close

You are here

Аутрич деген не?

12 October 2020 4201
Аудармашы: Макс

Сәлем достым! Кездейсоқ жағдайлар жайдан-жай болмайды. Егер сен бұл мақаланы оқып отырсаң бұл саған керек. Философияны тоқтатайық.

Менің атым Алексей, мен Астана қаласындағы ЖИТС алдын алу және күресу орталығында аутрич жұмысшымын. Профессионалдар арасында ЕЕЖҚ (ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер) деп аталатын қоғамымыздың ерекше бір тобымен жұмыс жасаймын.

Мен геймін, гей достарым мен таныстарым жетерлік, жақын достарымның кейбіреулері ЖИТС-мен өмір сүреді.  Әдетте адамдарда өзінің статусын білгеннен соң қаймығу сезімі пайда болады, терең депрессияға түседі. Осы жағдайда адамға өте ерекше қолдау мен түсініс керек. Бір күні мен осындай жағдайда қалған адамдарға көмектескім келетінін түсіндім, солайша мен ЖИСТ орталығында жұмыс жасай бастадым.

Бұл салада жұмыс жасап жүргеніме екі жыл болып қалды. Әуел баста маған бұл салада күректеп ақша таппайсың деп ескертілген, бірақ мен сол кезде менің мақсатын ақша еместігін толықтай түсінген болатынмын. Мен үшін ең бастысы- денсаулық, ЖИСТ жұқтырып алмайтын, кезінде тіркеліп ең дегенде өлімге бармайтын, аурудан хабардар адамдар.

Ал енді мен сіздерге аутрич жұмыс не екенін айтып берейін: бұл «cырт» жұмысы, даладағы қоғам жұмысы. Бұл жұмыстың мәнісі ақпаратты, консультацияны, аурудың алдын алу шаралары жайлы әңгімені кеңсе бөлмелерінде емес, саған ыңғайлы және үйреншікті жерде өткізу.

Аутрич жұмыс оңай жұмыс емес. Мен бір мезетте әртүрлі деңгейде жұмыс жасауым қажет: адаммен, қауыммен, адам мүше болатын қауыммен және жалпы қоғаммен (қоғамдық қызметкелер, билік мүшелері, қоғамдық соқыр наным).

Жұмысымның тағы бір ерекшелігі- мені шақырған жерге бару. Тіпті мені кеңеске шақыратын адамдармен де түсініспеушіліктер болып тұрады. Бірақ, жұмыс істеу тәжірибемнен өзімді негативтен алшақ ұстауды үйрендім.

Менің ең басты мақсатым-ем туралы ақпарат беру. Біздің ұйымымызда көптеген көмектер көрсетілетінін (медициналық көмек, дәрігердің алғышқы кеңесі, психолог кеңесі) және де тегін мүше қап пен лубрикант берілетінін жеткізу. Мен өз басым конфиденциалдық және сенімді әңгімеге кепіл беремін.

Біз үшін ең маңыздысы ЖИТС жайлы білмейтін адамдар саны барынша аз болуы, өзіңе және басқаларға зиян тигізбеу арқылы адамдар өмірді жақсы жаққа өзгерте алатынын түсінуі.

Маған аутрич жұмыс өте қатты ұнайды. Мен адамдармен бетпе бер сөйлесу арқылы олардың мәселесін түсінемін, оларға көмек көрсете аламын, демеу беремін, кейбір уақытта керегі жай ғана адамдарды тыңдау.

Сұрақтарыңыз болса маған ВКонтакте арқылы хабарласыңыз.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: