Zhamilya Kassymkhan
Jose Xtravaganza: өнер, жанұя және шабыт
Бұл жылы әлем індетпен күресуде. Соған орай, үйде отырып түрлі онлайн шараларға қатысуға болады. Осылайша, біздің қоғамдастықты қолдау мақсатында АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы заманауи бидің ең танымал бағыты - вогингке арналған кең ауқымды бағдарлама ұйымдастырып, қонаққа Хосе Гутьересті шақырды. Ол хореограф, атақты “Pose” сериалының қатысушысы, Madonna-ның "Vogue" бейнеклипіндегі билерді қоюға жауапты маман, сонымен қатар Xtravaganza үйінің “әкесі”. Өткен маусым айы - ЛГБТ-ортасының прайд айы деп танылады. Соған орай, қоғамдастықты індет кезінде қолдау мақсатында, Хосе Гутьереспен өткен шағын сұхбатты оқи отырыңыздар.