close

You are here

Сауалнамадан өтіп, денсаулық сақтау Министрлігіне ер адамдармен жыныстық қатынасқа түскен ерлерге қаншалықты медициналық қызмет қажет екенін анықтауға көмектес.

31 July 2019 4893

Көпшілігіміз АИТВ-мен (ВИЧ-пен) күресу бағдарламасы аясында тегін АИТВ (ВИЧ) мен жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға тексеріліп, презервативтермен, лубриканттар алып, АИТВ (ВИЧ) тестілеу нәтижесі оң болса дәрісін алып жүреміз.

Бұл қызметтердің барлығы қарапайым логикаға негізделген - денсаулық сақтау Министрлігі еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркетердің АИТВ-ге (ВИЧ-ке) шалдыққан топқа жататынын біледі. Сондықтан дәрігерлер алдын-алу және емдеу үшін арнайы ақысыз қызмет көрсетуге тырысады, алайда бізбен белгілі бір қиындықтар бар - гомофобияға байланысты өзіміз туралы өте аз мәлімет береміз, бұл осы қызметтерді есептеуді қиындатады. Дәрігерлер біздің қанша екенімізді білмейді, яғни қанша тест, презерватив, дәрі-дәрмек сатып алу керек екенін білмейді. Ақпараттың жоқтығынан олар бізге тіпті қандай қызметтер қажет екенін де білмейді.

Осы жылы біз шағын анонимді сауалдамен өту арқылы сатып алулардың қалыптасуына және жоспарлау алгоритмдеріне әсер ете аламыз. Сіздің осы сауалнамаға қатысуыңыз өте маңызды және сізге АИТВ-ның (ВИЧ-тің) алдын-алу бағдарламаларын жақсарту үшін Қазақстандағы еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркетердің санын анықтауға мүмкіндік береді, біз сіздің жеке ақпаратыңызды сұрамайтын немесе сақтамайтынымызға кепілдік береміз.

Анкета сілтемесін достарыңызға жіберіңіз.

Сауалнаманы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы жүргізеді.

Сауалнаманың қазақша нұсқасы: https://forms.gle/D3Shf28zx8G53LYJ8

Орысша нұсқасы: https://forms.gle/9Bi3wzMysaZAeUCq8

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: