close

You are here

20 October 201740809

Секс жайлы 11 кеңес

Алғаш рет өз сексуалдылығын танушыларға секс жайлы 11 кеңес:

Сұлу жігіттер әлі талай кездеседі. Суда балық қандай көп болса, сұлу жігіттер де сондай көп. Біреуі саған жылы көңіл танытпаса, қапа болма. Сондай бір жігітпен бір түн бірге болу үшін ақымақтық жасама. Уайымдама. Сен өміріңде әлі талай жігіттерді кезіктіретін боласың.

Әрқашан презерватив қолдан. Сен өз сексуалдылығыңды енді ғана мойындап, оның қыр сырын тани бастаған уақытта жыныстық жолмен таралатын ауруға шалдығудың мүлдем жөні келмейді. Бұл бәле басқа бір жабысса, мысыңды басып, жыныстық қатынасқа деген құмарлығыңды мүлдем жоғалтып жіберуі мүмкін. Сол себепті, әрқашан презерватив қолдан.

Өзіңе не ұнайтынын алдын ала айтып қой. Секс ойлан тап ойнына айналмауы тиіс. Сол себепті жолдасыңа маған а, б және с деген нәрселер ұнайды, соларды істесең мен ерекше ләззат алар едім деп түсіндіріп қой. 

Секс кезінде де ұдайы ақпарат алмасып отыру керек. Мысалы, дәл осы позиция саған ешқандай ләззат әкелмесе, оны айту керек. Жолдасың сенің ойыңдағыны бал ашып білмейді ғой. Жағдайдың қалай екенін оған ұдайы жеткізіп отыр. 

Өзіңе әдетте ұнайтын жігіттердің тобынан тысқары адамдарға мүмкіндік бер. Барлығымыздың да өз талғамымыз бар. Жігіт таңдау кезінде де дәл солай. Біз өзіңе ұнамайтын жігіттермен ұшырас деп отырған жоқпыз. Жәй ғана өз таным шеңберіңді кеңейтуге тырыс дейміз.

Универсал бол. Басымызда 2017 жыл. Жай ғана актив немесе пассив болу сәннен баяғыда қалып қойған. Барлығын танып біл. Миллениал бол! Қайта жаңғыру дәуірінің адамы бол! 

Секске дейін немесе кезінде, кез келген уақытта “жоқ” деп айтудан ұялма. Кез келген уақытта, секске дейін болсын, тіпті секстің кезінде болсын еш қаймықпай “жоқ” деп айтуға құқығың бар. Егер бір нәрсе ұнамаса немесе өзіңді жеңіл әрі сенімді сезінбесең кез келген уақытта жыныстық қатынасты тоқтатуға болады. 

Тазаланудың өзіңе оңтайлы жолын тап. Терең тазартудың көптеген жолдары бар. Клизма болсын, басқа болсын, өзіңе оңтайлы жолын тап.

Жолдасыңның АИТВ статусын сұрауға немесе міндетті түрде презерватив киюін талап етуге ұялма.

Майлау. Майлау өте маңызды. Майлау ешқашан аздық етпейді.

Фетиштер. Барлығымызда да бір фетиш бар. Әдеттегі секске қарағанда сәл қызықтау нәрсе бар болса, оны дәл қазір табу керек емес па? Күтетін несі бар?

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: