close

You are here

11 February 20211697

Махаббатқа күйген

Бізге Шымкент қаласынан күйінішті жағдайға тап болған Диас (барлық есімдер өзгертілген) жазды. Ол ақшасыз және баспанасыз қалды. Осыған қоса бейтаныс адамдар оның интимді суреттерін қолданып, Диастан ақша талап еткен. Біздің Diyar атты волонтерымыз одан сұхбат алды.

Орысша мақалаға сілтеме

***

Менің есімім Диас, жасым 22-де. Мен ауылда өстім. Кішігірім қаладағы колледжде оқуымды бітіріп, Шымкентке көштім. Менің “темамен” танысуым сол жерде басталды. Махаббатты табуға бел буып, жігіттермен танысуға арналған фейк парақша аштым. Біраз жігітпен таныстым, бірақ олармен жолым болмады.

Сосын 2017 жылдың жазында Санжармен таныстым. Екеуіміз саябақта кездесіп, әңгімеге үйлесіп, таңға шейін сөйлестік. Сол кезден бері бірге болдық. Бір-бірімізді дос ретінде туыстарға таныстыра бастадық. Бірге тұра бастадық және көптеген нәрсені бастан кешірдік.

2019 жылы мен жөтеле бастадым. Кейін менің туберкулезге шалдыққаным анықталды. Ауруханаға жатуға тура керек болды. Санжар екеуіміздің арамызда суықтық пайда бола бастады. Мен оның опасыздық жасап жүргеніне күдіктене бастадым. Осы кезде менің уайымдағаным сонша - халім нашарлап реанимацияға түстім. 

Санжар кешірім сұрады. Ауруханадан шыққан соң, қайтадан бірге тұра бастадық. Бізбен бірге Санжардың әкесі тұра бастады. Пәтерақыны көбіне мен төлегенге қарамастан, әкесі менің онда тұрғанымды қаламады. Кейін өзім бөлек тұра бастадым, содан соң Санжар маған көшті. Мен әлі ем қабылдап жатқандықтан, маған жұмыс істемеуге кеңес берген. Сондықтан мен алдында жинаған ақшама және пандемия кезінде үкіметтен бөлінген көмекке өмір сүрдім.

2020 жылы ауылымдағы үйде құрылыс басталды. Мен отбасыма көмектесу үшін ауылға оралдым. Үй жинап, тамақ дайындап жүрдім. Аптасына бір рет Санжармен көрісуге келіп тұратынмын.

Санжардың мінезі өзгерді, сондықтан оның опасыздық жасауына қайта күдіктене бастадым. Алайда оның ондай қадамға бармайтынына сеніп, бәрі дұрысталатынына сендім. 

2020 жылдың күзінде әкемнің ағасы дүниеден кетті. Бар отбасым әкемнің жанында қал деп айтқандықтан, ауылда тұруды жалғастырдым. Жаңа жыл жақындай берді. Отбасымда діни адамдар болғандықтан, бұл мерекеге мән бермейтін. Сондықтан жаңа жылды Санжармен кездестіру үшін Шымкентке аттандым. Оны бір нәрсе мазалап жатқаны байқалды, бірақ ол уайымымен бөліспеді. Мен оған ауылға бірге қайтып 1-2 қаңтарды бірге ауылда өткізуді ұсындым. “Қалада қалып, ақша табам. Ешқайда қыдырмаймын”, - деп ұсыныстан бас тартты. Сол кезде мен оған білдірмей, білінбейтін жерге засос қойдым. Ол мені ауылыма апарып тастады.

Түнгі 3-те Ринат деген жігіт қоңырау шалып, Санжар туралы сұрақ қоя бастады. Өзін Санжардың әріптесі ретінде таныстырды. Ринаттың айтуынша олар әріптестерімен жиналып, пәтер жалдаған болатын. “Санжар қатты мас, есінен танып жатыр. Мен кететін болғандықтан, қасына қарайтын адам керек”, - деді. Шымкентке аттанатын таксилер менен 12 шықырым ара қашықтықта орналасқанына қарамастан, мен қалаға ұмтылдым. Біздің маңайда қасқырлыр бар болғандықтан қатты қорықтым. Әкем де баруыма қарысы шықты. Дегенмен әдетте тілалғыш мен Санжар көлік апатына ұшырады деп қарысы тұрып, жаяу такси тұратын жерге жөнелдім. Пәтердің мекенжайын мен білмедім, ал Ринат болса ол ақпаратпен бөліскісі келмеді. Қалаға келіп, мекенжайды өзім табуға тырыстым, алайда сәтсіздікке ұшырадым. Таңғы 7-де Санжардің өзі хабарласты. Біз біраз сөзге таластық, уақыт өте келе Санжардың менен басқа жолдасы бар екені белгілі болды. Ол алдында қоңырау шалған Ринат болып шықты. Менің жаным күйіп, менде стресс басталды. Күйзелістің себебінен дұрыс сөйлей алмадым, не жүре алмадым. Қан қысымым 40/20-ға дейін төмендеген. Дәрігерлер бұл жағдай инсультқа әкелуі мүмкін деген ескерту жасады. 2-3 қаңтарда қалада ем ала бастадым. Санжарды тағы да алдап жүргенін байқадым. Ал 27-ші қаңтарда ол үш жұбайлық қатынасты, яғни мені, Санжарды және Ринатты қосатын романтикалық қарым-қатынасты ұсынды. Мен бұл ұсыныстан бас тарттым. Санжар есікке қарай көздеп, үйден шығарды. Сол түнді далада өткіздім. 

Ауылға оралдым. Ата-анам менің халім туралы сұрақ қоя бастады. “Өзің айтасың ба, әлде мен айтайын ба?”, - деп әкем сұрақ қойды. Біреу әкеме мені кішкентай кезімде туыстарымның біреуі зорлағанын айтып беріпті. Сол кездердегі сұмдықты еске түсіре бастап, жылап жібердім. Өзімді жаман сезіндім. Туыстардың арасында жанжалды болдырмас үшін, зорлаған адамдардың есімін атудан бас тарттым.

Осы күннен бастап, үйдегілер менімен сөйлесуді тоқтатты. Мен отырған орынға отырмай бастады. Маған теріс қарап тамақтанатын болды.

Әкем мені көрмес үшін, түскі асқа үйге келмейтін болды. 31-ші қаңтарда заттарымды жинап, қалаға кететінімді айттым. Менің сөзіме әкем:“бара бер”, - деп жауап берді. 

Сөйтіп мен далада қалдым. Туған туыстарыммен араласпаймын, сондықтан оларға бара алмаймын. Ал нағашы туыстарымнан қалада ешкім жоқ. Сол кезден бастап не анда, не мұнда түнеп келемін. “Темадағы” достарым барынша көмек берді. Кейде солардың үйлерінде қондым, ал кейде далада түнедім. 

Жақында жасырын нөмірден бейтаныс адамдар қоңырау шылып, Плазаның маңайында кездесуді талап етті. Маска киген екі жігіт келді.

Менің тек Санжармен бөліскен интимді суреттерімді көрсетіп, 200 мың теңге талап етті.

Әкемнің нөмірін көрсетіп, әйтпесе осы суреттерді әкеңе жібереміз деп қорқытты. Ақпан бойы баспанасыз жүргенімді, ақшасыз қалғанымды түсіндірдім. Оларға дым әсер етпеді. Телефонымды Санжардың сыйлығы болғандықтан бергім келмеді. “Кредит ал”, - деді. Каспиге кредитке өтінішті жібердім. 100 мың теңгеге кердитті берді, ал жалпы қарыз 113 мың теңгені құрады. Ақшаны берген соң, олар менің суреттерімді жойып, өздерінің жасырын нөмірін де менің телефонымнан алып тастады. Олардың кететін бағытын көрмес үшін, маған Плазаға кіруді талап етті.

Бүгін танымайтын адамдардың үйінде түнедім. Олар мені арбатта ұйықтап жатқан түрімді көріп, үйлеріне қонуға шақырды. “Кәдімгі” достарым мен сыныптастарымнан көмек сұрай алмаймын, себебі оларға бұл оқиғаны айта алмаймын. Олар ондайды түсінбейді. Достарымның да өздері жас, көмектесетіндей мүмкіндіктері жоқ. Қалтамда мың теңге ғана қалды. 

***

Диасқа қолдау беру жолдары:

  • қаржылық қиыншылдықтан шығуға көмек
  • баспана табу
  • жұмыс табу 
  • бұзақыларды анықтап, оларды жазалау

Егер көмек атқаруға мүмкіндігіңіз болса, онда office@kok.team поштасына жазсаңыз болады. Хаттарыңызды Диасқа жібереміз. Психологиялық көмекке де қуанышты боламыз. 

***

Сонымен қатар, Диастан сұхбат алып, қазаша және орысша мәтінді дайындаған біздің волонтерға, яғни Diyar-ға алғысымызды білдіреміз. 

Орысша мақалаға сілтеме

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: