Мақалалар
Махаббатқа күйген
Бізге Шымкент қаласынан күйінішті жағдайға тап болған Диас жазды. Ол ақшасыз және баспанасыз қалды. Осыған қоса бейтаныс адамдар оның интимді суреттерін қолданып, Диастан ақша талап еткен. Біздің Diyar атты волонтерымыз одан сұхбат алды.
Қазақстан гейлеріне қан доноры болуға мүмкіндік бар ма?
Донорлық қан күніне жүздеген адамдарға қажет. Әрине, сақтаулы қорлар бар, бірақ оны әрқашан жаңартып отыру керек. Неге? Себебі статистикаға сүйенсек, адамзаттың тек 15 пайызы ғана қан тапсыра алады. Енді байқап қарасаңыз, донор болатын адамдардың қаншасы жиі қан тапсырып тұрады? Сондықтан әр донор бола алатын адам қаны қор үшін өте қымбат. Тіпті донор гей болған күннің өзінде ме?
Jose Xtravaganza: өнер, жанұя және шабыт
Бұл жылы әлем індетпен күресуде. Соған орай, үйде отырып түрлі онлайн шараларға қатысуға болады. Осылайша, біздің қоғамдастықты қолдау мақсатында АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы заманауи бидің ең танымал бағыты - вогингке арналған кең ауқымды бағдарлама ұйымдастырып, қонаққа Хосе Гутьересті шақырды. Ол хореограф, атақты “Pose” сериалының қатысушысы, Madonna-ның "Vogue" бейнеклипіндегі билерді қоюға жауапты маман, сонымен қатар Xtravaganza үйінің “әкесі”. Өткен маусым айы - ЛГБТ-ортасының прайд айы деп танылады. Соған орай, қоғамдастықты індет кезінде қолдау мақсатында, Хосе Гутьереспен өткен шағын сұхбатты оқи отырыңыздар.
"Қуат Хамит ЛГБТ-дан халық алдында кешірім сұрамайынша, ММА-да өнер көрсете алмайды": Kok.team отандық спортшыға жауап берді
Данияр Сәбитовтың айтуынша, Қуат Хамитовтың ЛГБТ өкілдерінен кешірім сұрауы мәселені түбегейлі шешпесе де, кей адамдардың өмірін сақтап қалуға сеп болар еді.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне Kok.team сайтының баяндамасы
Әмбебап мерзімді шолудың 34-ші сессиясындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңеске баяндама (қазақ тіліне бейресми аударма)
"Аяғымды сындырды". ЛГБТ өкілін соққыға жыққан
Нұр-Сұлтанда 21 жастағы ЛГБТ өкілі екі адамнан таяқ жеп, зорлық көргенін айтады. Сөзінше, әлеуметтік желіде бір жігітпен танысып, соңынан алданып қалған. Қазір күдіктілер қамауда отыр.
Қазақ квир отбасының арифметикасы
Мен үйлену той жасағым келеді. Жай ғана үйлену той емес, нағыз қазақша үйлену той. Шал-кемпірлер ортаға шығып жарты сағаттан бата беріп, ағалар мас болып, жеңгелер содан күйіп-пісіп жүретін, іні-қарындастар ортада асабаның аяғына оратылып жүгіріп жүретін үйлену той.
Біржынысты некеге қарсы 10 дәлел
Біржынысты неке үшін күрес әлем бойынша әлі де жалғасып келуде. Бұл сұмдықтың бетін ашатын 10 дәлел — назарларыңызға. Неге біз ақырзаманға жол бермеуіміз керек десеңіз, оқыңыз.
ГОМОФОБИЯДАН АРЫЛУДЫҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ
Біздің президентіміз Қазақстан халқының бірлігін нығайту керек деп жиі айтады. Бұл әрі қарай дамуымыздың басты шарты дейді. Ал, адамзат тарихында бірде бір адам гей болуын тоқтата алмағандықтан, біздің қоғамымыздағы гомофобияны емдеуге тура келеді. Бірлігімізді нығайту үшін.