Мәтіннің түпнұсқасы: PFLAG
Мәтін аудармасы: info.gej.ru
Иллюстрация үшін алғысымызды айтамыз: Yernar
Менің балам өзгерді ме?
Бала өскен сайын ата-ана өз ұлының немесе қызының талғамы, хоббиі, тілек-мақсаттары туралы бәрін білемін деп ойлайды. Сіз түгелдей білемін деп ойлаған балаңыз кенеттен өзінің гомосексуалдығы туралы мәлімдеген кезде, сіз сөзсіз көңілсіздік сезіп, есеңгіреп қаласыз. Сіздің арманыңызда оның кім болатыны, не күтіп тұрғаны және оның жетістіктері туралы көрініс бар. Бұл арман - сіздің өміріңізден туындады, сіз оған өзіңіз қалаған, бірақ қол жеткізе алмаған арман-мақсаттарыңызды тілейсіз. Бұл арман - сіздің жеке тұлғаңыздың бір бөлігі. Айналада гомосексуалдардың көп болғанына қарамастан, бүкіл мәдениет- сіздің арманыңызда баланың "қалыпты" сексуалды бағыты болуына ықпал етеді. Сондықтан сіздің есеңгіреп және абыржып қалуыңыз түсінікті, себебі сіз үшін маңызды нәрселердің бірін жоғалттыңыз: сіз балаңызға басты рөл жүктелген арманыңызды жоғалттыңыз.
Сондай ақ, сіз өзіңіздің балаңыз туралы бәрін білемін деген иллюзияны жоғалттыңыз. Бір сәттің өзінде көп нәрсені жоғалттыңыз, солай емес пе?
Бірақ ойлап көріңізші, барлық балалар ерте ме, кеш пе ата-аналарына сексуалды бағытына қарамастан тосын сый жасайды. Балалар ата-аналары қарастырып қойған адамдарға үйленбейді, олар ата-анасы қалаған мамандықпен жұмыс істемей, ата-анасы қалаған қалада тұрмайды. Олар өз ата-анасының санасындағы өздері туралы бейнені бұзу үшін жаралғандай. Егер сіздің ұлыңыз болса, оның "дәстүрлі емес" сексуалды бағытпен болғанша, оның сүйікті емес келінмен болғанын жөн көресіз - біздің тәрбиеміз осындай. Бірақ бұл сіздің ұлыңыз! Оның сексуалды бағыты қандай болса да, кешегі ұлыңыз еш өзгерген жоқ. Ол бұрынғыдай болып қала береді, сіз жай ғана оны басқа қырынан таныдыңыз. Сіздің балаңыз еш өзгерген жоқ. Сіз және сіздің ол туралы көзқарасыңыз өзгерді және енді сіз осы жаңа көзқараспен өмір сүріп үйренуіңіз керек. Егер сіз балаңызды жақсы біліп, түсінгіңіз келсе-сіз өзгеруге талпыныңыз.
Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.
- Біздің балаларымыз. Гейлердің, лесбиандардың, бисексуалды балалардың ата-аналары қоятын сұрақтар
- Менің балам өзгерді ме?
- Неліктен ол бізге бұл туралы айтты? Неліктен ол бізге бұл туралы ертерек айтпады?
- Менің балам неге осындай?
- Неліктен менің баламның гомосексуалды болуы, мен үшін соншалықты жағымсыз? Мүмкін психиатрға немесе психологқа қаралу керек шығар?
- Менің балама қысым көрсетіле ме? Оның білім алу мен жұмыс бабында қиындықтар болуы мүмкін бе? Менің балам қылмыс жасап жатыр ма?
- Біз баламыздың сексуалдық бағытын түсіністікпен қабылдадық, бірақ оның неге мұны сонша көрсете беретіні түсініксіз. Менің балам отбасы құра алады ма?
- Бұл туралы туыстарымыз бен достарымызға қалай айта аламыз? Көрші-қолаң не ойлайды?
- Мен өз баламды қалай қолдай аламын?