close

You are here

13 October 20186698

Біржынысты некеге қарсы 10 дәлел

1. Өз жынысыңды сүю — табиғатқа қарсы іс. Нағыз адам баласы табиғи еместің бәрінен ылғи тәрк етуі керек: телефон, көзілдірік, пластик, немесе кондиционер.

2. Гейлер бір-біріне үйленсе, олардың саны көбейе бастайды. Ұзын бойлы адамдардың жанында көп жүрсең, сенің де бойың ұзарады емес пе?

3. Біржынысты некені заңдастыру басқа да жындылықтарға жол ашады. Мәселен, адамдар өзінің итіне үйленуі мүмкін. Себебі иттің адаммен тең заңды құқықтары бар ғой? Себебі ит келісімшартқа қол қоя алады ғой?

4. Екіжынысты неке әрқашан бүгінгі кейпінде бар болды да ешқашан өзгеріске ұшырамады. Басқа да ұстанымдарымыз сақталып келе жатыр емес пе? Мәселен, біз әлі де 10-жасар қызды 90-дағы шалға зат қылып сатып береміз ғой, иә? Біз әлі де үйде құл ұстаймыз, әлі де ажырасу — өлім жазасын қолдануға тұрарлық қылмыс қой, дұрыс па?

5. Біржынысты некеге жол берсек, жалпы некенің маңызы жоқ болып кетеді. Мысалға, Бритни Спирстің бірнеше минут қана созылған некесінің киесіне тиюге қандай хақымыз бар? Ақша үшін, ипотека үшін біресе некелесіп, біресе некесін бұзып жүрген адамдарға қай бетімізбен қараймыз? Некенің нағыз киесін түсінетін жандар ғой олар!

6. Некенің алғышарты — бала туу. Сондықтан лезбиендерге, гейлерге, және бедеулерге, яғни тұл әйелдер мен белсіз еркектерге, және кәрілерге некелесуге тиым салу керек. Себебі елдегі жетімдер үйлері балаға әлі толмапты.

7. Екі гей тәрбиелеген ұл бала әрине гей болып өседі, екі лезбиен тәрбиелеген қыз бала әрине лезбиен болып өседі. Себебі кәзір өмір сүріп жатқан гейлер мен лезбиендердің бәрі — қос гей немесе қос лезбиен тәрбиелеген балалар емес пе?

8. Біржынысты неке дінге қарсы. Себебі біз теократияда өмір сүреміз, яғни белгілі бір діннің догмалары — бізде заң. Сондай-ақ, біздің елде жалғыз ғана дін бар.

9. Балаға, дұрыс тәрбие үшін, әйел ата-ана мен еркек ата-ананың бар болуы — міндет. Сол себепті біздің елде жалғыз басты аналарға, жалғы басты әкелерге баласын тәрбиелеуге жол берілмеу керек. Дұрыс па?

10. Біржынысты неке қоғамдағы фондаментал нормаларды өзгертпек. Ал біз, адамдар, жаңа өмір салтына ешқашан үйрене алмайтын мақұлықтармыз. Мәселен, көлік айдау, айлықты банкоматтан алу (ол аздай, нан күйінде емес, қағаз ақша күйінде!), ұзағырақ өмір сүру — бұның бәрі жаман нәрсе, себебі қоғам ешқашан да өзгермеуі керек.

P. S. Бұл жазба, иә, иронияға толы.
 

Дереккөз

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: