Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.
Дереккөз: https://en.wikipedia.org/wiki/Lesbian
Лесби́ дегеніміз - гомосексуал әйел. Лесби сөзі, сонымен қатар, сексуалдық бағытқа қастыссыз, әйелдердің жыныстық тұлғасын немесе жыныстық мінез-құлқын сипаттау үшін, немесе әйел гомосексуалдығын немесе біржынысты тартылысты сипаттайтын, немесе оларға қатысты зат есімдермен байланысты білдіретін сын есім ретінде қолданылады.
Ортақ жыныстық бағыты бар әйелдерді бөліп қарастыратын “лесби” ұғымы 20-шы ғасырда қалыптасты. Көп уақыт бойы әйелдер гомосексуал қарым-қатынастар құруға ерлердей еркіндік пен тәуелсіздікке ие болмаған,алайда, сонымен қатар, бір;ынысты қатынаста болғаны үшін көптеген қоғамдардағы ерлердей қатаң жазаға да ұшырамаған еді. Керісінше, қатысушылардың бірі ерлерге тиесілі болған привилегияларға қол жеткізуге ниет білдірген жағдайлардан тыс, лесби қарым-қатынастары көбінесе зиянсыз болып қарастырылған. Соның нәтижесінде, тарихта әйел гомосексуалдығы қалай көрініс тапқаны жайлы нақты сипаттамалар аз. 19 ғасырда алғашқы сексологтар гомосексуалды мінез-құлықты сипаттап, категорияларға бөлуді бастағанда, гомосексуалдық және әйел гомосексуалдығы жайлы білімнің жетіспеуінің кесірінен олар лесбилерді әйел гендерлік рөлдеріне бағынбайтын әйелдер деп қарастырды. Яғни олар лесбилерді менталды аурулар қатарына жатқызды. Алайда, бұл белгілеу 20-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап әлемдік ғылыми қоғамда өз күшін жойған болатын.
Біржынысты қарым-қатынастағы әйелдер дискриминация және репрессияларға өздерінің жеке өмірлерін жасыру, немесе қуылған адам рөлін қабылдап, жеке субмәдениет және тұлға қалыптарсыру арқылы төтеп берді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін,үкімет гомосексуалдарды қуғын-сүргінге ұшыратқан әлеуметтік репрессия кезеңінде, әйел адамдар социализация және бір-біріне білім беру мақсатымен қауымдастықтарды құра бастады. Экономикалық және әлеуметтік бостандықтардың артуы әйел адамдарға кіммен қарым-қатынас және отбасы құрғысы келетінін таңдауға мүмкіндік берді. Екінші толқын феминизмі және 20 ғасырдың екінші жартысында әйелдер тарихын және сексуалдықты зерттейтін ғылымның дамуымен, лесби сөзінің анықтамасы кеңейіп, ұғымның қолданылуы жайлы пікірталасқа әкелді. Лиса М. Даймонд сексуалды құмарлықты лесбилерді анықтаудың негізгі компоненті ретінде анықтағанымен, кейбір біржынысты жыныстық әрекеттерге қатысатын әйелдер өздерін лесби немесе бисексуалдар қатарына жатқызудан бас тартады. Ал кейбер әйелдер өздерін лесбилер қатарына жатқызса да, бұл олардың жыныстық бағыты немесе сексуалды мінез-құлқына сай болмауы мүмкін. Әртүрлі себептермен, (мысалы, гомофоб ортада өз жыныстық бағытын анықтауға қорқу ) жыныстық тұлға және жыныстық бағыт пен сексуалды мінез-құлық тепе-тең, бірдей ұғымдар емес.
Лесбилердің медиада бейнеленуіне қарасақ, қоғам әйелдерге тән гендерлік рөлдерге бағынбайтын, басқа әйелдермен романтикалық қарым-қатынас құратын әйелдерге қызыға да, қорқа да қараған. Лесби тұлғасындағы әйелдер сырттан қарағанда этникалық тұлғаға байланысты бастан кешірілетін тәжірибеге ұқсас тәжірибелерді бастан кешіреді. Гомосексуалдар ретінде оларды гомофобиядан туындайтын гетеросексист дискриминация және өз отбасыларының, достарының және басқалардың олардан бас тарту мүмкіндігі біріктіреді. Әйелдер ретінде олар ерлерден бөлек мәселелерге тап болады. Лесбиалер дискриминация, алалаушылық, азшылық стрессінен туындайтын ерекше физикалық немесе психологиялық денсаулық мәселелеріне тап болуы мүмкін. Политикалық жағдайлар мен әлеуметтік көзқарастар да лесби қарым-қатынастары мен отбастыларың ашық түрде қалыптасуларына әсер етеді.
Ұғымның түбі мен өзгеруі
Лесби сөзі б.з.б. 6 ғасырда өмір сүрген ақын Сафо мекен еткен гректің Лесбос аралының атауынан шыққан. Әртүрлі көне жазбалардан тарихшылар бір топ жас әйел білім алу немесе мәдени тәрбие алу мақсатымен Сафоның қол астында қалдырылғанын анықтаған. Сапфоның поэзиясының аз бөлігі ғана аман қалған, бірақ оның сақталған поэзиясы ол жазған тақырыптарды, яғни, әйелдердің күнделікті өмірі, қарым-қатынастары және рәсімдерді көрсетеді. Ол әйелдердің сұлулығына ерекше көңіл бөліп, өзінің қыздарға деген махаббатын жариялады. 19 ғасырдың ортасына дейін лесби сөзі Лесбостың кез келген туындысына немесе аспектісіне, соның ішінде шарап түріне қатысты қолданылған.
Алджернон Чарльз Свинберннің 1866 жылғы «Сапфиктер» поэмасында лесби термині екі рет кездеседі, және де ол Лесбос аралын екі рет атап өткеннен кейін екі рет бас әріппен жазылғандықтан, «Лесбос аралынан» деген мағынаны білдіреді. 1875 жылы Джордж Сентсбери өзінің Бодлер поэзиясы туралы жазбасында оның «Лесбиандық зерттеулеріне» сілтеме жасап, сондағы «Дельфинаның құмарлығы» туралы өлеңін қосады, бұл жай ғана екі әйел арасындағы айтылмаған махаббат туралы өлең. Лебос аралы оның «Лесбос» деп аталатын басқа өлеңде айтылғанымен бұл өлеңде ол жайлы сөз болмайды .
Әйелдер арасындағы эротикалық қарым-қатынастарды сипаттау үшін лесбианизм сөзін пайдалану 1870 жылы құжатталған. 1890 жылы лесбиан термині медициналық сөздікте трибадизмді («лесбиандық махаббат» ретінде) сипаттайтын сын есім ретінде қолданылды. Лесби, инверт және гомосексуал терминдері 20 ғасырдың басында сапфист және сапфизммен алмастырылды. Сол уақытта медициналық әдебиетте лесбиан термині кеңінен қолданыла бастады; 1925 жылға қарай бұл сөз содомиттің әйел баламасын білдіретін зат есім ретінде жазылды.
Медициналық білімнің дамуы лесбиан терминінің одан әрі коннотацияларының пайда болуына әсер еткен маңызды фактор болды. 19 ғасырдың ортасында медицина жазушылары батыс қоғамдарының көпшілігінде маңызды әлеуметтік мәселе болып саналатын ерлердің гомосексуализмін анықтау жолдарын қалыптастыруға тырысты. Неміс сексологы Магнус Хиршфельдтің «инверсия» деп атағанын көрсететін мінез-құлықты санаттау кезінде зерттеушілер ерлер мен әйелдер үшін қалыпты жыныстық мінез-құлық не екенін, сондықтан ерлер мен әйелдердің «мінсіз еркек жыныстық түрінен», немесе «мінсіз әйел жыныстық түрінен» қаншалықты ерекшеленетінін анықтады.
Ерлердің гомосексуалдығымен салыстырғанда, әйелдердің гомосексуалдық мінез-құлқына көңіл бөлетін әдебиеттер саны өте аз, себебі, медицина мамандары әйед гомосексуалдығын маңызды мәселе деп қарастырмаған еді. Кейбір жағдайларда оның бар екендігі де мойындалмаған. Дегенмен, Германиялық сексолог Ричард фон Крафт-Эбинг және британдық Гэвлок Эллис әйелдердің бір жынысты тартымының ең ерте және тұрақты санаттарын жазып, оны ессіздіктің бір түрі ретінде қарастырды.(Эллистің «лесбианизмді» медициналық мәселе ретінде санауы қазіргі кезде дискредитацияланған)
Лесбилікті неврологиялық ауру деп санаған Крафт-Эбинг пен Крафт-Эбингтің жазбаларынан әсер алған Эллистің арасында жыныстық инверсияның хроникалық жағдайға жататыны туралы келіспеушіліктер туындайды.
Эллис басқа әйелдерге деген сүйіспеншілігін білдіретін көптеген әйелдер неке және «практикалық өмірді» бастан кешіргеннен кейін мұндай қарым-қатынастарға деген көзқарасын өзгертеді деп сенді.
Дегенмен, Эллис өмірлерін әйелдермен эротикалық қарым-қатынаста өткізетін «нағыз инверттер» бар екенін мойындады. Эллистің пайымдауы бойынша бұлар әйелдердің бағынышты, үйге байланған рөлдерін жоққа шығаратын «үшінші жыныстың» өкілдері болды. Инверт сөзі қарама-қарсы гендерлік рөлдерді, сондай-ақ ерлердің орнына әйелдерге деген тартылысты сипаттады; Виктория кезеңіндегі әйелдер жыныстық қатынасты бастауға қабілетсіз болып саналғандықтан, басқа әйелдермен жыныстық қатынасты бастайтын әйелдер еркектерге тән жыныстық құмарлыққа ие деп саналды.
Крафт-Эбинг пен Эллистің жұмыстары кеңінен оқылды және әйелдер гомосексуалдығы туралы қоғамдық сананы қалыптастыруға көмектесті. Сексологтардың гомосексуалдық туа біткен аномалия деген тұжырымдарын гомосексуал ерлер әдетте жақсы қабылдады; бұл олардың мінез-құлқының жалпы қылмыстық пиғылдан туындамағанын және оны қылмыс деп қарастыруға болмайтынын көрсетті. Олардың эмоцияларын сипаттайтын басқа материал болмағандықтан, гомосексуалдар өздерін өзгеше немесе бұрмаланған деп белгілеуді қабылдады және Париж бен Берлинде әлеуметтік топтар құру үшін өздерінің заң бұзушы мәртебесін пайдаланды. Лесби сөзі субмәдениет элементтерін сипаттай бастады.
Лесбилер, әсіресе Батыс мәдениеттерінде өздерін жеке сексуалдылығын, сондай-ақ ортақ қасиеттері бар топқа мүшелігін анықтайтын тұлғаға ие санайды. Әртүрлі мәдениеттердегі әйелдер атам заманнан бері басқа әйелдермен жыныстық қатынаста болса да, көбінесе олар физикалық қарым-қатынаста болатын адамдар тобының бөлігі ретінде қарастырылмаған. Батыс мәдениеттерінде әйелдер әдетте саяси азшылыққа жатқандықтан, гомосексуалдықтың қосымша медициналық белгіленуі субмәдениеттік сәйкестікті дамытуға себеп болды.
Сексуалдық және лесби тұлғасы
Төңкерілген қара үшбұрыштың ішінде күлгін реңктің фонында орнатылған лабристен (қос жүзді балта) тұратын лесбилік феминист туы. Лабрис лесбилік күшті білдіреді.
Лесби туы ерін далабы лесби жалау дизайнының түстерінен алынған.
2018 жылы әлеуметтік желіде лесбилік қауымдастық туы пайда болды, оның гендерлік әртүрлілікті білдіретін қою қызғылт-сары жолағы бар.
Әйелдер арасындағы жыныстық белсенділіктің лесби әйелді немесе лесбилік қарым-қатынасты анықтау үшін қажеттігі әлі күнге шейін де талқылану үстінде. Феминист жазушы Наоми МакКормиктің айтуынша, әйелдердің сексуалдығын ерлер құраған, ал олар үшін лесбилік жыныстық бағдардың негізгі көрсеткіші басқа әйелдермен жыныстық тәжірибе болып табылады. Алайда, әйелді гетеросексуал ретінде анықтау үшін бұндай көрсеткіш қажет емес. МакКормик әйелдер арасындағы эмоционалдық, психикалық және идеологиялық байланыстар жыныстық қатынаспен тең деңгейде маңызды, немесе одан да маңыздырақ екенін айтады. Осыған қарамастан, 1980-жылдары маңызды қозғалыс лесбилікті сексуалсыздандыруға қарсы шығып, мәдени феминисттер феминистік секс соғыстары деп аталатын қызу дау тудырды. 1950 жылдардағыдай қатаң түрде орындалмаса да, буч пен фем рөлдері қайтып келді. Олар 1990 жылдары кейбір әйелдер таңдаған жыныстық өзін-өзі белгілеу әдісі болды. Әйелдер өздерін сексуалдық шытырманшыл санауға және болуға қауіпсіз сезініп, жыныстық икемділік көбірек қабылдана бастады.
1983 жылы сексолог Пеппер Шварц атаған құбылыс жиі-жиі пікірталас туғызады. Шварц ұзақ уақыт бойы жұп құрған лесби жұптарының гетеросексуал немесе гомосексуал ер жұптарға қарағанда жыныстық қатынасқа сирегірек түсетінін айтып, бұл құбылысты лесби төсек өлімі деп атайды. Дегенмен, лесби әйелдер зерттеудің жыныстық қатынас анықтамасын талқыға алып, әйелдер арасында жиі жыныстық қатынасты қажетсіз ететін тереңірек байланыстар болатынын, сонымен қатар олардың өмір бойы бірнеше рет гетеросексуалдықтан бисексуалдыққа және лесбилікке өтуіне, немесе шартты белгіленулерден мүлдем бас тартуға мүмкіндік беретін жыныстық өтпеліктің жоғары болатыны сияқты басқа факторларды атай отырып зерттеу нәтижелеріне дау айтты. Кейінгі пікірлер зерттеудің қате болғанын және әйелдер арасындағы жыныстық қатынасқа дұрыс көрініс бермегенін немесе әйелдер арасындағы жыныстық қатынастың 1983 жылдан бері лесбилердің өздерінің жыныстық таңдауларын білдіруге еркіндіктің артуына байланысты көбейгенін дәлелдеді.
Гендерлік және жыныстық бағдар тұлғасы жайлы пікірталастың артуы көптеген әйелдердің өздерін қалай белгілейтініне және өз-өзіне деген көзқарасына әсерін тигізді. Батыс мәдениетіндегі адамдардың көпшілігі гетеросексуалдық барлық адамдарға туа біткен қасиет деген түсінікті меңгеріп өседі. Сондықтан да, әйел адам өзінің басқа әйелге деген романтикалық және жыныстық сезімдегін байқаған жағдайда, ол «экзистенциалды дағдарыс»-қа ұшырауы мүмкін; бұл құбылысты басынан кешірген көптеген адамдар гомосексуалдар туралы стереотиптерде гомосексуалдық субмәдениет ішінде қалай жұмыс істеу керектігін білу үшін қоғамның ұсынған түсініктерінен бас тартып, лесби тұлғасын қабылдайды. Батыс мәдениеттерінде лесби тұлғасының, әдетте, этникалық негізде құрылған тұлғаларға ұқсастықтары болады; олар ортақ тарих пен субмәдениетке ие болады және екі топтың да көптеген лесбилердің гетеросексуалдық принциптерден бас тартуына себеп болған кемсітушілікке қатысты ұқсас тәжірибелері болады. Лесби тұлғасы ер гей адамдар мен мен гетеросексуалды әйелдерден бөлек тұлға, және де ол бисексуал әйелдермен жиі шиеленіс тудырады. Сондай дау-дамайдың бір нүктесі - ерлермен жыныстық қатынасқа түскен лесбилер. Яғни ерлермен ешқашан жыныстық қатынасқа түспеген лесбилер кейде «алтын жұлдызды лесбилер» болып қарастырылатын болсв, ерлермен жыныстық қатынаста болғандар басқа лесбилердің келеке-мазағына қалуы, немесе лесби сөзінің мағынасын анықтауға қатысты өз тұлғасын анықтаумен байланысты қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Зерттеушілер, соның ішінде әлеуметтанушылар мінез-құлық пен тұлғаның бір-біріне сәйкес келмеуінің жиі кездесетінін айтады: әйелдер өздерін гетеросексуал деп атай отырып, әйелдермен жыныстық қатынаста болуы мүмкін, ал өзін лесбилер қатарына жатқызатын әйелдер ерлермен жыныстық қатынасқа түсуі мүмкін, немесе әйелдер өздерінің өзгеріске ұшырамайды деп санаған жыныстық тұлғаларының уақыт өте келе өзгеріске ұшырағанына тап болуы мүмкін. Лиза М. Даймонд және т.б. “лесби және өзгермелі әйелдер өз жыныстық мінез-құлықтарында бисексуал әйелдерге қарағанда эксклюзивті болады” және ‘лесби әйелдер көбінесе бір жынысты тартыластар мен мінез-құлықтарға бейім болып келеді” деп жазған. Яғни, олардың айтуынша, лесбилер “түбінде” лесбилік бағытты көрсетеді.
2001 жылы жазылған медициналық және денсаулық зерттеулері үшін лесбилерді саралау туралы мақалада лесбилерді тұлғаның үш сипаттамасын ғана, яғни тек жыныстық мінез-құлық немесе екеуін біріктіріп пайдалану арқылы анықтау ұсынылды. Мақала қалау немесе тартымды олардың өлшелмелі денсаулыққа немесе психоәлеуметтік мәселелерге сирек жағдайда ғана әсер ететіндіктерінен саралауға енгізуден бас тартты.
Зерттеушілердің айтуынша лесби сөзінің стандартты анықтамасы жоқ, себебі “[бұл] термин әйелдермен ғана, немесе еркектермен жыныстық қатынасқа (яғни мінез-құлық) қосымша ретінде әйелдермен жыныстық қатынасқа түсетін, өздерін лесби(яғни, тұлға) деп белгілейтін, жыныстық қалаулары әйелдерге бағытталған (яғни,құмарлық немесе тартым) әйелдерді сипаттау үшін қолданылған;”
Сонымен қоса, “лесби сөзінің стандартты анықтамасының және кімнің лесби екенін анықтайтын стандартты сұрақтардың болмауы лесби әйелдердің саныннақты анықтауды қиындатады”. Зерттеу үлгілерінің қай жерден және қандай жолмен алынғаны да анықтамаға әсер етуі мүмкін.
Батыс мәдениетінен тыс
Таяу Шығыс
Араб тіліндегі тарихи жазбаларда әйелдер арасындағы жыныстық қатынасты сипаттау үшін әртүрлі терминдер қолданылған. Кең таралғаны – «үйкеу» әрекетін білдіретін «сахқ» сөзі. Алайда лесбилік тәжірибелер мен тұлғалар тарихи жазбаларда кездеспейді. Бүгінгі таңда араб тіліндегі лесбилікті сипаттайтын жалпы термин негізінен еркектерді сипаттау үшін қолданылатын термин болып табылады, сондықтан ерлер мен әйелдердің гомосексуализмі арасындағы айырмашылық қазіргі заманғы куир дискурсында белгілі бір дәрежеде лингвистикалық тұрғыдан көмескіленген. Тұтастай алғанда, аймақтағы қазіргі лесбилік тәжірибені зерттеу кейбір ғалымдар «гомонационализм» деп атайтын ұғыммен, яғни ішкі саясатта немесе және халықаралық сахнада белгілі бір ұлттық мүдделерді ілгерілету үшін сексуалдық категорияларға саясиландырылған түсінікті пайдаланумен қалыптастырылған постколониялық контексттегі билік динамикасымен күрделілендірілген.
Әйелдердің гомосексуалдық мінез-құлқы кез келген мәдениетте кездесуі мүмкін, дегенмен лесби, яғни, тек басқа әйелдермен жұптасатын әйел ұғымы жиі кездеспейді. Әйелдердің гомосексуалдық мінез-құлқына деген көзқарас әр қоғамдағы әйелдердің рөліне және әрбір мәдениеттің жыныстық анықтамасына байланысты. Таяу Шығыстағы әйелдер тарихта ерлерден бөлектенген. 7-8 ғасырларда, яғни гендерлік рөлдер қатал болмаған кезде кейбір ерекше әйелдер ерлердің киімін киген, алайда еуропалық әйелдерге тән жыныстық рөлдер исламдық әйелдермен байланыстырылмаған. Бағдадтың халифалық сотында ерлер сияқты киінген әйелдер, соның ішінде жалған сақал-мұрт таққан әйелдер болған, алайда олар ерлердің назары үшін басқа әйелдермен бәсекеге түскен.
Шариф әл-Идрисидің 12 ғасырдағы жазбаларына сәйкес, ақылды әйелдердің лесби болуының ықтималдығы жоғары; олардың интеллектуалдық қуаты оларды ер адамдармен теңестіреді. Гаремде өмір сүрген әйелдер арасындағы қарым-қатынас және әйелдердің түрік моншаларында жыныстық қатынасқа түсуінен қорқыныш ер адамдардың жазбаларында көрініс алады. Әйел адамдарға көбінесе сөз берілмеген және ер адамдардың да лесбилік қарым-қатынас туралы жазуы сирек. Әдебиетте аталған лесбиліктің сирек кездесетін жағдайларының нақты тарихи жазба әлде ер адамдарға арналған қияли жазбалар екендігі тарихшыларға түсініксіз. 1978 жылы Ирандағы қуғын-сүргін туралы трактат әйелдердің өз ойын білдіруге мүмкінтіктің болмағанын айтады:
“Бүкіл Иран тарихында [бірде-бір әйелге] мұндай тенденциялар жайлы сөз айтуға рұқсат етілмеген ... Лесбилік құмарлықты растау кешірілмейтін қылмыс болар еді.”
Исламдық гомосексуализм авторларының бұның әйелдердің лесбилік қарым-қатынаста бола алмайтынын білдірмегенін айтқанымен, 1991 жылы лесби антропологы Йеменге барып, ол барған қаладағы әйелдер оның басқа әйелмен романтикалық қарым-қатынасын түсіне алмайтынын хабарлаған. Пәкістандағы әйелдеден ер адамдарға тұрмысқа шығу күтіледі, ал ер адамға тұрмысқа шықпаған әйелдер қоғамнан шеттетіледі. Алайда, олардың әйелдік міндеттері орындалған жағдайда, және олардың жеке мәселелері құпия сақталып, олар араласатын әйел өз сүйіктісіне отбасылық немесе логикалық қызығушылықпен байланысты болған жағдайда, әйелдер басқа әйелдермен жақын қарым-қатынаста бола алады.
Аймақта өзін лесби санайтын немесе лесбилік әрекеттермен айналысатын адамдар отбасылық зорлық-зомбылық пен қоғамдық қудалауға, оның ішінде әдетте «намыс үшін өлтірулерге» ұшырауы мүмкін. Кісі өлтірушілер өздерін адамның жыныстық азғындығына, (некеден тыс) пәктігін жоғалтуына байланысты сылтаулармен ақтайды және бұндай қылмыстардың кесірінен көбінесе әйелдер зардап шегеді немесе көз жұмады.
Америкалар
Американың кейбір байырғы халықтары өз мәдениеттерінде әдетте ер адамдар атқаратын рөлдерді орындайтын және ер адамдар сияқты киінетін әйелдер үшін үшінші жынысты қалыптастырған. Кейбір жағдайларда олар жынысты спектр ретінде қарастырып, жай және еркекшора әйелдер үшін әртүрлі терминдерді қолдануы мүмкін. Дегенмен, бұл тұлғалар белгілі бір байырғы мәдениеттердің салтанатты және мәдени өмірінің контекстінде түп алған және «жай гей және үнді болу біреуді Қос-Рухты қылмайды». Адамның ақсақалдары беретін және растайтын бұл салтанатты және әлеуметтік рөлдер жыныстық бағдар мен гендерлік сәйкестік туралы жергілікті емес ұғымдармен анықталған кезде «түсініксіз». Керісінше, оларды байырғы контекстте, яғни адамның жергілікті қауымдастығындағы дәстүрлі рухани және әлеуметтік рөлдері ретінде түсіну керек.
Латын Америкасында лесбилік сана мен бірлестіктер 1970 жылдары пайда болып, бірнеше мемлекен демократиялық үкіметтерге көшкен немесе реформалаған кезде арта түсті. Алайда қудалау мен қорқыту тіпті гомосексуализм заңды болып табылатын жерлерде де жиі кездеседі және гомосексуалдарды қудалау үшін балаларды азғындауға қарсы, адамгершілік немесе «жақсы жолдар» (faltas a la moral o las buenas costumbres) заңдары қолданылған. Латынаммерикалық көзқарас бойынша, кейбір феминистердің лесбофобиясы мен гей еркектердің мизогиниясы арасындағы қақтығыстар лесбилер мен олармен байланысты топтар үшін қиындықтар туғызды.
Аргентина 1969 жылы құрылған Nuestro Mundo (NM немесе Біздің Әлем) деген гей құқықтарын қорғайтын ұйымы бар Латын Америкасындағы алғашқы ел болды. Осы уақытта гейлер немесе лесби мәселелеріне шоғырланған алты құпия ұйым құрылды, бірақ қудалау мен қудалау үздіксіз болып, 1976 жылы Хорхе Рафаэль Видела диктатурасы кезінде, барлық топтар Лас соғыста таратылғаннан кейін одан да нашар күйге жетті. Лесбилердің құқықтарын қорғау топтары 1986 жылдан бастап бірте-бірте гетеросексуалды әйелдермен философиялық айырмашылықтарды жеңуге жұмыс істейтін ұйымшыл қауымдастық құру үшін құрылды.
Латын Америкасының лесби қозғалысы Мексикадағы ең белсенді қозғалыс болды, бірақ тиімділік пен біртұтастықта ұқсас проблемаларға тап болды. Топтар лесби мәселелері мен мүдделерін алға жылжытуға тырысқанымен, олар гей-ерлердің мизогинистік көзқарастары мен гетеросексуалды әйелдердің гомофобтық көзқарастарына тап болады. 1977 жылы мексикалықтардың алғашқы лесби ұйымы Лесбос құрылды. Лесбилік мәселелерді насихаттайтын саяси топтардың бірнеше инкарнациялары дамыды; 1997 жылы Мехико қаласында 13 лесбилік ұйым белсенді болған. Алайда, сайып келгенде, лесбилік қауымдастықтардың гомосексуалдық және феминистік қозғалыстарға әсері аз болды.
Чилиде Августо Пиночеттің диктатурасы 1984 жылға дейін лесбилік топтарды құруға тыйым салған, ал Аюкеленнің («Мапуче тілінде, «болу қуанышы») алғаш рет құрылуына «Қарғыс атқыр лесби!» деп айқайлай отырып әйелді жаппай ұрып-соғу оқиғасы себеп болды. Лесби қозғалысы Чилидегі феминистік қозғалыспен тығыз байланысты болды, дегенмен олардың қарым-қатынастарында шиеленістер де болып тұрды. Аюкулен халықаралық лесбилік ақпарат қызметімен, халықаралық лесбилер, гейлер, бисексуалдар, транс және интерсекстер қауымдастығымен және чилидегі гейлердің құқықтарын қорғайтын Movimiento de Integración y Liberación Homosexual (гомосексуалдарды біріктіру және босату қозғалысы) тобымен әлі күнге дейін Чилиде күшін жоймаған содомия туралы заңның күшін жою үшін жұмыс істеді.
Лесбилік сана 1986 жылы Сандиниста ұлттық азаттық майданы гейлер мен лесбилерді өз ортасынан қуып шығарған кезде Никарагуада көзге түсе бастады. Мемлекеттік қудалау ЖҚТБ мәселесі алаңдаушылық тудырмайынша, білім беру әрекеттері жыныстық азшылықтарды біріктіруге мәжбүрлегенше, бірлестіктердің құрылуына жол бермеді. Алғашқы лесбилік ұйым 1989 жылы құрылған Носотрас болды. 1991 жылдан 1992 жылға дейін көрінуді ынталандыру әрекеті үкіметті гомосексуализмді заңсыз деп жариялауға итермеледі, 1994 жылы қозғалыстың іс жүзінде тоқтауына әкеліп соқты. 2004 жылы, яғни гомосексуализм қайтадан заңды болғанға дейін төрт жыл бұрын,
Grupo Safo – Grupo de Mujeres Lesbianas de Nicaragua құрылып қозғалыс өз жұмысын жалғастырды.
Латын Америкасы мен Кариб бассейнінің феминистік лесбилерінің кездесулері (кейде «лесби кездесулері» деп қысқартылады) 1980 жылдардың соңынан бастап Латын Америкасы лесбилері үшін идеялар алмасу үшін маңызды форум болды. Айналмалы хосттар мен екі жыл сайынғы жиналыстармен оның негізгі мақсаттары - коммуникациялық желілерді құру, Латын Америкасындағы лесбилердің жағдайын өзгерту (заңды және әлеуметтік тұрғыдан), лесбилер арасындағы ынтымақтастықты арттыру және олар туралы бар мифтерді жою.
Африка
Африканың 30-дан астам қоғамында әйелдер арасындағы гендераралық рөлдер мен неке тіркелген. Әйелдер басқа әйелдерге үйленіп, балаларын өсіре алады және Нигерия, Камерун және Кения қоғамдарында әдетте ер адамдар ретінде қарастырылуы мүмкін. Суданның хауса халқы лесби сөзіне балама, кифи деген сөзге ие, және бұл термин ерлерге қатысты да қолданылады, бұл «бірде-бір тарап белгілі бір жыныстық рөлге байланбаған» деген мағынаны білдіреді.
Конго өзенінің маңында Нкундо халқының арасында басқа әйелмен күшті эмоционалдық немесе жыныстық қатынасқа қатысатын әйел яикя бонсанго (басқа әйелге қысым жасайтын әйел) деп аталады. Лесбилік қатынастар Ганадағы матрилиниялық қоғамдарда Акан халқының арасында да белгілі. Лесотода әйелдер Батыс әлемі үшін әдетте жыныстық мінез-құлық ретінде қарастырылатын әрекеттермен айналысады: олар сүйіседі, бірге ұйықтайды, жыныс мүшелерімен үйкелесіп, куннилингусқа қатысады және басқа әйелдермен қарым-қатынасына сақ болады. Лесото тұрғындары жыныстық қатынас пенисті қажет етеді деп есептейтіндіктен, олар өздерінің мінез-құлқын сексуалды деп санамайды және өздерін лесбилерге жатқызбайды.
Оңтүстік Африкада гетеросексуал ерлер «анормальды» мінез-құлықты жазалау және қоғамдық нормаларды күшейту мақсатымен лесбилерді зорлайды. Бұл қылмыс түрі алғаш рет Оңтүстік Африкада анықталған. Бұл қылмыс түрін кейбір жағдайларда әйелдің отбасы немесе жергілікті қауымдастық мүшелері қадағалайды және ол оңтүстік африкалық лесбилер арасында АИТВ-инфекциясын жұқтырудың негізгі факторы болып табылады. «Түзеуші зорлауды» Оңтүстік Африканың құқықтық жүйесі жек көрушілік қылмысы ретінде мойындамайды, дегенмен Оңтүстік Африка Конституциясы ешкімді әлеуметтік мәртебесі мен жеке басына, соның ішінде жыныстық бағдарына байланысты кемсітуге болмайды деп мәлімдейді. Заңды түрде Оңтүстік Африка гейлердің құқықтарын кеңінен қорғайды, бірақ үкімет түзететін зорлаудың алдын алу үшін белсенді әрекет жасамады, ал әйелдердің полицияға және олардың тергеулеріне сенімі аз.
Қазіргі кезде Оңтүстік Африкада түзеу зорлау фактілері көбеюде . Оңтүстік Африкадағы «Luleki Sizwe» бейкоммерциялық ұйымының есептеулері бойынша, апта сайын 10-нан астам лесби зорлауға немесе топтасып зорлауға ұшырайды . 2008 жылы «Үшбұрыш жобасы» жариялағандай, жыл сайын кем дегенде 500 лесби “түзеткіш зорлаудың” құрбаны болады және Батыс Кейптегі қара лесбилердің 86 пайызы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраудан қорқады. Түзетуші зорлау құрбандарының қоғамдағы гомосексуалдыққа қатысты теріс пікірге байланысты қылмыс туралы хабарлауының ықтималдығы төмен.
Азия
Екі әйелдің жыныстық қатынасын бейнелейтін Жапониялық тарихи шунга ағаш тақтайшасы
Қытай батыстануға дейін еркектерді әйелдерден бөлектейтін қоғам болған. Тарихи Қытай мәдениеті жыныстық бағдар тұжырымдамасын немесе адамдарды бір жынысты немесе қарама-қарсы жынысты тартылуына қарай бөлуді мойындаған жоқ. Гомосексуал ерлердің айналасында маңызды мәдениет болғанымен, оған ұқсас әйелдерге арналған мәдениет жоқ. Күйеулеріне ұл туу міндеттерінен басқа әйелдер сексуалдыққа мүлдем ие деп есептелмейлі.
Бұл әйелдердің басқа әйелдермен жыныстық қатынасқа түсе алмағанын білдірмейді, бірақ мұндай қауымдастықтар әйелдердің ер адамдармен қарым-қатынасына әсер ете алмады. Лесбилік туралы сирек сілтемелер Йинг Шао жазбаларында кездеседі, олар императорлық соттардағы әйелдердің өзін дуи ши (жұптасып тамақтану) кезінде күйеу мен әйел ретінде ұстайтын бір жынысты қатынастарды анықтады. Оңтүстік Қытайдағы «Алтын орхидеялар қауымдастығы» 20-шы ғасырда жұмыс істеп, әйелдер арасындағы ресми неке құруға ықпал етті, және оларға бала асырап алуға рұқсат берді. Вестернизация бала тууға әкелмейтін барлық жыныстық мінез-құлықты ауытқушылық деп санайтын жаңа идеяларды әкелді.
1865 жылдан бастап жібек фабрикаларында жұмыс істеу еркіндігі кейбір әйелдерге цзы-шу нии (ешқашан үйленбеу) стилінде киінуге және басқа әйелдермен бірге өмір сүруге мүмкіндік берді. Басқа қытайлықтар оларды үйленген әйелдердің шаш үлгісін қабылдау үшін су-хэй (өзін-өзі тарайтын) деп атады. Бұл коммуналар Ұлы Депрессияға байланысты жойылып, кейіннен феодалдық Қытайдың қалдығы саналып, коммунистік үкімет тарапынан ынтасыздандырылды. Қазіргі Қытай қоғамында гомосексуалдарға қатысты тоңжи (бір мақсат немесе рух) термині қолданылады; Қытайлардың көпшілігі лесбилерді бөліп қарастыру үшін бұдан әрі жіктеуді қаламайды.
Жапонияда «лесби» сөзінің жапондық айтылуы резубиан термині 1920 жылдары қолданылған. Батыстандыру әйелдер тәуелсіздігін арттырып, кейбір жапон әйелдерінің шалбар киюіне мүмкіндік берді. Томбой сөзі Филиппиндерде, әсіресе Манилада еркекшора әйелдерді белгілеу үшін қолданылады. Кореядағы әдепті әйелдер ана болуды, пәктік пен пәктікке басымдық береді; Ккириккири деп аталатын лесбилерге арналған ұйым дамып келе жатқанымен, бұл шеңберден тыс, әйелдердің басым бөлігі өзін жыныстық қатынас арқылы еркін білдіре алмайды. Пондан термині Малайзияда гейлерге қатысты қолданылады, бірақ лесбилерге сілтеме жасайтын тарихи контекст болмағандықтан, бұл термин гомосексуал әйелдер үшін де қолданылады. Азияның көптеген елдеріндегідей, ашық гомосексуалдық көптеген әлеуметтік деңгейлерде қабылданбайды, сондықтан көптеген малайзиялықтар екі жақты өмір сүреді.
Үндістанда 14-ғасырдағы өз махаббатының нәтижесінде балалы болған лесби жұбы жайлы үнді мәтіні бұл елдегі әйелдер гомосексуалдығы туралы жалпы үнсіздіктен ерекшелік болып табылады. Рут Ванитаның айтуынша, бұл көрінбеушілік 1996 жылы «От» фильмінің шығуымен жойылған, алайда бұл фильмнің шығуына байланысты Үндістандағы кейбір театрларға діни экстремистер шабуыл жасаған. Гомосексуалдарды белгілеу үшін қолданылатын терминдерді үнділік белсенділер империалистік ықпалдың нәтижесі деп жиі қабылдамайды, бірақ гомосексуалдық туралы талқылаулардың көпшілігі ер адамдарға арналған. Үндістандағы әйелдер құқықтарын қорғау топтары лесбилер мен әйелдер гомосексуалдығына бағытталған материалдар жиі басып-жаншылуына байланысты өздерінің платформаларында лесби мәселелерін қосудың орындылығын талқылауда.