close

You are here

26 May 2021752

Біздің балаларымыз. Гейлердің, лесбиандардың, бисексуалды балалардың ата-аналары қоятын сұрақтар. 8 бөлім

Мәтіннің түпнұсқасы: PFLAG
Мәтін аудармасы: info.gej.ru
Иллюстрация үшін алғысымызды айтамыз: @mad_august

Бұл туралы туыстарымыз бен достарымызға қалай айта аламыз?

Бұл сұрақ сізді балаңызға барынша жақындатады. Мұны өзіңізден сұрай отырып, сіз өзіңіздің ұлыңыздың немесе қызыңыздың гомосексуал болғанын мойындамас бұрын бастан өткерген сезімдерін өзіңіз де бастан кешіресіз. Оның үстіне, сіздің балаңыз мұндай шешімді ондаған, жүздеген рет қабылдайды.  Сіз де мұны балаңызбен бірнеше рет жасайсыз. Көптеген ата-ана баласының "стандартты емес" бағытын айту керекті жағдайлардан аулақ болу үшін бар күшін салады. Олар ұлдарының қыз құрбылары туралы әңгімелерді немесе жігіттердің арасында қызына лайықты күйеу табылмағаны үшін жігіттерді жамандайды. Олар, ақырында, өз балаларының гомосексуализм фактісін мойындауға күш тапқанда, олар мұның "соншалықты қорқынышты" емес екенін түсінеді. 

Балаңыздың гомосексуалдығы туралы кімге айту-айтпау туралы шешімді балаңызбен бірге қабылдауыңыз керек. Бұл басты шарт болып табылады.

Сондай-ақ, бұл жағдайды іштей қайталап, дайындалып көріңіз, сіз маңызды хабарландыруға немесе жаңа жұмыс орнында сұхбаттасуға дайындалып жатқандай елестетіңіз. Мүмкін болатын сұрақтарға өзіңіздің жауаптарыңызды ойластырып қойыңыз. Айтқыңыз келетін сөздерді таңдап қойыңыз. Мүмкін сізге «менің ұлым гей» дегеннен гөрі «менің ұлым көгілдір» деп айту оңайырақ шығар немесе керісінше. Осы сөздерді айнаның алдында айтып көріңіз,мүмкіндігінше мақтаныш және сүйіспеншілігіңізді салыңыз. Қолыңыздан келді ме? Егер олай болмаса, сөзіңізде нақты күш пайда болғанша қайталаңыз. Егер сіз бұл туралы сөйлескен кезде дауысыңыз қалтырап, көзіңізден жас төгілсе, олар сізді мақтан етпей, керісінше сізді аяй бастауы мүмкін. Бірақ мақтануға болатын нәрсе бар ғой - сіздің балаңыз алдымен өзіне, сосын сізге басқаларға ұқсамайтынын мойындап, қоғамға қарсы шығуға өзінен күш таба білді.

Бұл батыл қадам және оны мақтан етуге болады және мақтану керек.

Көрші-қолаң не ойлайды?

Бұл проблема, әсіресе, шағын қалалар мен ауылдарда өзекті.Егер сіздің достарыңыз бен туыстарыңыз сізді және сіздің балаңызды жаңа қырынан оңай қабылдайтын болса, көршілер бұлай жасамауы да мүмкін, себебі олар бөтен адамдар. Алайда, олардың да алдында мұны мойындауға тура келеді. Бұл жағдайдан кейін нан сатушы әйел сізбен сөйлесуді тоқтатып, ал көрші өз балаларына сіздің балаңызбен сөйлесуге тыйым салуы мүмкін. Әрбір осындай оқиға сіздің жүрегіңізге ауыр тиуі мүмкін. Сізге бұдан былай шыдай алмайтындай болып көрінсе де, сіз жай ғана бейтаныс адамдардың ой-пікіріне мән бермеңіз. Егер сіздің балаңыздың шынайы сексуалдылық бағыты сіз үшін құпия болып қалса, сіз одан да көп нәрсені, өзіңіздің туған және жақын адамыңызбен түсіністікті жоғалтар едіңіз.

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: