close

You are here

21 November 20173306

ҚЫЛМЫСҚА ОРТАҚТАСПАУДЫҢ ЖОЛЫ

Трансгендер тұлғаларды жек көру трансфобия деп аталады. Бұл терминдер кімді болса да шатастырып жібере алатындығы анық. Мәселен, трансфобия деген сөзбе сөз аударғанда трансгендерлерден қорқу дегенді білдіреді. «Біз ешкімнен қорықпаймыз!» деп айқайлайтын батырлардың дауыстары әлден құлағыңызға жетіп те қалған болар. Морган Фриманның сөзімен айтса, олар шынымен де ештеңеден қорықпайды, олар бар болғаны надан. Осыменен іс тоқтаса жақсы ғой. Алайда, көп жағдайда бұл жек көру зорлық-зомбылыққа, тіпті адам өлтіруге алып келуі мүмкін.

Трансгендер тұлғаларды жиі өлтіреді. 20 қараша – Трансгендерлерді еске алу күні. Жыл сайын осы күнге орай түрлі активисттер материал дайындайды. Көп жағдайда өлтірілген адамдардың аты-жөні, жасы және өлім себебін көрсететін ұзын-ұзын тізімдер жарық көреді. Гетеросексуалдар Парадын өткізуге шақырған секілді цисгендерлерді еске алу күнін де ұйымдастырса болар ма еді? Жоқ, болмас еді. Себебі, ешбір адам цисгендер болғаны үшін өлтірілмейді. Ал трансгендерлер күн санап жәбір көреді. Сіз «жалғыз трансгендерлерді емес, барлығын да өлтіреді ғой» деп айтуыңыз да мүмкін. Ол рас. Бұл қылмыстардың себебі әрқандай. Ал қылмысқа итермелейтін факторды назарсыз қалдыруға болмас.

Жек көру негізінде жасалатын қылмыстар өздігінен пайда болмайды. Бұл қылмыстарды қозғаушы күш қоғамның терең қатпарларынан тамыр алады. Жауластық, желідегі жек көрінішке толы комментарийлер, БАҚ-тағы келемеж және қоғамдық тұлғалардың агрессивті сөздері – бұның барлығы да зорлық пен қылмыс туындатады.

Сіз жасаған әрбір трансфобты әрекет пен сіз айтқан әрбір сөз айналаңыздағы қоғамды жек көруге үйретеді. Сіз қылмысты қозғаушы күшке айналасыз. Трансгендерлерге қарсы зорлыққа еті үйренген қоғам ертеңгі күні сол зорлықты сізге қылмасына кім кепіл?

Аудармашы: Заман үні


Сөздік

Цисгендерлік (лат. cis, — бір жақты және ағыл. gender — жыныс, гендер) — гендерлік тұлғасы мен биологиялық жынысы сәйкес келетін адамдарды атауға қолданылатын термин.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: