің туып ал да, содан кейін ақыл айт дейді. Айтқым келетіні: жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау статистикасына қараңыздаршы, түсінесіздер, көптеген ата-аналар өз баласын сол күйінде түсініп, қабылдаудың орнына «ақаудан», табиғат «қателігінен» құтыла салу оңай көрінеді. Бауыр еті баласы екенін, жанының бір бөлшегі екенін ұмытып кететін секілді!

Жаннат Бабагулова:

Егер Құдіретті күш солай шешсе, өзіне сенімді және бақытты гей бола берсін.

Светлана Потапова:

Мен әрқашан өз ұлыма: «Сен қайда болсаң да, қандай жолды таңдағаныңа қарамай, менің сені шексіз сүйетінімді әрқашан есіңде сақта, себебі мен сенің АНАҢМЫН!» деп айтамын. Бірінше кезекте балаларға шексіз махаббат пен оларға деген сенімді сезінуге мүмкіншілік беру керек! Және де сенің перзентің гей болғанына қарамастан, олардың абыройын ешқашан таптауға болмайды. Мені қолдамайтындар да табылар, бірақ менің ойым, аналық пейілім осы!

Kira Rocha:

Жарасы жазылмаған тақырыпты қозғадыңыз. Менің балаларым ҚР, Ресей немесе басқа да гомофобиясы өршіп тұрған елдерде гей болып туылса, қатты алаңдар едім. Алайда мен Нью-Йорк қаласында тұрамын, мұнда гейлерге, лесбиан, бисексуал, транссексуалдарға толық еркіндік берілген. Егер менің балаларымның сексуалдылығы сондай болса, оларға тек махаббат пен құрмет сыйлау мен үшін міндет.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: