close

You are here

26 May 2021806

Біздің балаларымыз. Гейлердің, лесбиандардың, бисексуалды балалардың ата-аналары қоятын сұрақтар. 4 бөлім

Мәтіннің түпнұсқасы: PFLAG
Мәтін аудармасы: info.gej.ru
Иллюстрация үшін алғысымызды айтамыз: okkamych okkami

Менің балам неге осындай?

Бұл сұрақты ата-аналар белгілі бір себептерге байланысты жиі қойады.  Олар дұрыс тәрбие бере алмағандары үшін өздерін кінәліміз деп ойлауы мүмкін немесе олар өздерінің сүйікті балаларының басын біреу айналдырып алды деп ойлайды, ал кейбіреуі өздерінің «стандартты емес» туысқандарынан гомосексуалдықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілуі туралы сұрайды...

Бала гомосексуалдығын мойындаған жиі ата-ана өзінен: «мұндай жазаға тап болатындай мен не істедім?» деген сұрақ қояды. Бұл қасақана жасалған реакция емес, жай ғана ата-ананың баламның бойында бір мін жоқ деген фантазияның бұзылуынан туындаған қасіретті реакция. Сіздің балаңыздың мойындауы, сізге неліктен ауыр тигені осыған байланысты болуы керек. Жақсылап ойланып көрсеңіз, балаңыз сізге шындықта негізделген адал және сенімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беріп тұрғанын түсінесіз. 

Сіз өзіңіздің балаңыздың басын біреу айналдырып алды деп ойлауыңыз мүмкін. Гейлер туралы айтсақ, олар туралы гейлер әдейі тәжіребиесіз жасөспірімдердің басын айналдырып, өздері секілді қылғысы келеді деген бұрыс стереотиптер бар. Бұл дұрыс емес, себебі, ешкім, еш жағдайда адамнан гей  «жасай» алмайды. Сіздің балаңыз гейлердің бар екенін де білмей тұрып, өзінің басқаларға ұқсамайтыны туралы ұзақ ойлануы мүмкін. Сіздің балаңыз мүлдем гей болмаса, оны гейге «айналдырып» жіберуі мүмкін емес. 

Басқа да көп таралған қате түсініктің бірі, баланың осындай болғанына, балаға тәрбие беру кезінде қателік жасағанымыз үшін кінәліміз деген түсінік.  Олар баланың гомосексуалды болуы - олардың кінәсі екеніне шынайы сенеді. Ата-ананың жеке басты ерекшеліктері (доминантты ана мен бағынышты әке), толық емес отбасыларда үлгі болатындай рөлдік модельдің болмауы, кіші баланың еркелігі сияқты факторлар бірінен соң бірі айтылып, қабылданған болатын. Ал шынына келсек, гейлер кез келген отбасыда болуы мүмкін. Кейбір гейлердің отбасындағы басшысы анасы болса, кейбіреуінде әкесі.  Кейбіреуі  әкесіз өссе, басқалары анасыз өскен. Гейлер отбасында жалғыз бала, тұңғыш, кенже немес ортаңғы бала болуы да мүмкін. Гейлер тіпті «бір міні жоқ» деп аталатын отбасыларда да өсуі мүмкін. Гомосексуализмнің себебі, тәрбинің ерекшеліктеріне байланысты деп айтуға еш негіз жоқ.

Көптеген ата-аналар гомосексуалдықтың негізінде биологиялық себеп жатыр ма , жоқ әлде әлеуметтік себеп пе деген ойға қызығушылық танытады. Кейбір зерттеушілер гомосексуалдықтың генетикалық негізі туралы айтады, кейбіреуі мидың ерекшеліктерін зерттейді, ал басқалары керісінше гомосексуализмнің себебін әлеуметтік ортадан іздейді. Бүгінде, бұл теориялардың ешқайсысының дұрыстығына дәлел жоқ. Бұл шынында да қатты маңызды ма? Сіздің балаңыздың сүйіспеншілікке және қолдауға деген қажеттілігі шынында да ғалымдардың гомосексуализмнің себептері туралы ойларына байланысты ма?

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: