close

You are here

26 May 2021796

Біздің балаларымыз. Гейлердің, лесбиандардың, бисексуалды балалардың ата-аналары қоятын сұрақтар. 1 бөлім

Мәтіннің түпнұсқасы: PFLAG
Мәтін аудармасы: info.gej.ru
Иллюстрация үшін алғысымызды айтамыз: Айa Жандильдина

Құрметті ата-аналар, бір күні,  егер сіздің ұлыңыздың гей (немесе сіздің қызыңыздың лесбиян) екендігін білсеңіз, не істер едіңіз? Сіздің алғашқы реакцияңыз қалыпты болатын шығар. Сіз өзіңізге: " Неге бұлай болды? Ары қарай не істейміз?" деген сияқты сұрақтар қоюыңыз мүмкін. Көптеген ата-аналар өздерінің сүйікті балаларынан "Анашым, Әкешім, менің гей екенімді сіздердің де білгендеріңізді қалаймын" деген қорқынышты сөздерді естуге мүлдем дайын емес. Әрине, мұндай жағдайда көптеген басқа да сұрақтар туындайды. Бұл мақала осы сұрақтарға жауап беру үшін жазылған болатын.

Біріншіден айтқымыз келетіні - бұл мәселемен бетпе-бет келген жалғыз сіздер емес. Көптеген адамдар, қазір сіз сезіп жатқан сезімді бастан өткерді. Олардың тәжіребиесі осы мақалада жалпыланған, бұл сіздер үшін өте пайдалы болуы мүмкін. Кейбір сұхбаттарға сәйкес 40%-ға жуық адамдарда бір жыныстық сексуалды ара-қатынас тәжірибесі бар. Сіздің қалаңызда (қалаңыздың ауданына байланысты) 2 ден- 10%-ға  дейінгі халқы, өздерінің гомосексуалдығын мойындайды, яғни  айналаңыздағы  отбасылардың кем дегенде жартысының гей немесе лесбиян туыстары бар. Яғни, бұл жағдайды сіз көптеген адамдармен талқылай аласыз.

Екіншіден.

Бұл қиын жағдай сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңызды одан әрі нығайта түсуі мүмкін.

Олардың ішкі дүниесіне апарар жол қиын және жетер жолда кедергілер көп. Бірақ сіздің осы мәтінді оқып жатқаныңыздың өзі, сіз бұл кезеңнен өтуге дайын екеніңіздің  дәлелі. Өз сезіміңізді жасырмаңыз, сіздің ренжіп, таңырқап қалуыңыз мүмкін. Өз сезіміңізді мойындап, қабылдаңыз, сіздің сезіміңіз  біздің қоғамның гейлерге, лесбиандарға, бисексуалдарға деген көзқарасы тұрғысынан, орынды болып саналады. Бірақ сіздің мына нәрсені білуіңіз керек: егер сіз балаңызды қатты және шынайы жақсы көрсеңіз, балаңызбен өзара түсіністікке келіп, ол қандай болса да қабылдап, оны кез келген уақытта қолдауыңыз керек.

Қазір сіз өзіңізді балаңыздан айырылғандай сезінесіз, алайда бұл олай емес. Сіздің балаңыз дәл кешегідей болып қала береді.

Өзгерген жалғыз нәрсе - бұл сіздің балаңыз туралы ойыңыз бен көзқарасыңыз. Бұл өте ауыр, бірақ, бұл істің игілік жағы - сіз балаңызды тұлға ретінде жаңаша және толығырақ түсіне аласыз. Ата-анасы түсінгісі келмеген немесе жасырын гей, лесбиян жастарымыз, көбінесе өз-өзіне қол жұмсау немесе алкоголь мен есірткіні көп қабылдау қауіпіне бейім болуы мүмкін. Кейбір жасөспірімдер, өз-өздерін, ата-аналары мен өздерінің арасына қабырға қою арқылы қорғайды. Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз өздерінің гомосексуалды екенін өз еріктерімен мойындауы - сенім мен сүйіспеншіліктің белгісі. Сондықтан, енді сіз де өзіңіздің батылдығыңызды көрсетіп, оған сондай сенім білдіріп, ол сізге өзінің әрекеті арқылы көрсеткен махаббаты сияқты, махаббат сыйлауыңыз керек.

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: