close

You are here

01 April 20174157

Қазақстанда гей мәдениеті жылын жариялайтын кез келді

Өткен жыл аты шулы феминисттік акциялар мен ашылып қалған тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерімен есте қалды. Ал 2017 болса, Қазақстандағы гей мәдениеті жылына айналатын түрі бар. Жыл басталғалы бері қазақстандық ақпараттық алаң осы тақырыпта жазылған бірнеше материалдармен дүрлігіп алды. Әдеттегі тыныштық пен оқта-текте өсекші газеттерде пайда болатын “құлдыраушы Гейропа” мен сексуалдық азшылықтар жайындағы материалдардан өзге, бейтарап және ағартушылық мәндегі ЛГБТ тақырыбындағы материалдардың ағымын, шынында да, үлкен алға жылжушылық деп атауға негіз бар. Конспирологияға бейім кейбір азаматтар барлығына дәстүрлі қазақстандық құндылықтарға өз кемпірқосақ түстес қолдарын сұға бастаған халықаралық гей-лоббиді кіналап үлгергенін де айта кету керек.

Ерекше сезімтал оқырмандарымыздың көңілін жұбатып қоялық. Кейбір саясаткерлер мен азаматтардың Қазақстанның дара жолы бар екендігіне кәміл сенетіндігіне қарамастан, біз де Европада негізі қаланған құндылықтар мен даму векторларымен бір бойлықта келе жатырмыз. Егер европалық гуманизм парадигмасымен жасап келе жатқан мемлекеттердің тәжірибесіне көз жүгіртсек, Қазақстанмен ұқсас тұстарын байқай аламыз. Саяси азшылықтардың арасындағы ең үлкені - әйелдер. Кейде тіпті ерлерге қарағанда сан жағынан басым болса да, бұл топтың құқықтары үнемі шектеліп отырады. Өзінің сан жағынан көптігінің салдарынан, әйелдер қоғамда өзгеріс туындататындай күшке ие. Феминизм, қатып қалған қоғамдық сананың мұзын жарып, артынан еріп келе жатқан саны азырақ азшылықтарға жол ашады, оның ішінде ел аузында сексуалдылық азшылықтар деп аталып кеткен топ та кіреді. Бұның мысалдарына бүгінгі күні Қазақстанда өзіміз куә болып отырмыз. Өткен жыл өмірдің түрлі салаларындағы феминизмнің белсенділігімен аты қалды: әйелдер жұмыс орнында теңдей жалақыға құқықтары бар екендігін жария етті (Heforshe), зорлық зомбылыққа қарсылығын (#немолчикз) және өз денелері мен моральдік принциптеріне өздері қожа екендігін атап өтті.

2017 жыл ЛГБТ азаматтардың өз құқықтары үшін белсенді күресін бастайтын жыл болғалы тұрған секілді.

Өкінішке орай, біздің құқықтық және саяси мәдениетіміздің бұл даму деңгейін әлі де қуып жетуі керек екендігін мойындауға мәжбүрміз. Бұл дегеніміз біздегі процесстер кезіндегі Батыс мемлекеттеріне қарағанда үлкен жылдамдықпен жүріп келе жатыр деген сөз. Ал үлкен жылдамдықта бұрылыстар мен тоғысулар ерекше қауіпті келетіні белгілі. Бұны елде ассиметриялық даму деп атайды. Сол себепті, идеологиялық қақтығыстар тек қоғамда ғана емес, тіпті жекелеген тұлғалардың саналарында да жүріп жатыр. Бұның айқын мысалын өз санасында Қазақстанды демократия жолына түсіру мен гейлерді отқа жағып өртеу ойларын қатар алып жүрген оппозициялық “фейсбук батырларының” Zhanara Akhmet-тің жазған материалына білдірген пікірлерінен көрдік. Сонымен қатар, әдетте “артында америка тұр” деп айыпталатын оппозиция мүшелері соның барлығын ұмыта қойып, Мемлекеттің Қауіпсіздік органдарының өздері ауыздарына сөз салғандай болып, гейлер мен оларға тілектестік білдірушілерді Вашингтоннның өзінен тікелей бұйрық алып отыр деп салды.

Дегенмен, қоғамның өзгерісін тоқтатпақ жоқ. Бұл бір табиғи заңдылық болғандықтан деп айтудан аулақпыз. Бар болғаны, жаңағы гейлерге қарсы болып жүрген оппозиционерлер өздерінің адам құқықтарын талап етуімен, өздері білместен ЛГБТ құқықтарының сойылын соғып жүр. Себебі, гей, бисексуал және трансгендер азаматтар да адам, олар да азамат. Осылайша мынадай таңдау туындайды: не тең құқықтарды барлық азаматтарға алып береміз, не болмаса дәл қазіргідей тең бірақ кейбір көкелер мен жәкелер өзгелерден теңірек елде өмір сүре береміз.

Дерексөз: esquire.kz

Аудармашы: Заман Үні

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: