close

You are here

03 March 20182847

Өз қолыңмен қауым жинау

Оқта-текте біз Алматы мен Астана қалаларында өткен қызықты жиындар мен кештер туралы жазып отырамыз. Бұл жиындарда ЛГБТ көңіл көтерумен қатар, өз уақыттарын пайдамен өткізеді: өз мәселелерін талқылап, қолдау тауып, бейжай емес адамдармен таныса алады. Бұл мақалаларға шағын қалаларда тұратын оқырмандардан көптеп жауап келеді. Олар өз шаһарларында да осындай жиындарға мұқтаж екендіктерін айтады. Себебі, көп жағдайда ол қалаларда тіпті гей-клуб та жоқ. Бұған беретін жауап біреу ғана: «Суға кеткен тал қармайды». Ендеше, біздің кеңес – сіз де тал қармап, өз қалаңыздағы ЛГБТ жиынды өзіңіз ұйымдастырыңыз демекпіз. Оны қалай істеудің жолдарын біз ұсынған нұсқаулардан көрсеңіз болады.

Не үшін?

Алдымен маған бұндай жиын керек па, жоқ па деген сұрақты қойып көріңіз. ЛГБТ жиын деген міндетті түрде тең құқық үшін күрес, әкімшілік алдындағы шеру немесе министрге хат болуы керек емес. Мүмкін сізге жай ғана таза ауадағы пикник, не болмаса кино ұнайтын шығар? Сол себепті, енді сізге қыстай Франсуа Озонның фильмдерін көріп отырып бірге попкорн жеуге немесе жаздай дорбаңызды асынып алып, өзен жағасында серуендеп, «I will survive!» деп шырқау үшін серік керек. Сонымен, біздің алғашқы кеңес:

Тек өз көңіліңізден шығатын нәрсемен айналысыңыз.

Кіммен?

Бұл сұрақтың жауабы бірінші абзацта аталып кетті: өзіңізбен мақсаттас, өзі де осындай жиынды іздеп жүрген адамдармен. Мысалы, егер сіз ЛГБТ-шаңғышылардың қауымын жинағыңыз келсе, оған конькишілердің қосылмасы анық. Алайда, кім біледі, бәрі мүмкін ғой! Дегенмен, келесінің істеудің мүлде қажеті жоқ:

Сіздің гей-радарға түсіп қалған кез келген адамды қауымға жинап тырысудың қажеті жоқ. 

Біреу гей, лесбиян немесе транс адам болса, ол сізбен бірге жиыла қалуға дайын тұр деген сөз емес. Күшке саламын деп, сындырып алып жүрмеңіз. Әрбір адамды жинауға тырысудың қажеті жоқ. ЛГБТ-ның көпшілігіне бұның қажеті де болмауы мүмкін.

Қалай бастау керек?

Бұл жолда сіздің алдыңыздан шығатын алғашқы сұрақтардың бірі – өз қаламдағы өзім секілді адамдарды қалай табамын? Қаланың көшелеріне жарнама жабыстырып қоюдың жолы жоқ. Газетке де шығара алмайсыз. Сол себепті келесі жолмен жүріңіз:

  1. Компьютер немесе смартфоныңызға VPN-қызметін орнатып алыңыз. Мысалы, CyberGhost немесе Orbot.
  2. Жаңа Gmail пошта жәшігін ашыңыз. Құпия сөзіңіз ұзақ және қиын болсын. Бұл бос әуре емес, өте маңызды мәселе!
  3. Жаңадан жасаған жәшігіңізбен әлеуметтік желілерде аноним профилдер жасаңыз. Ол парақшаларды қажетті ақпаратпен толтырып, өзіңіздің ЛГБТ екеніңізді, қай қаладан екендігіңізді және сізді қызықтыратын мәселелер мен сол мәселенің айналасында жиын жинағыңыз келетіндігін паш етіңіз.

Енді, барлығы дайын болғанда, өзіңізді жалған аккаунттарыңызды қолдана отырып, қазақстандық ЛГБТ парақшаларға жазылыңыз һәм өзіңіздің жиын жинап жүргендігіңіз туралы және сізден қалай хабар алмасуға болатындығы туралы ақпаратты сол парақшаларда жариялаңыз.

Тағы да бір жолы, өз қалаңызда ЛГБТ жиын жинағыңыз келетіндігі туралы шағын ғана хабарлама жазып, оны office@kok.team адресіне жіберсеңіз болады. Егер сіз өзіңізді жаз алмайтындардың қатарындамын деп есептесеңіз немесе мәтін жазып жатуға құлқыңыз болмаса, Kok.team редакциясының мүшелері әрқашан сізге көмекке келуге әзір. Мысалы мына жерде.

Әзірге осы. Егер сұрақ туындаған болса office@kok.team адресі бойынша редакциямен хабарласуға немесе комментарий қалдыруыңызға болады. Сонымен қатар Ресей ЛГБТ желісі жасап шығарған келесі ЛГБТ белсенділерге арналған нұсқалықты оқып шығуларыңызға болады.

Келесі мақалада сізге қауіпсіз түрде қалай офф-лайн кездесуге болатындығы және Қазақстандағы ЛГБТ жиындардың қалай өтетіндігі туралы бірнеше мысал келтіре отырып айтып береміз.

Аудармашы: Заман үні


Жаңалықтарды өзіңізге ыңғайлы желіден алыңыз
Біздің Telegram
Facebook
Vkontakte
Instagram парақшаларымызға жазылыңыз

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: