close

You are here

18 November 2017793

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі гомосексуализмді емдеуге тыйым салады

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Оригинал текста на русском

Соңғы кездері, ЛГБТ құқықтары мәселесіне қазақстандық қоғамның қызығушылығы артты. Бұл жағымды жағдай, медициналық қызметкерлердің жыныстық бағыт және гендерлік сәйкестілік (SOGI) мәселелерінде хабардар болмауы, біліксіздігі туралы маңызды мәселелерді анықтады. 

Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары, SOGI саласындағы мамандар мен белсенділер арасында тек түсініксіздік туғызатын қоғамдық «сараптамалық пікірлерді» қайта-қайта ұсынды. Мысалы, Атырау облысы психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Ғайнижамал Өмірованың мәлімдемесі бойынша, гомосексуализм бастапқы кезеңде психотерапиялық әдістермен емделеді, бірақ есейген сайын «Түзетулер» жасау мүмкін емес. Бұл дегеніңіз, дәрігер Өмірова ата-анасы өзінің баласының жыныстық бағытына шағымданып әкелген жасөспірімге ем қабылдайды дегенді білдіре ме?  Диагноз қандай негізде қойылады және қандай емдеу әдістері қолданылады?

Kok.team редакциясы келесі мәселелер бойынша министрліктің ұстанымын түсіндіруді сұрап, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов мырзаға жүгінді:

  1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдаған 10-шы қайта қараудың халықаралық классификациясы (ICD-10) Қазақстан Республикасында аурушаңдықты және диагноз қою кезін есепке алуға арналған бірыңғай нормативтік құжат болып санала ма?

  2. Диагноз қою кезінде ICD-10 басқа тағы қандай нормативтік құжаттар ескеріледі және олардың қайсысы басым болып табылады?

  3. Денсаулық сақтау мамандарының ICD-10 немесе ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған баламалы нормативтік құжаттан тыс диагноз қоюға және сондай диагноздарға емдеуді қолдануға құқығы бар ма?

  4. ICD-10 немесе ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған баламалы нормативтік құжаттан тыс диагноз қойған денсаулық сақтау мамандарына ықпал етудің қандай механизмі бар,мұндай жағдайлар анықталған кезде іс-әрекеттің қадамдық алгоритмі қандай?

Біз бұл сұрақтарға келесі жауаптарды алдық (министрдің толық жауабын мына жерден таба аласыз):

  1. ICD-10 - Қазақстан Республикасындағы аурушаңдықты есепке алуға арналған бірыңғай нормативтік құжат болып табылады.

  2. Медицина қызметкерлері өз жұмысында, медициналық көмекті ұйымдастыру стандарттары, диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамалары кезінде ICD-10-ды басшылыққа алуы керек.

  3. Медицина қызметкерлерінің ICD-10-дан тыс диагноз қоюына тыйым салынады.

  4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», Қазақстан Республикасы Кодексінің 185-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

Сонымен, біз гомосексуализмді ауру деп санайтын медицина қызметкерлері ICD-10-дан тыс диагноз қойса, яғни ақ-қара түсте жазылған "Жыныстық бағыт денсаулықтың бұзылуы деп саналмайды" деген сөзге қарсы шықса, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзады деген қорытындыға келе аламыз.

Маман пікірі

 Ирина Геннадьевна Ленская, жоғары санатты психиатр, 40 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, Республикалық психикалық денсаулық орталығы - РЦПЗ жанындағы дәрігерлік консультациялық комиссияның төрағасы.

Мен SOGI тобындағы пациенттерді емдеу әрекеттерімен бірнеше рет кездестім.  Соңғы екі айда ата-аналардың тек өз ойында қалған 3 жағдай болды.  Әр мүмкіндік сайын, мен әріптестерімді аңыздар мен қате түсініктерден «босатуға» тырысамын. Бұл оңай емес, мен SOGI мәселелерінде категориялық, тар көзқарастарға және күңгірттікке кезігемін.  Сонымен қатар, біз қазақстандық кәсіби қоғамдастықтағы гомофобиядан да басқа дамып келе жатқан гомофобиямен күресуіміз керек. Бір-екі жыл бұрын РЦПЗ-ның бұрынғы басшылығы мәскеулік профессорды шақырды, ол Қазақстан Республикасының бүкіл психиатриялық қоғамдастығына гомосексуализмді ауру деп жариялады.

 Өкінішке орай, SOGI тәсілдеріне қазіргі заманғы стандарттарды негізінен жеке бастама ретінде енгізу қажет.  Мысалы, мені Трансгендерлердің Дүниежүзілік Кәсіби Ассоциациясы (WPATH) шақырып, Амстердамнан келгенімде, мен өзімнің орталығыма және Каблуковқа сапарым туралы егжей-тегжейлі айтып бердім. Олардың жауабы тек түсінбеушілік болды.

Кейбір әріптестерім SOGI бойынша тренингтер мен конференцияларға қатысады, бірақ қатысуы әлі де қарапайым түрде өтеді және сирек кездеседі: Астанадағы гендерлік сәйкессіздік мәселелері бойынша дөңгелек үстел, бір жыл бұрын Алматыдағы тренинг (4 қатысушы) және бір ай бұрын Бішкектегі тренинг (2 қатысушы) өтті.  Сондықтан, біз әріптестеріміздің SOGI саласындағы құзыреттілік деңгейі өте төмен екенін және кейде жай архаикалық екенін мойындауымыз керек.

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: