Халықаралық гомофобияға, лесбофобияға, бифобияға және траснфобияға қарсы күрес күнін атап өтудің бірнеше жолы бар. Ол үшін дәл қазір қолыңа ЛГБТ жалауын алып көшеге шығудың қажеті жоқ, дегенмен бұл да - керемет идея. Енді не істеуге болады?
- Белсенділер ұйымдастырған іс-шараларға қатысу, мысалы, Денсаулық Жәрмеңкесі немесе Амировкаға.
- Әлдекімге, мысалы, әріптестеріңізге виртуалды түрдегі құттықтау ашық хатын e-mail почтасы арқылы жіберу. Фоторедактор арқылы ашық хатыңызды сәндесеңіз болады.
- Гей-клубқа барып құттықтау әнге тапсырыс беріңіз - туған күннен басқа да мерекелерді атап өтуге болады. 500 теңгеге тапсырыс беріп, сонда отырған дүйім жұртқа IDAHOLBIT туралы баяндау - өте бағалы іс.
- Танысуға арналған сайттардағы немесе бағдарламалардағы ең алғашқы тап болған адамды құттықтаңыз. Жалпы бұл танысудың бірден-бір таптырмас жолы.
- ВК-дағы статусыңа жаз - жыламсыраған сөздерді рухы биік сөздермен алмастыратын уақыт жетті.
- Facebook-тағы аваңа рамка қой - әдетте мұндай атаулы күндері рамкалардың он шақтысы шығады: кемпірқосақ, единорог және т.б.
- Әлеуметтік желідегі фейк парақшаңыздан(ондайдың барын біз де білеміз))) кез-келген біреуді құттықтаңыз. Егер гомофоб біреуге тап болсаңыз, антигомофобтық сауатын ашып жаттықсаңыз болады.
- Ең аз дегенде Kok.team-нің мақаласын оқуға болады, мысалы, “Ескерту: бұл күрес” немесе “Тыныштық бізді қорғамайды”. Я болмаса біздің Facebook-тағы посттарымызға лайк басыңыздар, өйткені бұл басқа қолданушылардың оқу лентасына енуге көмектеседі.
- Егер жәй ғана дем алғыңыз келсе, бірақ сонда да антигомофобтық көңіл-күйде қалғыңыз келсе, фильм көріңіз. Бірақ, бір өтінеріміз, “Молитва за Бобби” фильмін қарамай-ақ қойыңызшы. Оны ата-аналарыңызбен бірге көріңіз, ал өзіңіз “Прайд” фильмін қарасаңыз болады.
- Алайда ең жақсысы - достарыңмен бас қосып, біздің ортақ күресіміз бен болашақ жеңістеріміз үшін бір кесе қымыздан алып қою!
Аудармашы: Азамат