close

You are here

26 May 2021964

Біздің балаларымыз. Гейлердің, лесбиандардың, бисексуалды балалардың ата-аналары қоятын сұрақтар. 7 бөлім

Мәтіннің түпнұсқасы: PFLAG
Мәтін аудармасы: info.gej.ru
Иллюстрация үшін алғысымызды айтамыз: ____

Біз баламыздың сексуалдық бағытын түсіністікпен қабылдадық, бірақ оның неге мұны сонша көрсете беретіні түсініксіз.

Гейлер мен лесбиянкаларды өздерінің бағыты туралы айтқанда, ЛГБТ белгілері бар футболка кигенде, бірге жүргенде, өздерінің бағыты жайлы «көрсете береді» деп жиі айыптайды.  Әдетте жұрттың барлығы гетеросексуалды әлемде, кенеттен шығып, өзінің сексуалдық бағытын көрсету жалғыз амал болып табылады. Көпшілік «өзін-өзі көрсете береді» деп тағатын айып шындығында кемсітушілікті жою және өз-өзіңді дұрыс бағалау білу бағытындағы әрекеттерге тағылатын айып. Балаңыз көпшілік алдында өз серіктесіне деген сезімін білдіргенде сіз ұялып, мұны ұнатпауыңыз мүмкін. Бірақ есіңізде болсын, әр жұп, гомосексуалды я гетеросексуалды болсын, айналасында ешкімді көрмейді және тек бір-біріне құмар. Олар бір-біріне ғашық, ал қалғаны маңызды емес. Әлде сізге қызбен жүрген жігіт оғаш көріне ме? Сіз «өзін-өзі көрсетеді» деп ойлағаныңыз әдеттегі мінез-құлық болуы мүмкін. Басқа жағдайларда ЛГБТ белгілері бар футболканы киіп, сол арқылы өзін көрсетіп, ерлік таныту ерікті шешім болуы мүмкін. Қатты алаңдамаңыз, сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз өзінің сексуалдығын қандай жағдайда көрсететінін немесе көрсету керектігін өздері шеше алады. Шешім қабылдауды оларға қалдырғаныңыз жөн.

Менің балам отбасы құра алады ма?

Көптеген адамдар жақын, сүйікті адамына, ал көпшілігі отбасылық ошаққа мұқтаж. Гей және лесбиан адамдарда бұл жағдай таңсық емес. Сіздің айналаңызда бір жынысты бақытты жұптар көп, және сіз балаңыздың айналасымен жақынырақ танысқанда, сіз оларды танып, білесіз. Бір жынысты некені ресми тіркеуге болмайтындығы олар үшін маңызды емес.  Сондықтан сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз бақытты және отбасылы бола алады.

Оның үстіне, кейбір бір жанысты жұптар балалы бола алады.

Кейбір ерлі-зайыптылар балаларды асырап алады, басқалары қолдан ұрықтандыруға немесе суррогат аналарға жүгінеді.  Сондықтан болашақта сіздің немереңіз болуы да әбден мүмкін.

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: