close

You are here

17 March 20183669

Сыртқы істер министрі: ЛГБТ құқықтары – Қазақстан үшін маңызды тренд

Mindet.kz деректері бойынша

2018 жылдың 8 ақпаны күні ҚР СІМ консультативті кеңесінің «Адамзаттық өлшем бойынша диалог» отырысы болып өтті. Отырысқа билік өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, сонымен қатар Артур Платонов, Меруерт Қазыбекова, Светлана Бычкова секілді мәжіліс депутаттары қатысты. Қатысушылар СКҰ-ның 2017 жылы жасаған жұмысын қорытындылап, келер жылға жұмыс жоспарын бекітті. Сонымен қатар, БҰҰ әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою бойынша комитетінің кеңестерін жүзеге асырылуы бойынша есеп тыңдалды.

Қазақстандық ЛГБТ қауымдастық үшін осы отырыста сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың айтқан сөздері ерекше маңызды болды. Қазақстан үшін маңызды бағыттардың қатарында министр әйел құқықтары, бала құқықтары үшін күресті атап кетті. Бұл қатарда министр ЛГБТ құқықтарын қоса атады.

АҚШ және Еуроодақпен жасалған кеңейтілген серіктестік туралы келісімдерді сөз ете отырып, «Әлемдік трендтер бар, және біз олардан қалып қоймауымыз керек», — деп қосты министр. Бұл осы келісімнің талаптарын орындауға ерекше түрткі болуы тиіс.

Бұл жерде ел тарихында алғаш рет үкімет өкілі ЛГБТ құқықтары үшін күрес Қазақстан үшін тренд деп айтқанын атап кету міндет.

Бұл жерде әңгіме министр Абаевтың жағдайындағы сұрақ жауап немесе денсаулық сақтау министрі Біртановтің жағдайы секілді азаматтың сұранымы бойынша туындаған жоқ.

Министр Әбдірахмановтың сөзі ЛГБТ құқықтары ҚР СІМ үшін күн тәртібінде тұрған мәселе секілді естілді.

Kok.team редакциясы мен ЛГБТ қауымдастығы бұл сөздерді қуана қабылдайды. Бұл сөздердің іс жүзінде әсері болар деп үміттенеміз. Атап айтсақ, Қазақстандағы ЛГБТ құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жыныс немесе сексуалдылық негізіндегі кемсітушілікке жол бермейтін заңнама қабылдау ерекше маңызды. Кемсітушілікке қарсы заңнама.

Аудармашы: Заман үні

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: