close

You are here

26 May 2021894

Біздің балаларымыз. Гейлердің, лесбиандардың, бисексуалды балалардың ата-аналары қоятын сұрақтар. 6 бөлім

Мәтіннің түпнұсқасы: PFLAG
Мәтін аудармасы: info.gej.ru
Иллюстрация үшін алғысымызды айтамыз: Арман

Менің балама қысым көрсетіле ме? Оның білім алу мен жұмыс бабында қиындықтар болуы мүмкін бе?

Мұның бәрі де мүмкін. Көп нәрсе сіздің ұлыңыздың немесе қызыңыздың қайда тұратынына және өзі үшін қандай жол таңдауына байланысты. Үлкен қаладағы адамдар толерантты келерді, ал кішігірім қалаларда гомофобия айқын көрінеді. Ортасы неғұрлым білімді болса, гейлерге соғұрлым түсіністікпен қарайды. Көп нәрсе айнала мен ортаға байланысты. Балаңызды көшеде ұрып-соқса немесе жұмысынан босатса, сіз оны қолдап отыруға дайын болуыңыз керек. Іс жүзінде, гетеросексуалды емес адамдардың мүмкіндіктері шексіз. Тарихта да пен қазіргі заманда да қоғам мойындаған гейлер мен лесбиандар жеткілікті. Мысалы Астрид Линдгреннің немесе П.Чайковскийдің мысалдары әркімнің аузында. Одан бөлек күн сайын мыңдаған қарапайым адам өз жұмысын атқарып, марапат-мадаққа ие болып жатады. Гомосексуалдылық бұған еш кедергі болмайды.

Менің балам қылмыс жасап жатыр ма?

Кеңес заманында ерлердің «гомосексуалдығы» қылмыстық құқық бұзушылық болып саналды. Бірақ, он жылдан астам уақыттан бері "содомия" қылмыстық қудалауға негіз болып табылмайды. Кейбір саясаткерлердің әрекеттеріне қарамастан, жақын арада гомосексуализм қылмыс болып саналады деп қорқуға негіз жоқ.  Алайда, біз сіздің назарыңызды сексуалдық бағытқа байланысты дискриминация үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі туралы қазақстандық заң әлі де қабылданбағанына аударғымыз келеді. Гомосексуалды неке мен ер мен әйел арасындағы некенің құқытарын тең ететін заң жоқ. Сондықтан гомосексуалды адамдардың өз құқықтары үшін күресуге әлі де себептері жетерлік.

Сондай-ақ, балаңыз шетелде демалуға немесе оқуға арналған орындарды таңдау кезінде мұқият болуға кеңес береміз.

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: