close

You are here

26 May 2021764

Біздің балаларымыз. Гейлердің, лесбиандардың, бисексуалды балалардың ата-аналары қоятын сұрақтар. 5 бөлім

Мәтіннің түпнұсқасы: PFLAG
Мәтін аудармасы: info.gej.ru
Иллюстрация үшін алғысымызды айтамыз: Sasha S_ova

Неліктен менің баламның гомосексуалды болуы, мен үшін соншалықты жағымсыз?

Бұл жағымсыз сезімді біздің ортамыз және мәдениетіміз тудыруы мүмкін. Түсінбеушіліктен туған гомофобия осы жерден туындайды. Сіз кітаптарда немесе фильмдерде, гейлерді қолайсыз жағдайда бейнелейтінін көрген шығарсыз. Сіз өзіңіздің балаңызды осы рөлдерде еріксіз елестетіп, ыңғайсыздықты сезінесіз, себебі, сіздің балаңыздың армандары қорқынышты картиналарға ауысады. Сізге гомофобиялық қоғам орнатқан стереотиптерді жоюға тырысу керек. Сіздің балаңыз толықтай қалыпты. Оны басқалардан ерекшелендіретін жалғыз нәрсе - оның сексуалдығы. Ол үшін барлық жол ашық және ол жетістіктерге жете алады, себебі балаңызда сіз, яғни ақылды және түсіністігі мол ата-ана бар.

Тағы басқа жағымсыз әсердің бірі - өзіңді кінәлі сезіну. Бұл көбінесе өз тәрбиесінде  демократиялық көзқарасты ұстанған ата-аналардың арасында, бұрын гомосексуалды болған немесе жасырын гомосексуал ата-аналардың арасында болатын сезім.

Тағыда қайталайық, сіздің өзіңізді кінәлі сезінуіңізге еш себеп жоқ. Сіздің ұлыңыз, сіз оны дұрыс тәрбиелемегендіктен немесе өткен өміріңіздің салдарынан гейге айналған жоқ.

Өзіңіздің жағымсыз эмоцияларыңызбен не істеуге болады? Оларға емес, сіздің балаңызға қазіргі уақытта не қажет екеніне көңіл бөлуге тырысыңыз. Оның бақытты болуына көмектесіңіз, сонда сіздің жағымсыз сезімдеріңіз өздігінен кетеді.

Мүмкін психиатрға немесе психологқа қаралу керек шығар?

Баланы "дұрыс емес" бағытынан арылту үшін психиатрға бару пайдасыз идея. Гомосексуалдық -"емдеуге" болатын ауру емес. Қазіргі заманның психиатриялық ғылымы адамның сексуалдық бағытын өзгертуге тырысу тіпті адамгершілікке жатпайды деп санайды. Гомосексуализм 1990 жылы, бірқатар зерттеулерден кейін, ДДҰ-ның аурулар тізімінен шығарылды. Сонымен қатар, психологтар мен психиатрлардың ресми пікірі бойынша кейбір риясыз психиатрлар мен діни көшбасшылар қолданатын «репаративті терапия» (жыныстық қатынастан ұзақ уақыт алшақ ұстау және гетеросексуалды әрекеттерді көруге жасанды ынталандыру) психикалық денсаулыққа тікелей зиян келтіреді.

Бірақ психологтың көмегі пайдалы болатын жағдайлар бар. Сіз өзіңіздің жеке сезіміңізбен бөлісіп, жағымсыз эмоциялар мен қателесуден айыға аласыз. Сіз гомосексуалды балаңызбен қарым-қатынасты қалай екеуіңізге де ыңғайлы етуге болатыны туралы кеңес сұрай аласыз.  Немесе сіз балаңыздың бақытсыз екенін және көмекке мұқтаж екенін байқайсыз. Қайталайық, гомо- және бисексуалды адамдар үшін (әсіресе жасөспірімдер) өздерінің "өзгеше" сексуалды бағытын қабылдауы өте қиын. Жағымсыз орта олардың тұрақсыз эмоционалдық жағдайы ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Ол зардаптардың ішінде нашақорлық, тіпті суицид те бар. Қиын жағдайларда сіз кәсіби психологтың көмегіне жүгінуіңізге болады, жүгінуіңіз керек те. Егер сіздің балаңыз маманға қаралғысы келмесе, сіз өз бетіңізше балаңызбен кеңесіп көріңіз, бұл жай әрекетсіздікке қарағанда пайдалы болады.

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: