Университетте оқып жүрген кезімде бір группаласым бар еді. Шіркін, көздері ботаның көзіндей, аққұба жүзді, сұлу да сымбатты жігіт болатын. Жасырып не қылайын, мен оған өлермен ғашық едім.